Қазақстанның демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық
еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды. Көппартиялықты
құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 5
бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер
туралы» (31.5.1996) және «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) Заңдарында
қамтамасыз етілді. Қазақстанның көппартиялық жүйе дамуының келесі
кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан
республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның
аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық «Отан» партиясы (1999
ж. 19 қаңтар), «Азамат» демократиялық партиясы (1999 ж. 27 наурыз),
Қазақстан әйелдерінің демократиялық паартиясы (1999 ж. 21 маусым),
Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды.
«Саяси партиялар туралы» Заңға 2002 ж. өзгертулер енгізілуіне
байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның
аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы,
Қазақстан коммунистік партиясы, Республикалық «Отан» саяси партиясы,
Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социал-демократиялық
«Ауыл» партиясы қайта тіркеуден өтті.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес,
бүгінгі таңда Қазақстанда 7 саяси партиялар тіркелген, олардың қатарында-
«Нұр Отан», «Ақжол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік
партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Ауыл» халықтық демократилық партиясы,
«Қазақстанның социал- демократиялық партиясы» және «Азат» демократиялық
партиясы.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы
күнге дейін демократияландыру үдерісін жүргізіп келеді: демократиялық
дамыған мемлекеттерге сай, Конституция қабылданып, биліктің үш тармағы
орнатылды, сөз бостандығы жарияланды, цензураға тиым салынды, жалпыға
бірдей сайлау құқығы енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: