1. Синхронды оқыту дегеніміз не?


Қашықтан оқыту жүйесінің типтері



бет18/58
Дата04.10.2022
өлшемі1,35 Mb.
#151692
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Байланысты:
Ббцт емтихан жауаптары

Қашықтан оқыту жүйесінің типтері:

 

Қашықтан оқыту типтерін бірнеше көзқарас төңірегінде көрсету мүмкін. ҚО тағайындау бағдарында білім берудің толық масштабтағы және сайланатын жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандықтың инженерлерін дайындау бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді. Демек, мұндай жүйеде барлық жоспарланған пәндерді оқып үйрену үшін, құралдардың жеткілікті түрде(оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық практикумдер, курстық және дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар) бар болуы қажет.


Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталған шартты жүйесі өнеркәсіп қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату үшін, қосымша(екінші) жоғарғы білім алу үшін, білім берудің қызмет көрсетулерін пайдаланатындарға жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін бағытталады. ҚО жүйесінің әрбір типтерінен оқу үрдісін жабдықтау және ұйымдастырудағы ерекшеліктері қатарына қарамастан, орындалатын функциялар мен ұқсас тағайындауларының құрылымды компоненттерін көрсету керек.
ҚО жүйесінің құрылымына келесі элементтер кіреді:
- Оқыту мақсаты. Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспен сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып үйренушілердің меңгеруі. Оқыту мазмұны. Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнымен анықталады. Оқыту объектісі. ҚО білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын берілген түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар және т.б.). ҚО тыңдаушылары білім алудың дәстүрлі түрі студенттерінен өзгешелігі, ерекше қайсарлық, білімге деген құштарлық, ұйымдастырушылық көрсетіп, өз бетімен жұмыс істей білу, компьютермен жұмыс істей білу және телекоммуникациялық байланыс құралдарымен дағдысы болу керек. Оқыту субъектісі. ҚО субъектісі оқытушылар болып табылады. Оқытушы- ҚО білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. ҚО оқытушысы іс-әрекетіне тән бірқатар ерекшелік тьютор терминін енгізу қажеттілігін туғызды. Ол-кеңес беруші-оқытушы, информатика және телекоммуникация іргетасы негізін білетін болу керек, оның білімділігі алдыңғы озық сипатта болу керек.
- Оқыту әдістері. ҚО түрі: ақпараттық – ереже жиынтығы, репродуктивті(дауыс күшейткішін реттеу), мәселелі мазмұндау, теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жиынтығы мен зерттейтін 5 жалпы дидактикалық оқыту әдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті педагогикалық актілерінің барлық жиынтығын қамтиды.
- Оқыту құралдары. ҚО білім беру үрдісінде оқытудың дәстүрлісі қалай қолданылса, компьютерлік техниканы және телекоммуникацияны, сонымен бірге білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдары да солай қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет