Алдыңғы бөлімдердің мазмұны негізінде оқушылар материалдар құрамын танып, көркем еңбек құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын тереңдетті. Оқушылар шығармашылық жұмыс арқылы байқау, өз ойын іс-тәжірибе арылы жеткізуге үйренді.
Тілдік мақсаттар
Оқушыларға түсінікті тиісті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген.
Оқытудың тілдік мақсаттары
Пәндік лексика және терминология
Диалогқа/жазызылмға қажетті сөздер топтамасы
Оқушылар орындай білуі тиіс:
• сұлба туралы идеяны елестету.Оқушылар сюжетті қойылымның идеясымен бөліседі.
• Қорытынды қойылымның алдында сендер нені жақсартуларың керек?
•Өз оқиғаларыңа қандай әуен таңдайсыңдар?
Сендер… неліктен екенін айта аласыңдар ма?
• Берілген сюжетті сендер қойылым үшін таңдадыңдар ма?
Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша академиялық тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз.
Қысқаша шолу
Басқа бөлімдердегі сияқты, оқушылар шығармашылық жұмыстарында визуалды пішіндерді жасап, аспаптардың сапасын жақсартып, материалдар мен әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды жалғастырады. Жыл бойы алған дағдылары көргендерінің барлығын есте сақтау үдерісінде, сонымен қатар жұмыста шығармашылық құралдарды дұрыс пайдалануына көмектеді.
Олар жарық, көлеңке және көлеңкелі театр туралы негізгі түсініктерін шоғырландырып, зерттеуді бастайды.
Оқу бағдарламасына сілтеме
Оқу мақсаттары
Ұсынылатын оқыту іс- әрекеттері
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)
Оқыту ресурстары
1.2 Тарих, мәдениет, дәстүрлерді білу және түсіну
1.1.2.1
Ұлттық және әлем мәдениетінің әр түрлі өнер туындыларына көңіл бөлу
Сұлбалар (силуэт)
(С) Оқушыларға билеп жүрген немесе спортпен, мысалы, гимнастикамен, жүзумен немесе жаттығулар жасаумен айналысып жатқан адамдардың суреттерін көрсетіңіз. Бұл фильм, фотосуреттер немесе картиналар болуы мүмкін. Сондай-ақ сіз хореографиялық қимылдар көрсете аласыз.
(С) Шамға қарсы тұрыңыз. Жарыққа қарсы тұрғанда, біз өзіміздің жанымызда не көреміз?
Бір түспен боялған кескіндеме сұлба (силуэт) деп аталатынын түсіндіріңіз. Сұлба анық және айқын болуы керек. Оның суретін салуға немесе қиюға болдады.
Оқушыларға сұлбаның көлеңкелі театрда пайдаланылатынын айтыңыз. Көлеңкелі театр алғашқы рет Азияда пайда болған. Сұрақ қойыңыз: Көлеңкелі театрда сұлба қалай қолданылатынын кім айтады?
(С, Т, Қ) Оқушыларға өздерінің қойылымдарына сюжет таңдауды сұраңыз. Оқушылар сұлба жасау үшін ертегілердің кейіпкерлерін бөледі.
(Т, Қ) Жұмыстың орындалу тәртібін түсіндіріңіз:
1. Кейіпкер таңдап ал, оның ерекше қасиеттерін атап бер;
2. Қара қатырма қағазға кейіпкердің сұлбасын сал.
3. Кейіпкердің бейнелерін қайшымен қиып ал;
4. Оны скотчпен таяқтарға жапсырып қой.
(Ұ, Ж, Ө, Т) Оқушылар осы идеялармен жұптасып немесе топпта тәжірибе жасайды. Көлеңкелерді жасау үшін пішін үлгілерін және басқа бұйымдарды пайдалануға болады.
Оқушылар бишілердің түрлі сұлбалар жасайтын қойылымы туралы фильмді көріп, Pilobus тобының (көлеңке театр бишілерінің тобы) динамикалық қимылдарының орындалуын зерттей алады.
Оқушылар көлеңкелі театр туралы, көлеңкелі суретерді қалай жасауға болатындығы жайлы біледі.
Топтық және жұптық жұмыстарды бағалау ұсынылады.
Бағалау критерийлері:
- сұлбаның ертегі кейіпкеріне ұқсауы;
-А5-А4 формат;
-жиек бойынша ұқыпты қиылуы.
Билеп жатқан немесе спортпен айналысып жатқан адамдардың суреттері, мысалы, фильм, фотосуреттер, картиналар
Pilobus тобының өнер көрсетуі-
http://www.youtube.com/watch?v=FYftvseVzuI
Көлеңкелі театр - жарық проекторы, экран
Материалдар: қатырма қағаз, желім, қайшы, таяқша.
2.3 Дайындау технологиялары
2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау
1.2.3.2.
Белгілі бір материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары және т.б.) қарапайым көлемді пішіндерді жасау
1.2.4.1
Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану
Ойлан және құрастыр
(С, Ж, Ө) Идеялары мен жұмысын дамыту үшін 1-сынып бөлімдерінен таңдап алынған бірнеше жұмыстарды көрсетіңіз.
(С, Ө) Оқушылар шығармашылық жұмыстарды өткен бөлімнен таңдап алып, топпен немесе жұппен жұмыс істей алады. Оқушыларға жұмыстарға қарап, салыстыруларын сұраңыз. Жұмыстың сапасы өзгергенін байқадыңдар ма? Бұл неден байқалып тұр? Сендер қай жұмыстарыңмен мақтанасыңдар? Неліктен?
(С) Оқушыларға өздерінің жұмыстарынан көрме ұйымдастыру керектігін айтыңыз. Оларға өз жұмыстарын орналастыратын мінбер дайындау керек.
Мінбер көлемді аспаптарға арналған, ермексаздан жасалған мүсіндерге және тегіс коллаж жұмыстары орналасатындай болуы керек.
Олар өз мінберлерін ескі қораптардан, мектептің орындықтары мен парталарынан құрастырып, маталармен безендіреді. Сонымен қатар көрменің атауын ойластыруға болады.
Көрме үшін жұмыстарды безендіру керек.
Жұмысты қалай безендіру керектігін көрсетіңіз (мысалы, паспарту).
(К) Суретті паспартумен безендірудің кезеңдерін қорсетіңіз. Ол үшін, ең алдымен, суреттің шеттеріне қарау керектігін айтыңыз. Олар тік болу керек. Егер түзету қажет болса, парақтың жиегінен сызғышты тік қойып, тік сызық жүргізу керек. Содан соң қайшымен шетін ұқыпты қиып шығу керек.
(Ө, Қ) Оқушылар нұсқаулық бойынша суретерін безендіре бастайды.
Оқушылар жұмысты орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Мұғалім оқушылардан алдыңғы сабақтан қалауы бойынша таңдауды сұрайды.
Осы бөлімде нәтижелерге, сонымен қатар зерделеуге және идеяларын дамытуға, жетілдіруге көңіл бөлінеді.
Оқушыларға оқу жылының соңғы сабағында жыл бойы жасаған жұмыстарының үшеуінен көрме ұйымдастыратындарын айтыңыз.
Балалар жұмыстарының көрмелерінен суреттер көрсетіңіз. Көрмеде тек картиналар ғана емес, сонымен қатар әр түрлі заттар мен тауарларды да кездестіруге болатындығын түсіндіріңіз.
Оларға бұл заттардың адам өміріндегі әр түрлі салаларына байланысты болатындығын түсіндіріңіз.
Жиектемені оқушылар әр түрлі бөлшектермен безендіре алады (аппликация, өрнек), бірақ олардың жиектеемелері көрерменнің назарын негізгі жұмысқа аударуға кедергі тигізбеуі керек.
Оқушылардың 1-сыныптағы көркем жұмыстары бар портфолиосы
Бірқатар көркемдік материалдар мен құралдар: түрлі түсті қатырма қағаз, желім, қайшы.
3.1.Таныстыру
1.3.3.1
Өзінің жұмысын (эскиз, бұйым және т.б.) қарапайым тәсілдермен таныстыру
Өнер фестивалі
(С) Оқушыларға берілген сабақта талдау жасап, талқылап және өз ойларын айтатыны жайлы түсіндіріңіз.
Сабақты көлеңкелі театр қойылымының бейнежазбасын көрсетуден бастаңыз.
Сұрақтар қойыңыз:
Қай топтың сахналауы сендерге ұнады?
Бәрінен бұрын қойылымның қай сәттері сендерге көбірек ұнады?
Қойылым кезінде қандай қиындықтарға кездестіңдер?
Топтық қойылымда қай тұстарын жақсартуға болар еді?
(Ө, Қ) Оқушылар өз жұмыстарымен таныстырады. Жыл бойы көркем еңбекте алған білімдерінен не шыққандығы, не ұнағандығы жайлы барлық сыныппен бөліседі.
Сабақтың соңында оқушылар өз жұмыстарын егер мектепте сақтауға тиесілі болмаса, үйлеріне алып кете алады.
Оқушылар өздеріне сырт көзбен қарауы үшін, мұғалім сабақтардың барысында жазылып алынған бейнежазбаларды қолдануына болады.
Бейнежазбаны көру сонымен қатар келесі көрсетілімдерде нені жақсарту керектігін көруге көмектеседі.
Соңғы сабағыңызды есте қаларлықтай өткізіңіз. Оқушыларға ашықхат түріндегі шағын сыйлықтармен ынталандырыңыз. Мысалы, "Ең жылдам", «Ең креативті», "Ең белсенді", "Ең ұқыпты".
Оқушылардың 1-сыныптағы көркем жұмыстары бар портфолиосы
Оқушылардың қойылымына арналған әуен
Қысқа мерзімді жоспар Сабақ жоспары Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.
Қалыптастырушы (формативті ) бағалау (ҚБ) бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтар құжатынан таңдап алынған ОМ үшін жетістік критерийлерін көшіріп алыңыз.
ҚБ үшін таңдап алынбаған ОМ үшін жетістік критерийлерін өзіңіз құрастырыңыз.
Тілдік мақсаттар
Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.
Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Құндылықтарды дарыту
Осы сабақта балалардың бойына сіңіруге арналған кіріктірілген оқу бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды көрсетіңіз.