16
Мұндай жағдайда тек ұжымдық күш-жігер ғана оң жолға апаратыны айқын. Ал
осындай ұтымды бағытты «G-Global» ілкі идеясымен байланыстыруға болады. Өйткені,
біз «G-8», «G-20» секілді құрылымдар бар екендігі туралы айтқанда, олардың тек
таңдаулылар клубы екендігіне мән бермей жатамыз. Ал, жаһандық полижүйелі дағдарыс
бұндай ауқымды мәселеге әлем елдерінің басым көпшілігінің қатысуын талап ететінін
көрсетіп отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «G-global» идеясы да осы
тұрғыдан өзекті.
Елбасының 2014 жылдың қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
атты Жолдауын жариялады. Елбасы Жолдауынан туындайтын «Нұрлы жол»
бағдарламасы негізінен экономикалық дағдарыстың алдын алуға, осылай ете отырып,
барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын төмендетпеуге бағытталғаны белгілі.
Қазіргі таңда мемлекет отандық кәсіпорындардың жұмысқа қабілеттілігін қолдап, жұмыс
орындарын сақтау, сонымен бірге, Қазақстан экономикасын құлдыратып алмау үшін
қаражат бөліп келеді. Бағдарлама аясында осы бағыттағы жұмыс жалғасады әрі алдағы
уақытта оның ауқымы да арта түседі. Айта кетердігі, «Нұрлы жол» бағдарламасы
бірқатар басым міндеттерден тұрады. Нақтырақ айтқанда, онда «шұғыла» қағидаты
бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды құру, индустриялық және
туристік инфрақұрылымдарды дамыту, бірыңғай электр энергетикасы жүйесін дамыту
шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру
желілерін жаңғырту, азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру, білім беру
саласының инфрақұрылымын дамыту шаралары қамтылып отыр.
Тоқтала кететін жайт, бүгінгі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасын бюджеттік қамту
толық шешімін тапты. Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайыновтың
айтуынша, Елбасы бекіткен бағдарламаны іске асыруға Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорынан 2015 жылы – 796 млрд. теңге, 2016 жылы – 379 млрд. теңге, ал 2017
жылы – 3 млрд. АҚШ доллары эквиваленті көлемінде қаражат бағыттау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Халықаралық қаржы институттары есебінен индикативті бірлесіп
қаржыландыру көлемі 9 млрд. АҚШ доллары шамасын құрайтын болады. Ал ұлттық
компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты есебінен «Нұрлы жол»
шараларын қаржыландыру 240,9 млрд. теңгені құрамақ.
Мұндай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылы 2014 жылға қарағанда ЖІӨ-
нің 15,7 пайызға өсу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Ең бастысы әлемдік қаржылық
дағдарыс қыспаққа алған тұста жұмыссыздықты өршітпеу де бірінші кезектегі мәселеге
айналғалы отыр. Сондықтан да, бағдарламаны іске асыру кезінде 2015-2019 жылдары
395,5 мың адамға арналған жұмыс орнын құру көзделеді. Соның ішінде тұрақты жұмыс
орындарымен 86,9 мың адам, уақытша жұмыс орындарымен 308,6 мың адам қамтылады.
Тұтастай алғанда, «Нұрлы жол» нәтижесінде 2019 жылы базалық инфрақұрылым сапасы
бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде Қаазқстанды 57-орынға дейін
жоғарылату межеленіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: