1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет23/72
Дата12.03.2022
өлшемі4,71 Mb.
#135392
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Байланысты:
5fe23c89029c5cd8c8b7a6330b07df91

3.
 
1954-1964 жылдардығы Тың игеру: жетістігі мен салдары. 
1954 жылы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы 
республикадағы қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізді.
1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған 
дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және 
тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстан басшылығы бұл 
бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты, 1954 жылы 11 ақпанда өткен 
Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2-хатшы 
Л.И.Афонов 
босатылып, 
олардың 
орнына 
орталықтан 
жіберілген 
Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ 
басшылары сынға ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1-
хатшылары ауыстырылды. 
Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған 
жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1) 1954-1955 жж. 2) 1956-1958 жж. 
3) 1959-1965 жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда 
жүздеген совхоз орталықтары салынды. Әміршіл-әкімшіл басшылыққа 
совхоздар тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа 


совхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631-ге 
жетті. Ал 1958 жылдың ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС-тар 
жөндеу станцияларына айналдырыла бастады. Тың игерудің тек алғашқы 
кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліп 
әкелініп, Қазақстанда 18 млн. гектар тың жер, немесе бұрынғы Одақтағы 
жыртылған жерлердің 60,6% игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн. 
гектарға жетті. Осының арқасында 1956 жылы Қазақстан алғаш рет миллиард 
пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстанның әр азаматына 
өндірілетін астық 2 мың кг жетті. Оған қоса тың астығы сапалы болғандықтан 
негізінен экспортқа шығарыла бастады. 
Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның XX 
съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет - астық өндіруді 5 есе арттыру 
міндетін қойды. Осыған сай 1960-жылдардың ортасына қарай Қазақстанда 
жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25 млн. гектарға жетті. Бірақ та тың 
игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете 
алмады. Өйткені, жаңадан игерілген тың жерлер 1960-жылдардың ортасына 
қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын, осының салдарынан әрбір 
гектардан жоспарланған 14-15 ц. астық орнына 1961-1964 жылдары - 6,1 ц., ал 
1964 жылы - 3,1 ц. ғана астық алынды. Осы кезден бастап еліміз АҚШ, Канада, 
Аргентина, Франциядан астық сатып алуға кіріседі. 
Қазіргі таңда экономистер «тың және тыңайған жерлерді игермей-ақ, астық 
өндіру кезіндегі астықты аудандардағы әр гектардан 1 ц. өсірсе, бұл тың игеру 
нәтижесімен теңескен болар еді», - деген пікірде. Оның үстіне тың игеру 
жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демографиялық жағдайды одан әрі 
күрделендіріп, бұрынғы Кеңестер Одағының Еуропалық бөлігі үшін де, 
Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды. Өйткені, сол кездің өзінде-ақ 
Одақтың еуропалық бөлігінде жылдан-жылға селолық жерлерде түрғындар 
саны азайып, ал біздің республикамызда керісінше, өсіп отырған болатын. Осы 
ерекшеліктер ескерілмей, онсыз да саны кеміп отырған еуропалық аудандардан 
тек 1954-1962 жылдары ғана Қазақстанға 2 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. 
Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің, Украинаның және т.б. 
республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды. Екінші 
жағынан 1920-1930-жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-
сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы, енді тыңгерлердің көптеп келуіне 
байланысты, 1959 жылы санақ бойынша 29%- ке дейін төмендеп кетті. 
Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік 
саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге 
кеміп, қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің, баспасөздің саны күрт 
төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертіліп, тарихи ұлттық 
санаға шек қойылды. 
Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас 
экологиялық апаттарға, мал жайылымының күрт қысқаруына алып келді. Тың 
игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы (гомусы) шаң-
боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18 млн. га астам жер эрозияға 
ұшырады. Қалыңдығы 1 см. қара топырақтың (гомус) қалыптасуы үшін, кем 


дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді. Жайылым азаюы салдарынан ұсақ мал өсіру 
қарқыны 3 есе азайды, жылқы 1916 жылы 4 340 мың болса, 1961 жылы - 1158 
мыңға дейін, ал түйе 1928 жылғы санынан 8 есе кеміді. 
1960 жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайы қайтадан ауырлап, 
өзінің өсу деңгейін тоқтатқан болатын. Себебі, жаңадан игерілген жерлер өз 
мүмкіндіктерін 
сарқыды, 
колхозшылар 
мен 
ауыл 
шаруашылығы 
еңбеккерлерінің материалдық жағдайы төмен болғандықтан еңбекке ынтасы 
болмады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өз деңгейінде қаржыланбады, 
ауыл шаруашылығы өнімін сату бағасы реттелінбеді. Жер өңдеу мәдениетін, 
топырақ құнарлығын көтеру, сумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылмады. 
Мал бағу, егін салу барысында жергілікті жердің географиялық, климаттық 
ерекшеліктері мүлдем ескерілмеді. 
Тың жерлерді игеру науқаны барысында кадрлар өрескел түрде 
алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан Компартиясының Орталық 
Комитетінің бірінші хатшысы алты рет өзгертілді. 1954 жылы Бірінші хатшы 
Ж.Шаяхметовтың орнына КСРО мәдениет министрі П.Понаморенко 
тағайындалды. Ал үкімет басындағы Н.Оңдасынов орнына Д.Қонаев келді. 
1955-1957 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің екінші 
хатшысы қызметін атқарған Л.И.Брежнев П.Понаморенконың орнына 
көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (1957-1960), Д.А.Қонаев (1960-1962), 
И.Юсупов (1962-1964) болды. Бұл науқан барысында тағайындалған 
басшылардың көбі қазақ тарихын, ұлттық табиғи ерекшеліктерін білмейтін. 
Сондықтан науқан нәтижесі экологиялық, демографиялық, рухани зардаптар 
алып келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет