әшкерелеу» туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989
жылы жарық көрді.
Тарихта «жылымық» деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама
басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі
босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама
өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама
ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған
кінәсіз сотталған адамдар
лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды.
1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың
істері қайта қаралып, 1953-1956
жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы
жылдары жау басып алған аумақтарда қалғандары үшін жазаланған 243
коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов
еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан
алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік
тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-
әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар
түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау
мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен
насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды.
Тарихи шындық ақтаңдақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын
біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға
берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып,
экономика салаларында
жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және
тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді.
Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған
іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған
башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың
автономиясы
қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары,
немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік
жүйе тыйым салды.
Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер
жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады.
Мысалы, 1953-1954 жылдары М.Әуезовтің «Ақын аға», Қ.Шаңғытбаевтың
«Намыс» және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялануға тыйым
салынды.
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия
ұйымдарына «Партия ұйымдарының Бұқара арасындағы саяси жұмысын
күшейту және жау элементтердің антисоветтік
бас көтеруіне тыйым салу
жөнінде» арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа
кезеңі
басталды.
Саяси
тұрғыда
басқаша
ойлаушылар
қоғамның
қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы
белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов «1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы
большевиктердің тактикасы» атты мақаласы үшін қызметтен алынып,
қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана «Советтік шындықты бұрмалағаны
үшін» және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды.
Мұндай келеңсіздіктер 1960 жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960
жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960
жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына
С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші
жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған
жауап ретінде республика компартиясы 1961
жылы Қазақстан жазушылар
одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен
күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық
тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды.
Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың
барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік
аудандары
Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті
біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола - Целиноградқа, Батыс
Қазақстан - Орал облысына айналды.
Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар
мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды
барынша жасырып, бүркемеледі.
Осылайша, Теміртаудағы толқу -
тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ
жастарының бір тобы Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Әуезов бас болып
«Жас тұлпар» атты ұйым құрды. Мақсаты - қазақ жастарының ұлттық санасын
ояту. Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада,
Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа
жерлерде пайда болды.
стайды.
Достарыңызбен бөлісу: