5 Ипохондриялық синдроммен науқастың психикалық статусын сипаттау
Ипохондриялық синдромымен ауыратын науқастың психикалық статусын сипаттау.
Ипохондриялық синдром - өзінің денсаулығы туралы себепсіз қорқыныш сезімі, қандай да бір соматикалық ауруы бар деп қорқу. Ол жабысқақ, бағалы ойлармен және сандырақпен көрінуі мүмкін).Науқас өз денесіндегі жағымсыз сезімдерге фиксацияланады, олардың тегі невротикалық жағдайдың өзі және оның нәтижесінде дамыған сомотовегетативті өзгерістер, депрессия және басқа да себептер болуы мүмкін. Науқас әртүрлі мамандарға жиі көрініп, тексеріледі. Зерттеудің жақсы нәтижесі науқасты біраз уақытқа тыныштандырады, бірақ артынан қайта күшейеді, ауыр дерт жөніндегі ойлар оралады. Ипохондриялық симптоматиканың пайда болуы ятрогениямен байланысты болуы мүмкін.