«1 сыныпқа арналған қЫСҚаша мәтіндер жинағЫ» Тауық, тышқан және құр



бет2/17
Дата12.10.2022
өлшемі58,01 Kb.
#152735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
мәтіндер

Бүлдірген тере барғанда
Бір топ бала бүлдірген теруге бармақ болды. Олар таңертең ерте тұрды. Түсте ішетін тамақ, бүлдірген теретін шелек, себет алды. Балалар бүлдірген өсіп тұрған жерге жетті.Бұл жер жап-жасыл. Жасыл кілем төсеп тастағандай. Ойпандар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек. Айналаға көз салсаң, жер дүние маужырап тұр. Не деген сүлу табиғат!Балалар біраз тамашалап бүлдірген теруге кірісті. Бүлдіргенді тойғанша жеді. Апарған ыдыстарын да толтырды. Сонан соң ағаш көлеңкесіндегі көгалға отырып дем алды, түскі тамактарын ішті. Кешке қарай ауылға қайтты. Бұл күн балаларға өте қызықты өтті!
Құлын.
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Оны ана ағашқа байлап қойды. Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі - ақ.Жанына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекел еттім. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, қарап тұрды. Қайта келіп, есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. «Жануар - ай, шөлдеген екенсің ғой» деп ойладым.
Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым. Құлын жасқана басып суға жақындады. Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп, пысқырынып шегінді. Суды азайтып ағыздым. Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті. Осылайша екеуіміз достасып кеттік. Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады.


Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр.
Екеуі допты әрі тепті, бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алды.
Сыртқа беттеген. Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
- Қорықпа. Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,- деді Асқар.
- Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін,- деді Ораз.


Жаман жолдас.
Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті. Олардың біреуі әлсіз, ауру екен. Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап, жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді. Ауру, әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды. Ол жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен. Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп, дыбысы білінбеген соң, жөніне кетеді.
Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп,ауру досынан:
- Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?- депті.
- Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді,- деп досы жауап беріпті.
Торғай.
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды
Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр-шыр етеді. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.
Мен итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды.
Қолқанат.
Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен. Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Біз оянып, далаға шыққанда, Сәкен есік алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады. Біздің күндегі әдетіміз – осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз.
“Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады. Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып:
Ұннан жасалады. Нанды қастерлеу керек. Тоқаш
Жерге тастауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет