1. Синхронды оқыту дегеніміз не?


Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері?



бет21/58
Дата04.10.2022
өлшемі1,35 Mb.
#151692
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Байланысты:
Ббцт емтихан жауаптары
2020 referat 6842314, сыныппен тәрбие жұмысын ұйымдстыру, реферат волейбол, zhanzhal-zhәne-olardy-sheshu-zholdary, 2 тапсырма АЖСТ, СОЖ 2, 21-30 чурак, 1-2 курс каз, 86, 1, 1-дәріс, 14-тапсырма. МФТ.docx, 2-дәріс, Семинар 4, №6 тапсырма
16. Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері?
Цифрлық технологияның білім берудегі маңызы

Білім беру ұйымдарын жаппай цифрландырудың маңызы болашақ ұрпақтың кез келген салада ақпараттық сауаттылығын арттырып, шеберліктерін шыңдап, жан-жақты іскерлігін дамытып, бәсекеге қабілетті етіп, білім кеңістігінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл – білім сапасын арттыру, оқыту үдерісін қолжетімді ету, мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың байланыстарын жеңілдету тұрғысынан да өзекті.

Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.

Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау.

Цифрлық білім берудегі әлеуметтік желінің алатын орны

Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр.Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда

Цифрлық технология —болашаққа батыл қадам.

Қазіргі уақытта әрбір адамның заманауи ақпараттық-технологияларды пайдалануға мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы — цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Цифрлық технология тек электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануда ғана емес, тұрғындардың бір-бірімен ақпарат алмасуында да таптырмас құрал болып отыр.

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Бұл байланыс түрі ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемде зор қарқынмен дамып келеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет