«1 сыныпқа арналған қЫСҚаша мәтіндер жинағЫ» Тауық, тышқан және құр



бет11/17
Дата12.10.2022
өлшемі58,01 Kb.
#152735
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
мәтіндер

Қорқақтық жараспайды.
Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды.Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады.Жаңбыр жауып, күн күркірегенде кірерге жер таппайды.Бірде күн бұлттанып, майда жауын сіркіреп жауа бастады.Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқанбыз.Асан қақпашы еді.Ол дегбірсізденіп, абыржи бастады.Ретін тауып ойыннан шыққысы келді.Сөйткенше болмай, аспан жарқ-жарқ ете түсті.Асанның зәресі ұшты, балалар ойынды тоқтатып,қақпаның жанында үйіріліп тұрды.Асанды найзағайдан қорықпауға, жауынның өткінші екенін айтып сабырға шақырды.Асан үйіне тура жүгіруге балалардан ұялды.Қанша қорықса да, шыдауға бекінді.Біраздан кейін жаңбыр басылды.Ойын қайта жалғасты.
Аю мен бөрене.
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты.Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекей шұбырып, оны жегісі келіпті.Аю ағаш басына өрмелеп шығып,ұяға жақындағанда,ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты.Балға ұмтылған аю оны итеріп жіберді.Әрі серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда аюдың басына сарт ете қалды.Қара күшіне сенген өжет аю ашуланып одан бетер қатты итерді.Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналды.Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде,қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып түсірді.
Жолда.
Бұзауымды өріске айдап тастап,үйге қайтып келе жаттым.Жолдың жиегінен қыбырлап кетіп бара жатқан тышқанның баласын көріп, тұра ұмтылдым.Ол жан сауғалап шөптің арасына кіріп кетті.Аяғымды дыбыссыз басып барып қарасам,жапырақтың арасында бұғып, көзі жылт-жылт етіп бүрісіп жатыр.Бұл-менен жасырынған түрі, Шыбын-жанын қоярға жер таба алмай дір-дір етіп, ажалды күтіп жатқан тышқан баласының мүшкіл халі маған өте аянышты көрініп кетті.Таптап тастамақ болып көтере берген аяғымды кейін тартып алдым да, бұрылып жүре бердім.Кетіп бара жатып артыма қарасам, тышқанның баласы да жасырынған жерінен шығып,әрі қарай жорғалап барады екен.
Тоғайда
Балалар тоғайға барды. Олар тоғайда гүл, жидек терді. Тоғай жанында өзен бар. Балалар өзеннен балык аулады. Тоғайда құстар сайрап, аралар ұшып жүр. Балалар жақсы тынықты. (25 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет