1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет17/72
Дата12.03.2022
өлшемі4,71 Mb.
#135392
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
Байланысты:
5fe23c89029c5cd8c8b7a6330b07df91

7. Халықтың тылдағы ерлігі. 
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 
жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы 
еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында 
еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, 
әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды 
ерлердің сандық үлесі - 20%, әйелдер - 58%, жасөспірімдер - 22% болды. 
Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен 
қарт адамдар қамтамасыз етті. 
Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік 
емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп 
отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 
4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. 
Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. 
Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында 
күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық 
тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа 
артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, 
кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. 
Әйелдер балаларын үйге тастап, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын 
белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында 
соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, 
қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен. 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы 
колхозында 74 жастағы қарт ана - Анар Садықова - жұмыс істесе, Семей 
облысы, Абай ауданының «Шолақ еспе» артелінде 70 жасар қария - Кенебаев 
еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл 
ауданының «Құрман» колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 
155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы - 1 га-дан 202 ц. 


тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, 
«Авангард» колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-
дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-
дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 
106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада 
Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. 
«Ойыл» ауданы, «Кемерші» совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек 
ауданы «Төңкеріс» колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. 
тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. 
Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рульдеріне отырды. Мысалы, 
Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында 
Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайнын жүргізіп, 2 күнде 87 
гектардан астық жинады. 
1942 жылы 450 мың гектар тың және тыңайған жер жыртылып, егін 
салатын жер ауданы 17%-ке өсті. Осы жылы Қазақстанда 6809 колхоз болды, 
оларда еңбек етуге жарамды 4912001 ерлер, 593407 әйелдер еңбектенді. 
Нәтижесінде 1942 жылы Қазақстанда егін жақсы шығып, республика 
бойынша 84,3 млн. пұт астық жиналды. Батыс Қазақстан, Оңтүстік 
Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Семей облыстары 
астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындады. 1943 жылдан 
бастап республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 
мың га болса, 1945 жылы 6039,9 гектарға кеміді. Себебі, 1943 жылдан бастап 
жаудан азат етілген жерлерге егін салу жандана бастады. Керісінше, картоп, 
бау- бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер 
1940 жылы 214,2 мың гектар егістікке егілді. Сондықтан 1944 жылы 
колхоздар мен совхоздар мемлекетке 1943 жылмен салыстырғанда 18,2 млн 
пұт қант қызылшасын, 7 ц. көкөніс, 150 000 ц. мақта артық өткізді. Бұл 
жылдары республиканың барлық колхоздары мен совхоздары жоспарларын 
орындаумен шектелмей, асыра орындауға бар күштерін салды. Мысалы, 
Қарағанды облысының Осакаровка ауданы 1943 жылы 1944 жылмен 
салыстырғанда мемлекетке 2 млн. пұт астық артық тапсырды. 
Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орнына жұмыс 
істеу қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру барысында мемлекет 
тарапынан ұйымдастырылған әртүрлі жарыстарға қазақстандық малшылар да 
көптеп тартылды. Мысалы, 1942 жылы бүкілодақтық малшылар жарысынан 
қазақстандықтар бірінші орын алды. Сандық көрсеткіш бойынша 1942 
жылдың соңында мал басы 1,5 млн. немесе 1942 жылдың басындағы 
көрсеткіштен 17%-артты. Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, 
Павлодар облыстары алда болды. 
Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тәртіп тарапынан 
көптеген шаралар жүзеге асырылады. 1941 жылдан бастап әрбір колхоз-
совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар ауылшаруашылық 
жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспарын орындай алмаған 
шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-
совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, 


жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. 
Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе 
тәртіптерінен жоғары тұрды. 
Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-
жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің 
комсомолдары Мәскеу түбіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін 
қаржы жинауды бастайды. Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын 
бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 
жылдың қыркүйегінде «Қазақстан комсомолы» деген жазумен Сталинград 
майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында жұмыс істеп, 
металл қалдықтарын жинап, «Қазақстан пионері» фондына 4 млн. сом ақша 
жинады. Бұл ақша «Қазақстан пионері» атты коллоннаны жабдықтауға 
жұмсалды. 
С.И.Киров 
атындағы 
Қазақ 
мемлекеттік 
университеті 
студенттерінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері 
«Кеңестік студент» деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша 
жинады. Танк колонналары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Республикада 
480 млн. жуық ақша жиналып, Қорғаныс Комитетіне тапсырылды. 1943 
жылы Алматы қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл 
кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға жаңа ұшақ 
сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары жинаған қаржыға И.Павловқа, Н. 
Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар, Кеңес Одағының батыры 
Қ.Сыпатаев атындағы суасты қайығы жасалынды. Республика тұрғындары 
өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп, 20-дан 
астам құрамалар мен әскер бөлімдерін шефтікке алып, жауынгерлерге 2 млн. 
астам жылы киім, 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті. 
Сонымен қатар, қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық 
көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын, 
35 ауданын, Ленинград облысының 12 қаласын, Калинин облысының 
аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. Сол сияқты Москва, Курск 
облыстары, Солтүстік Кавказ, Белоруссия, Украина және т.б. республика 
тұрғындарына көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған 
Сталинградта трактор зауыты мен «Красный октябрь» зауытын қалпына 
келтіру жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол аттанды. 
Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 
20000-нан астам мамандарды жіберді. 
Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен үлес 
қосты. Олардың қатары Кеңес Одағының батыс аудандарынан уақытша 
көшірілген ғылым мен өнер қайраткерлері негізінде толықтырылды. Соғыс 
жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым институттары көшіп келді. Олардың 
ішінде КСРО Ғылым Академиясының физиология институты, Украина 
Ғылым Академиясының физика-механика институты, Мәскеу, Ленинград, 
Киев институттары болды. Осы жылдары Қазақстанда В.Вернадский, 
В.А.Обручев, А.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д. Греков, С.Н.Бернштейн 
және т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақстанға Ресей, Украина, 
Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың 


ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, 
О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко сияқты атақты жазушылар болды. 
Соғыс жылдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың 
«Ақын өлімі туралы аңызы», М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының 
бірінші кітабы, С.Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ 
солдаты», Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» повесі, Ж.Жабаевтың «Ленинградтық 
өрендерімі» дүниеге келді. 
Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыкалық 
мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941-1945 жылдары Алматының 
біріккен орталық киностудиясында кеңес киноматографиясының алтын 
қорына енген фильмдер түсірілді. Олар: «Секретарь райкома», «Они 
защищают Родину», «Воздушный извозчик», «Два бойца», «Фронт», «Жди 
меня», «Парень из нашего городка» т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге 
тарта кино қызметкерлері мен әртістер еңбектенді. Мысалға, С.Эйзенштейн, 
Г.Рошаль, Э.Тиссе, Н.Черкасов, Г.Александров, С.Васильев, И.Пырьев, 
Л.Орлова, Н.Крючков, В.Марецкая және т.б. Орталық киностудия 
қызметкерлерімен 
бірігіп, 
М.Әуезов, 
Ғ.Мүсірепов, 
Ә.Тәжібаевтің 
қатысуымен «8-гвардиялық», «Абай өлеңдері», «Жауынгер ұлы», «Саған, 
майдан» фильмдері түсірілді. 
Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімінде 
астрономиялық обсерватория, тіл, әдебиет пен тарих, химия-металлургия, 
топырақтану мен ботаника, зоология және өлкетану институттары ашылды. 
Қ.И.Сәтбаев бастаған қазақстандық ғалымдар қара, түсті және жиі кездесетін 
металдарды, тау пайдалы қазбаларын, су және гидроэнергетикалық 
ресурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыстар 
жүргізді. 
Соғыс жылдары Қазақстанға жоғары оқу орындары көшіріліп, көптеген 
орыс-қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. 
Олардың ішінде - Мәскеу авиация институты, Мәскеу түсті металл және 
алтын институты, біріккен Украина мемлекеттік университеті болды. 
Сонымен бірге соғыс жылдары Алматы мемлекеттік шет тілдер институты, 
Шымкент технологиялық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды. 
Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм 
қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың 
ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың 
есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап 
«Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» деген ұранмен соғысқа 
аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл 
еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің 
барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін 
танытты. 
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшiн бастан 
кешкен барлық соғыстардың iшiндегi ең ауыры болды. Соғыс елдi бiртұтас 
жауынгерлiк лагерге айналдыруды, бүкiл экономика мен Кеңес халқының 


күш-жiгерiн майдан мүддесiне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап 
еттi. Қазақстан еңбекшiлерi бұл мiндеттi толығымен қолдады. Соғыстың 
алғашқы 
күндерiнде-ақ 
Алматы, 
Жамбыл, 
Оңтүстiк 
Қазақстан, 
қырғызстаннан 
шақырылған 
жiгiттерден 
316-атқыштар 
дивизиясы 
жасақталды. Оның командирi болып азамат соғысына қатысушы генерал М.В 
Панфилов тағайындалды. 
Соғыстың бастапқы 3 айының iшiнде 238, 310, 314, 387, 391 – атқыштар 
дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейiн мұнда тағы бiр дивизия, 3 
бригада жасақталды. Соғыс кезiнде республикада 12 атқыштар және төрт 
атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер 
бригадалары, әуе күштерiнiң зеңбiрекшiлерiнiң полктерi, әр түрлi соғыс 
саласының 10-даған батальондары құрылды. Республика адам күштерiмен 
тек Қазақстандық құрамалар мен бөлiмшелердi ғана емес, сондай-ақ 
Қазақстаннан тыс жердегi басқа да құрамалар мен бөлiмдердi толықтырып 
отырды. қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарында барлығы 1,8 млн. 
казақстандықтар болды. Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңiл 
автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жiбердi. 
Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшiн резерв даярлау 
iсiне лайықты үлес қосты. 1941-45 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан 
астам жас Қазақстандықтар жiберiлдi, Республика жерiнде тұрған 27 әскери 
оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды. Ұлы Отан соғысының даңқты 
тарихының беттерiне жазылған Қазақстандықтардың ерлiк iстерi аз болған 
жоқ. Елiмiздiң басқа да халықтарының ұл-қыздары мен қатар бiздiң 
республиканың жастары да жаумен Балтық теңiзiнен қара теңiзге дейiнгi 
майдан шептерiнде ерлiкпен шайқасты. Даңқты Брест қамалын 
қорғаушылардың қатарында мыңдаған Қазақстандықтар болды. Олардың 
арасында‚. Жұматов, Иманқұлов, Е.Качанов тағы басқалар жаумен жан аямай 
шайқасып, ерлiктiң үлгiсiн көрсеттi. 
Әсiресе, Мәскеу түбiндегi шайқаста Қазақстандықтардың жауынгерлiк 
даңқы шықты. 1073-ұлан атқыштар полкiн басқарған майор Бауыржан 
Момышұлы, 316-дивизияның командирi Кеңес Одағының батыры И.В. 
Панфилов, панфиловшылар дивизиясы бөлiмдерiнiң саяси жетекшiлерi 
В.Клочков (Ресей байтақ, бiрақ шегiнер жер жоқ, артымызда Мәскеу), П. 
Вихров, М.Ғабдуллин, автоматшылар Т.Тоқтаров Р. Амандкелдиев гитлершiл 
басқыншылардың Мәскеу түбiнде талқандалуына зор үлес қосып, мәңгi 
өшпес iз қалдырды. 
Қазақстандық жауынгерлер Курск иiнiнде, Днепр, Ленинград үшiн 
шайқастрда жанқиярлықпен соғысты. Ленинград қоршауындағы әскери 
бөлiмдерде қызмет еткен Д.Шыныбековтың, С.Жылқышиевтың есiмдерi 
мақтанышпен айтылып жүрдi. 1942 жылы шайқастардың бiрiнде батыс 
Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегi Арыстан Ахметов өз 
есiмiн өшпес даңққа бөледi. Қуатты жарылғыш минамен жау танкiсiнiң 
астына түскен Қарсыбай Сыпатаев, капитан Н.Гостелонның ерлiгiн 
қайталаған Нұркен Әбдiров, жаудың пулементтен оқ шашып тұрған 
дзотының аузын өз кеудесiмен жапқан ленинград қорғаушысы Сұлтан 


Баймағанбетов қазақ жауынгерлерiн ерлiкке рухтандырды. Қазақстандық 
жауынгерлер Украинаны, Белорусияны, Балтық бойын, Молдавияны азат 
етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жiгiттерi Кеңес әскерiнiң құрамында шығыс 
Европа халықтарын Гитлердiң тепкiсiнен азат етуге атсалысты. Қазақстандық 
жауынгерлер Берлиндi алуға қатысты. Лейтенант Р.Қошқарбаев қатардағы 
жауынгер Г. Бұлатовпен бiрге Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тiктi.
Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерлiктер үшiн 96640 
Қазақстандықтар Кеңес Одағының орден медалдарымен марапатталды. 500 
ге жуық Қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi. Олардың 
101 қазақ. 
Ұлы Отан соғысы жеңiспен аяқталғаннан кейiн Қазақстан еңбекшiлерi 
бейбiт құрылысқа қайта оралды. Экономиканы бейбiтшiлiк жағдайға 
бейiмдеп қайта құру еңбекшiлердiң қоғамдық-саяси белсендiлiгi жағдайында 
жүргiзiлдi. Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай-ақ, жеңiл 
және тоқыма өнеркәсiбiн одан әрi өркендету көзделдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет