1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


Нарықтық экономика мен демократия бірінсіз-бірі болуы мүмкін емес



Pdf көрінісі
бет38/72
Дата12.03.2022
өлшемі4,71 Mb.
#135392
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
5fe23c89029c5cd8c8b7a6330b07df91

Нарықтық экономика мен демократия бірінсіз-бірі болуы мүмкін емес.
Қысқа ғана уақыт ішінде 1993 жылдың аяғында ұлттық валютамыз «теңге» 
айналымға түсті, қазір оның бағамы тұрақты. Нарықтық экономиканы табанды 
жүргізудің нәтижесінде макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткіздік. Тиімді 
құқықтық база құрылды. қазіргі заманғы ақпараттық технология өркендеп, отандық 
өндіріс қарқын алып келеді. 
Қазақстанның ішкі экономикасын көтеру арқылы инвестициялық ахуалын 
жақсартуқа негіз қаланды. Мысалы, он жылдың ішінде еліміздің экономикасына 12,5 
млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылды. Экономикалық 
жаңарулар өз нәтижесін көрсетуде. Мұндай көрсеткіштер жақынан ҚР-сы ТМД елдері 
арасында оқ бойы озық тұр.
Біздің банктеріміз түп тамырымен өзгерді. Түбегейлі жаңа бюджет пен салық 
жүйелері түзілді, баға мен саудаға ырық берілді. Белгіленген бағдарламаларды дәйекті 
жүзеге асыру экономикамызды терең құрылымдық реформаларға бастады. Осы 
жылдардың ішінде жеке меншік, кәсіпкерлік шағын бизнес белсенді түрде енгізіліп
оларға қолдау көрсетілді. Мыңдаған орта және ірі кәсіпорындар сатылды немесе жеке 
меншіктің басқарылуына берілді, менеджмент алмасты.
«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарлама - ол тәуелсіз мемлекеттердің болашағын 
анықтап, айқындайтын бағдарлама. Мысал: Соғыстан күйреп шыққан Жапония 
мемлекеті елінің дамуының 50 жылдық жоспарын жасаған болатын. Мыңдаған жылдық 
өркениеті бар қытай мемлекетінде өткен ғасырдың 70 жылдарының аяғында қытай елін 
дамытудың 100 жылдық бағдарламасы жасалды. Сондықтан ел басымыздың «Қазақстан 
2030» стратегиялық бағдарламасы еліміз бен халқымыздың 2030 жылқа дейінгі жетер 
жерін, шығар биігін анықтауға деген қажетті 7 басымдылығы: 1.Ұлттық қауіпсіздік. 2. 
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. 3.Экономикалық өрлеу. 4. Қазақстанның 
азаматтарының денсаулықы, білімі мен әл-ауқаты. 5. Энергия ресурстары. 6. 
Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. 7. Кәсіби мемлекет.
Негізгі міндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы басатын мемлекеттік 
қызмет пен басқару құрлымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау.
Негізгі мақсат - Қазақстанның тарихи, табиғи, мәдени, рухани байлықтарын 
дамытып, күллі мүмкіндіктерін нақты нәтижеге қол жеткізіп, 2030 жылға қарай Орталық 
Азия барысына айналдыру. 
2014 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ» атты жаңа жолын ұсынды. 
2014 жылы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа жолын 
ұсынды. Бұл жолдаулар еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарларын 
қамтиды. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. 
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы 
жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. 
2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет