17
Төртінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жылумен, сумен
жабдықтау, су бұру желілерін жаңғырту. төмендетуге және желілердегі шығындарды
азайтуға мүмкіндік береді.
Бесінші бағыт – Ал «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» АҚ желісі арқылы
кейіннен жалға беру үшін тұрғын үй нысандарын салуды немесе сатып алуды барлық
көздерден жалпы қаржыландыру 250 млрд. теңгені құрайды. Нәтижесінде 2015 – 2019
жылдары 1,4 млн. шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынады.
Алтыншы бағыт – білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту.
Жетінші бағыт – кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру.
Бағдарламаның екінші блогы – 2015 жылғы дағдарысқа қарсы арналған шаралар
кешенін қамтып отыр. Бұл жұмыстар да басты 7 бағдар бойынша айқындалған. Атап
айтқанда:
Бірінші бағыт – отандық машина жасауды дамыту.
Екіншіден, даму институттары арқылы экспортты қолдау.
Үшіншіден, Агроөнеркәсіп кешенін 2015 жылы қосымша қолдау үшін Ұлттық қор
қаражатынан 20 млрд. теңге бағытталады.
Төртіншіден, басталған кредиттік тұрғын үй жобаларын іске асыру және үлестік
салымдарды қорғау үшін 2015 жылы Ұлттық қордан 45 млрд. теңге бөлінеді
Бесінші – «Бизнестің жол картасы – 2020» жобалары үшін қажетті инфрақұрылымды
жүргізу шараларына 10 млрд. теңге мөлшерінде Ұлттық қор қаржаты қамтамасыз етіледі.
Алтыншы – өнім сапасы инфрақұрылымын дамыту. Бұл мақсатта сынақ базасының
жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін Ұлттық қордан 5 млрд. теңге бөлінеді.
Жетіншіден, перспективалы учаскелерді геологиялық зерттеу және пайдалы
қазбалардың қорларын толықтыру мақсатында жер қойнауына барлау жасау үшін
Ұлттық қордан 6 млрд. теңге бөлінеді. Нәтижесінде Қазақстандағы пайдалы қазбалар
қорларының, оның ішінде түсті металдар мен алтын қорының болжамды көлемдері
анықталады.
«Нұрлы жол» бағдарламасы қысқа мерзімде де, сондай-ақ ұзақ мерзімді
перспективада да экономиканың өсуіне жағдай жасап, қазіргі бар жұмыс орындарын
сақтауға және жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз етеді, іскерлік белсенділікті,
өнімділікті және елдің транзиттік әлеуетін арттырады.
Қазақстан экономикасы 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында өткен жылғы
көрсеткіштермен салыстырғанда 1,7 пайыздық өсімді көрсетті. Бұл туралы
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов мәлімдеді.
Өткен алты айда сыртқы тауар айналымы 36 пайызға төмендеген еді. Экономикадағы
негізгі капиталға инвестициялардың тартылуы былтырғы кезеңмен салыстырғанда 104
пайызға артқан. Әлемдік ахуал Қазақстанның негізгі серіктестері Ресей мен Қытай
нарығына айтарлықтай әсер етіп отырғаны белгілі. Бұл Қазақстанның сыртқы тауар
айналымының кемуін де айналып өтпеуі мүмкін, - дейді сарапшы. Мақсат Мұқанов
әлемдік процесстерге Қазақстанның «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тигізер оң
ықпалын атап өтуге тиіспіз деген пікірін білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: