4.
1920-шы – 1950-ші жылдардағы жаппай сталиндік саяси қуғын-
сүргін.
Большевиктердің елде кеңес үкіметін орнату жолдары мен әлеуметтік
саладағы социалистік қайта құру саясаты қазақ зиялыларының қарсылығын
туғызды. Алайда, осы социалистік қайта құру саясатын жүзеге асыру үшін
белгіленген реформаларды пікір-талас негізінде талқылап, олардың дұрыс-
бұрыстығын анықтаудың орнына партия басшылары, өз көзқарастарын
білдірген қазақ партия және кеңес қайраткерлерін айыптады. Өлкедегі жалпы
большевиктік айыптау және қуғындау саясатының ең алғашқысы
түрікшілдікті айыптау болды. 1920 жылдың 20-26 қаңтарында Ташкент
қаласында Түркістан коммунистік партиясының конференциясы өтеді. Онда
мұсылмандар бюросының төрағасы Т.Рысқұлов «Ұлт мәселесі және ұлттық
коммунистік секциялар» туралы баяндама жасады. Онда Түркістан
республикасында Ресейден түбірлі айырмашылығы бар ұлт саясатын жүргізу
үшін ең алдымен негізі берік саяси ұйым құру қажеттілігі туралы айтылды.
Конференция Тұрар Рысқұлов ұсынысымен жаңа саяси ұйымды «Түрік
халықтарының коммунистік партиясы» деп атауга шешім қабылдады. Т.
Рысқұловтың түрікшілдік идеяны жүзеге асырудағы ең батыл қадамы
Мұсбюроның төтенше III конференциясында (1920 жылы 25 қаңтар)
«Түркістан автономиялылығы туралы» тезистерін қабылдау болды. Т.
Рысқұловтың Түрік республикасын құру туралы идеясы келешектегі түрік
мемлекеттерінің конфедерациясын құруға апаратын жол еді. 1917 жылы
Түркістан (Қоқан) автономиясын ұйымдастырған Мұстафа Шоқайдың арма-
ны да осындай конфедерациялық мемлекет құру еді. Алайда, большевиктер
Т.Рысқұловтың «Түрік республикасын құру» туралы идеясына қарсы шығып,
ұлтшыл деп айыптады.
1937-1938 жылдардағы Кеңес Одағындағы жаппай қуғын-сүргін туралы
ағылшын тарихшысы Роберт Конквест «Үлкен террор» деген кітап жазды.
Қазіргі тарих ғылымындағы «Үлкен террор» деген терминді ойлап тапқан сол
тарихшы болып саналады. «Үлкен террордың» авторы және жүзеге асырушы
И.В. Сталиннің өзі болып саналса, орындаушысы Н.Ежов пен Л.П. Берия
болды. Тарихшылардың зерттеуі бойынша «Үлкен террор» кезінде 1936-1939
жылдары Кеңес Одағы бойынша 778 мың адам атылған. Кеңестік
тоталитарлық үстемдік пен оның жүйесі халықтың санасын одан сайын
бұрмалап, адастырып жіберді. Біреудің сыртынан сөз тасуға орын берілді.
Қолдарына қамшы ұстаған патша шабармандарының орнына шолақ
белсенділер, кедейлер комитетінің мүшелері және сол тектес «қай-
раткерлер» пайда болды. Мылтықты адам заманның бас тұлғасына айналды.
Жұрт ешкімге сенбестен, іштей тынды. Бұқара халықтың қоғамдық санасын,
біріншіден, ең алдымен интеллектуалдарды нысанаға алып жою жолымен,
екіншіден, бүкіл майдан бойынша кең ауқымдағы идеологиялық шабуылдың
көмегімен улауға қол жеткізді. XX ғасырдың бас кезінде қалыптасқан қазақ
интеллигенциясының бетке шығарлары патшалық режим тұсында-ақ қуғын-
сүргінге ұшырады.
Сталин басшылыгымен қазақ зиялыларына тағылған айыптау айдарлары
«ұлтшылдықпен» шектелмеді. Сонымен қатар қазақ байларын тәркілеу
саясатын қолдамай, керісінше қазақ қоғамы сілкіністен гөрі көмекке зәру
деген көзқарастағы қазақ қайраткерлерінің пікірлерін айыптау кең етек алды.
1929 жылы партиялық үштіктер арыз айту бюросының қызметін күшейтіп,
барлық салада партия нұсқауымен «оңшыл және солшыл оппортунистік
уклонмен» күресу жұмыстарын өте қарқынды түрде жүргізді. 7 партия
конференциясында «солшыл жалаудың тасасына жиі-жиі жасырынатын
оңшыл-байшыл ағым делінетінмен» күресуге партия ұйымдарын шақырады.
Қазақстанда «оңшыл ағымға» Голощекиннің ауылда «Кіші Қазан» төңкерісі
қажет деген пікіріне қарсы шыққан С.Сәдуақасов және оның пікірлестері
жатқызылды.
Ал енді Қазақстанда қазақ кеңес және партия қайраткерлерін троцкизмге
айыптау Троцкийдің 1928 жылы Алматыға жер аударылуына байланысты
деуге болады. Алайда троцкистік оппозицияға қазақ қайраткерлерін жатқызу
көңілге мүлде қонымсыз еді. Себебі, қазақстандық саяси қайраткерлер
троцкизм тұрмақ әлі толық марксизм-ленинизм идеяларын толық
меңгермеген еді. Осыған қарамастан 7-партия конференциясында
С.Сәдуақасов, Сұлтанбеков және Мұстамбаевтар «троцкистік оппозицияның
төңірегіне топтасқан негізгі ядро» ретінде айыпталды.
Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішінде
большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал және
ымырасыз болды. Егерде 1920 жылдардың орта кезіне дейін большевиктер
Алаш зиялыларына қарсы күресте әртүрлі айыптаулармен ғана шектелсе,
одан кейінгі кезеңде ол өте-мөте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. Алаш
зиялыларына қарсы күрестің жандануына 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің
Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік «Ақ жол» газетінің
ұстанган бағытын айыптап арнайы жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет
бетіндегі жарияланған мақалалардың бұл кезде шет елде эмиграцияда жүрген
Мұстафа Шоқайдың ойымен «үндес және пікірлес екенін, яғни
алашордашыл, ұлтшыл идеяларды жаңғыртатыны» атап көрсетілді. Сондай-
ақ алдағы уақытта осындай көзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым
өкілдерін жастарды тәрбиелеуге жібермеу ескертілді. Көп кешікпей-ақ, 1926
жылы
болған
партия
конференциясында
Ф.Голощекин
басында
А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов сияқты қазақ зиялылары тұрған
ұлттық қозғалысты «реакцияшыл, тіптен контрреволюцияшыл» деп
бағалады.
Кеңес өкіметінің өлкедегі әртүрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-
сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы
мен 1930 жылдардың ортасы болды. Болыиевиктердің Алаш зиялыларына
қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталсақ, ол мынандай
жағдайға байланысты болды. Большевиктер ірі байларды тәркілеуге
байланысты
бас
көтерулерді
ұйымдастырушылар
деп
қазақ
интеллигенциясын айыптап, оларға қарсы шабуылды бастады. Соның
нәтижесінде
1928-жылдың
аяғында
қазақтың
ірі
ағартушылары,
әдебиетшілері, әртүрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А.
Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, X.Ғаббасов және т.б.,
барлығы 44 адам қуғындалып, тұтқындалды.
1930 жылдың қыркүйек, қазан айларында ұлттық интеллингенцияның
екінші бір тобы (40-қа жуық адам), құрамында X.Досмұхамедов,
Ж.Досмұхамедов, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев, Ә.Ермеков және өзге де зиялы
қауым өкілдері бар, тұтқындалды. Көп кешікпей олардың 15-і
(X.Досмұхамедов,
Ж.Досмұхамедов,
М.Тынышпаев,
Ж.Ақпаев,
К.Кемеңгеров және басқалары) Ресейдің Орталық қара топырақты ауданына
жер аударылды. Мұндай іс-әрекеттердің барлығы большевиктердің өздеріне
идеялық жағынан қарсылық көрсете алатын зиялылардан құтылу жолы
екенін байқатады.
1920-1930 жылдары Семей губкомында одан кейін Қазақ Өлкелік партия
комитетінде қызмет жасап, қазақ инттелигенциясы мен ұлтжанды
мемлекетшіл тұлғаларға қарсы тісін қайрап жүрген Ежовқа 1936 жылы
НКВД
органының
жұмыстарын
бақылау
тапсырылды.
1937-1938
жылдардағы ұлт тарихының ең қаратүнек кезеңі болып саналатын
Қазақстандағы «Үлкен террор» НКВД комиссары Н.Ежовтың қанды қолымен
жүзеге асырылды. Николай Ежов НКВД халық комиссары тағына
отырысымен, ұлты қазақ интеллигенциясы өкілдерінің бәріне ең жоғары
жазаны қолданды. Қанды қасапқа ұласқан 1937-1938 жылдары бәрін де
атқызып жіберді. Тарихқа енген үлкен террор Қазақстанда осылай басталды.
Ежов осындай бірді-бірге соқтыратын айлакерлігімен Мәскеудегі
орталықтың директиваларын мүлтіксіз орындаған болып шыға келді. Оның
бұл «іскерлігін» Сталин жоғары бағалап, оған ІІМ маршалы атағын берді.
Болшевиктік тәртіп нығайған сайын қоғамдық өмірді толық бақылауға
алу күшейді. 1930 жылдардың ортасындағы қоғам мүшелеріне қарсы
ұйымдастырылған қуғын-сүргін жазалау саясатын жаппай халыққа қарсы
бағытталған террор болады. Жаппай қуғын-сүргінді ұйымдастыру үшін
большевиктер социализм жеңісі күш алған сайын тап күресі шиеленіседі
деген тұжырымды желеу етті. Елді жаулардан тазарту процесі кезінде
большевиктер неше түрлі «террористік ұйымдардың» бетін ашты. Әртүрлі
қыспақ пен қысым жасау нәтижесінде террористік ұйым мүшелері өздерінің
күнәларын мойындап шыға келді. Мысалы, 1936 жылы тамызда троцкистік-
зиновьевтік террористік орталық жөнінде ашық процесс болды. Бұл іс
бойынша Е.Зиновьев, Б.Каменев, Е.Евдокимов, барлығы 16 адам жауапқа
тартылды. Жауапқа тартылғандарға С.М.Кировты өлтіруді ұйымдастырды
және оны жүзеге асырды, Сталиннің өміріне қастандық даярлады, диверсия,
шпиондық әрекет жасады деген кінәлар тағылды.
Жаппай репрессия толқыны Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда бір
жылдың ішінде үш іс қарастырылды. Олар Үржар, Еіресновка және
Қарағандыдағы
«контрреволюциялық
ұлтшыл-фашистік
залалдық
ұйымдардың» істері болды. Ең алғашқы іс Қарағандыдағы сот ісі болды.
Ондағы айыпталушылар тізімінде округтік партия ұйымының хатшысы М.
Ғатаулин, мүшелері А. Асылбеков, Нұрсейітов болды. Олардың негізгі кінәсі
- батылдылығы мен принципшілдігі. Сонымен қатар Ғатаулин 1932 жылы
Сталинге жазылған «Бесеудің хаты» авторларының біреуі болып табылады.
Олар 1937 жылы қарашада өткен сот процесінде өздерінің «Мәскеудегі
«троцкистік орталықпен» қалай байланыс орнатып, олардың тапсырмасын
Қазақстанда қалай жүзеге асырғандарын» мойындады.
Кейін халық жауларын түсті металлургиядан, темір жол транспортынан,
жерхалкомынан, байланыс халкомынан және т.б. жерлерден анықтап,
жауапқа тарта бастады. Партия кеңес қайраткерлерінің тізімін Н.Нұрмақов
(БОАК президиумының жауапты қызметкері), Т.Рысқұлов (РКФСР ХКК
төрағасының орынбасары) Мәскеуде ұсталса, кейін ол тізімді Қарағанды
облыстық атқару комитетінің төрағасы А.Асылбеков, Қарағанды облыстық
партия комитетінің екінші хатшысы Н.Нұрсейітов, Мәжит Ордабаев
жалғастырды. Өлкенің партия және кеңес қызметкерлерін айыптап жауапқа
тарту шаралары нәтижесінде көрнекті қайраткерлер: К.Сарымолдаев, У.
Құлымбетов, Г.Тогжанов, А.Лекеров, А.Розыбакиев, Ж.Садуақасов, И.
Құрамысов және т.б. ұсталып, ату жазасына немесе лагерьлерге ұзақ
мерзімге айдалды.
Тіпті орталықта не болып жатқанын білмейтіндер тағылған айыптардың
еш дәлелсіздігіне қарамай жазаланды. Мәселен, 1938 жылы 27 қаңтарда
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрамдық бес азамат «Киров жолдасқа
қастандық жасаушылармен ауыз жаласқан саяси қылмыскерлер» болып
шығады. Жауап алу барысында Сайрамда «буржуазияшыл-ұлтшыл топтың»
12 мүшесі анықталып, ол топ «облыстық ұйыммен», облыс «республикалық
топпен байланысты», ал олардың барлығы «Мәскеумен тоғысты» деген
қорытынды жасалады және үштіктің шешімімен «қылмыскерлер» атылады.
Тергеу ісінің материалдары көрсеткендей айыпталушыларга байланысты
қылмыстық-процессуалдық
кодекс
дөрекі
бұрмаланған.
Оның
бұрмаланғанын төмендегідей дәлелдер көрсетеді: тергеу жұмысы қылмыстық
іс қозғау туралы қаулысыз жүргізілген және айыпталушылар ешбір негізсіз
және прокурордың рұқсатынсыз қамалған. Айыпталушыдан жауап алдын ала
кінәлі адам ретіндегі көзқарас тұрғысынан алынған және көптеген
айыпталушыларға ешбір белгілі кінә тағылмай, олар айлап тергеусіз ОГПУ-
дің түрмелерінде жатқан. Ал тергеу аяқталған соң айыпталушылар тергеу
материалдарымен таныстырылмаған. Айыпталушылар қорғаушы пайдалану
құқығынан айырылған. Іс осындай деңгейде, ешбір бекітілусіз, сот емес
органдарға жіберілген және олар сырттан үкім шығарған.
Жаппай репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы
азаматтары, тіпті, олардың ішінде кеңес өкіметін орнатуға қатысқан Ә.
Әйтиев, С.Арғыншиев, Т.Рысқұлов, Н.Сырғабеков сияқты қайраткерлер де
атылып кетті.
Жалпы сталиндік қуғын-сүргін көлемі әлі толық анықтала қойған жоқ.
Кей деректерде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы
түрмелерге түсіп, 22 мыңы атылды десе, басқа деректер 1930-50 жылдары
100 мыңнан астам адам репрессияға ұшырады, оның ішінде 27 мыңнан
астамы атылғанын айтады. Сталинизм қазақ халқы үшін отаршылдықтың
жаңа бір формасы болып, оның ең ауыр зардабын шектірді. Қазақстың бас
көтерер азаматтарының басынан «ұлтшылдар» деген жала кетпей, халқы
зобалаңға ұшырады. Бұл кезеңге Тарихшы ғалым Қанат Садуақасұлы
Өскембаевтың 2013 жылы жарық көрген Әлімхан Ермеков: Тұлға тағылымы
атты еңбегіндегі Әлімхан Ермековтың өз естелігіндегі жазған пікірімен
берсек: «Бұрын аз уақыт «Алашта» болған біздерге өмір бойы жабылмаған
жала жоқ. Қазақстанның бір түкпірінде әлде кімдер бұзақылық жасаса да,
Қарақұмда, Маңғыстауда, Шұбартауда, Бақтыда, Бақанаста ашыққан жұрт
ереуілдеп атқа қонса да, Жетісу жұрты Қытайға көшсе де, бір ауылда колхоз
малы ұрланса да, тіпті біреу әмеңгерлік жолымен қос қатын алса да, газет-
журналдарда бір ауыз оғаштау сөз жазылса да, осының бәрін бізден көретін»,
- деп жазылған.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков былай
дейді: «1920-1953 жылдары 110 мың адам қуғын-сүргінге ұшырады. 25
мыңнан астам адам жазықсыз ату жазасына кесілді».
Қазақ халқы ұзақ уақыт бойы «Мырзажан» деп атап, тіпті Астанадан
көше атын берген Левон Мирзоян 1933-1938 жылдары Қазақ Өлкелік партия
комитетінің хатшысы болды. Белгілі тарихшы, ұзақ жылдар бойы Ш.Ш.
Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директорының
орынбасары болған Қайдар Алдажұмановтың Л.Мирзоянға қатысты пікірі
мынандай: «Саяси қуғын-сүргін құрбаны болған арыстарымыздың тізімге
ілігуі Мирзоянмен тікелей байланысты. Мирзоян Қазақстанда «халық
жауларын» ату жазасына кесуге лимит сұрап, Сталинге үш мәрте хат
жолдаған. Күні бүгінге дейін халық «Мырзажан» деп дәріптеп келеді. Алайда
соңғы уақытта табылған құжаттар оның бейнесін өзгертті»,- дейді.
1937-1938 жылдарда Үлкен террор өзінің шырқау шегіне жетті. Оған
дәлел ретінде мына деректерді келтіруге болады. Қазақстан Республикасы
Президентінің мұрағатында 1937 жылғы 19 қарашадағы Қазақстан
Компартиясы
Орталық
Комитеті
Бюросының
«Қуғын-сүргінге
ұшырағандардың санын қосымша өсіру туралы» қаулысы сақталған. Осы
қабылданған қаулыға сәйкес І категорияға Кеңес өкіметіне қарсы 2 мың адам
(алдыңғы жоба бойынша 1975 адам болатын, бірақ сол кездегі ОК хатшысы
Л.Мирзоян өз қолымен барлық белгіленген цифрларды ұлғайтылған жағына
қарай көк карындашпен қоршап қойған, басқа да көрсеткіштерді солай
істеген) Ал ІІ категорияда – 3 мың адам, барлығы 5 мың адам болды. Ондағы
арсыздық пен қорлаудың шегі мына сөздер болды. «І категория бойынша –
350, ІІ категорияда – 400 адам қудаланушылардың резервінде» тұрсын деп
жазылған. Сұрау салу парағында бюро мүшелері бәрі де бірауыздан
мақұлдап қол қойған. Сөйтіп, жоспар толық жасалды, енді оны орындау үшін
«кінәлілерді» іздеп табу ғана қалды.
Большевиктік жаппай репрессия саясаты кезінде жекелеген адамдар ғана
емес, кішігірім халықтар да қуғын-сүргінге үшырап, жазықсыз жапа шекті.
Ондай жапа шеккен халыққа корейлер жатады. Қазақстандық корейлердің
негізгі бөлігі кезінде Қиыр Шығыс өлкесінен жер аударылды. Олардың жер
аударылу себептерін КСРО ХКК-і мен БК(б)П Орталық комитеті бірігіп
шығарған «Корей халқын Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарынан
көшіру туралы» қаулысы бір ауыз сөзбен: «Қиыр Шығыс өлкесіне жапон
шпионажының еніп кетуіне жол бермеу мақсатында» - деп жауап береді.
Қаулыда оларға өздерімен бірге заттарын, дүние-мүліктерін ала кетуге рұқсат
етілді. Тіпті, оларға шет елге кетуді қалайтындарға кедергі жасамау,
шекарадан өтуді оңайлату тәртібіне жол беру қажеттілігін де көрсетті.
Көшкенде қалдырып кетуге мәжбүр болған дүние-мүліктің және егіс
алқабының шығынын оларға қайтару шарасы да атап көрсетілді. Алайда
айтылғандар тек сөз жүзінде қалды. Көшкен корейлер тек киім-кешек пен
азық-түліктерін ғана алып шыға алды. Олар сонымен бірге шекара
әскерлерінің және НКВД-нің тікелей бақылауында болды. Корейлер
Қазақстанға келген соң да күдікті саналып, бақылауға алынды және қуғын-
сүргінге ұшырады.
Сталиндік тоталитарлық жүйе адамдарға қылмыстық сынақ жүргізуде
үлкен тәжірибе жинақтаған. Олар: күшпен ұжымдастыру, кулақтар мен
байларды жою, халықтың қарсылығын басу, бостандық сүйгіш халықтарға
қуғын-сүргін ұйымдастыру, қолдан әдейі ашаршылық ұйымдастыру,
халықтың бетке шығар, сөзін сөйлейтін зиялы қауымын толық құртып жіберу
т.б. адамзатқа қарсы қылмыс жасаудың түрлі тәсілдерін жетік меңгерді.
Сталиндік түнек дәуірі адамның құнын кетіріп, халықтың азғындауына жол
ашты. Бүтіндей отбасылар, әулеттер, ұлттар әдейі құртылып жіберілді. Жер
аудару, соттау, лагерлерге қамау, қинау, мүлде қисынсыз жала жабу
үйреншікті, күнделікті жағдайға айналды.
Қазақстан аумағында 1931 жылы құрылған Қарағанды лагері (Қарлаг)
болды. Әр жылдарда саяси айыппен қуғындалған мыңдаған тұтқындар
ГУЛАГ-тың осы алып лагері арқылы өтті. Қазақстан аумағында Қарлагтан
басқа Степной, Песчаный, Луговой, Дальний деп аталатын лагерьлер де
жұмыс істеді.
Солардың арасында КСРО НКВД Қарағанды еңбекпен түзеу лагері
(Қарлаг) маңызды орын алды. Оны құру тарихы 1930 жылға барып тіреледі.
Халық Комиссарлары Кеңесі өзінің 1930 жылғы 13 мамырдағы жабық оты-
рысында қаулы қабылдады, қаулыда ол Жер шаруашылығы халық комис-
сариатының қорытындысы мен Лагерьлердің қазақ басқармасының «Ақ-
мола және Қарқаралы округтарынан» (Қоянды жәрмеңкесінің жерінен басқа),
«Көлемі 110 000 гектар тұтас жер алабын мерзімсіз және өтеусіз пайдалануға
кесіп беру туралы» өтінішімен келісті. Содан кейін ОГПУ Қарағанды
еңбекпен түзеу жеке лагерінің 1931 жылғы 19 желтоқсандағы № 1
бұйрығымен Қазақ еңбекпен түзеу лагерінің «Гигант» кеңшарындағы жаңа
бөлімшесі ОГПУ-дың Қарағанды еңбекпен түзеу жеке лагері болып қайта
құрылды (Қарлаг ОГПУ), ол ГУЛАГ-қа тікелей бағынатын болды. Лагерь
басқармасы Долинка селосына орналасты.
Тоталитарлық тәртіп туындатқан тағы бір лагерь - Алжир деп аталды.
Жаппай репрессияға ұшырағандардың отбасы да қуғындалды. Алжир
лагерінде осы қуғынға ұшырағандардың әйелдері ұзақ жылдар бойы
мерзімдерін өтеп отыруға мәжбүр болды. Кеңес үкіметі жүргізген қуғын-
сүргін саясаты нәтижесінде осы қуғынға ұшырағандарды орналастырып,
оларды бақылайтын басқару органы ГУЛАГ пайда болды. Елдегі осындай
қуғын-сүргін мен қорқыныш күш алып тұрған жағдайда КСРО жаңа
Конституциясының жобасы талқыланып, 1936 жылы 5 желтоқсанда
қабылданды. Конституция елде социализм орнағанын жария етті. КСРО жаңа
Конституциясы одақтас республикалар санын көбейту мүмкіндігін арттырды.
Соған сәйкес Закавказ республикасы таратылды. Азербайжан, Армян, Грузин
республикалары енді КСРО құрамына тікелей енді. Қазақ және Қырғыз
автономиялық республикалары одақтас республикаларға айналды. Қазақ
республикасының мәртебесінің өзгеруіне байланысты жаңа Конституция
жасау қажет болды. 1937 жылы 3 ақпанда жаңа Конституция жобасын
ҚазОАК-нің Президиумы қолдады. 1937 жылы 21-26 наурызда Алматыда
Қазақстан кеңестерінің X съезі өтті. 1937 жылы 26 наурызда съезд Қазақ
КСР-ның Конституциясын бекітті. Мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органы
төрт жылға сайланатын Қазақ КСР Жоғары Кеңесі болды. Жоғарғы Кеңес
өзінің Президиумын сайлады және республика үкіметі - Халық Комиссарлар
Кеңесін (ХКК) құрды. Конституцияда республика аумағының тұтастығы
негізделді. Қазақ КСР-ның әрбір азаматы КСРО азаматы болып табылды.
Сонымен, қорыта айтқанда, 1920-жылдардың аяғы мен 1930-жылдары
әкімшіл-әміршіл большевиктік тәртіп қоғамдық-саяси өмірдің барлық
саласында үстем болды. Әсіресе, Қазақстанда бұл тәртіптің өте ұсқынсыз,
қатыгез формалары ұжымдастыру мен 1937-1938 жылдардағы саяси
репрессия кезеңдерінде күш алды. Кеңес үкіметі, яғни халықтың үкіметі, сол
халықтың өзіне қарсы қуғын-сүргінді ұйымдастырып, жазықсыз ату-асу
жазаларын қолданды. Елде большевиктер басшылығымен халыққа қарсы
жаппай «Үлкен террор» ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен «1997 жылды Жалпыұлттық
татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жариялауы
өткен сталиндік тоталитарлық тәртіптің қаншалақты қиын әрі азапты
болғанының белгісі еді.
Достарыңызбен бөлісу: |