1-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау



бет12/50
Дата19.04.2024
өлшемі211,72 Kb.
#201045
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Байланысты:
1 сынып КТЖ 399 2023-2024 о ж

Ана тілі
Түсінік хат
(Барлығы – 102 сағат, аптасына -6 сағат)
2023-2024 оқу жылына арналған ана тілі пәнінен 1- сыныптың күнтізбелік-тақырыптық жоспары келесі құжаттарға негізделіп жасалынды.

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (2020 жылғы 28 тамыздағы №372 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2021ж 20 тамыздағы №415 бұйрығы (2012ж 8-қарашадағы №500 бұйрығы). 1 – қосымшасы 1-4 сыныптарға арналған.

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 175-қосымша

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығы

        • Әліппе оқу бағдарламасы 1-сынып

        • Ана тілі оқу бағдарламасы 1-сынып

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 286 бұйрығы

  • 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат (2021 жылғы 13 мамырдағы №5 хаттама).

Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады:





дыбыспен жаттығу

оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту

әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу

білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу


  • Әріп таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.

  • «Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету арқылы білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

  • Тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек. І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады. Тыңдалым мен айтылымның ерекшілігі: тыңдалым материалының көлемі: 30 сек – 1 мин. Оқылымның ерекшелігі: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөз саны 2-6-дан аспауы керек.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар


Ана тілі пәні 1«А» сыныбы
Барлығы: 102 сағат, аптасына 6 сағат

Алматы «Атамұра» 2021 ж.


Оқулық авторлары: Уаисова Г.И. , Сәдуақас Г.Т. , Бесірова А.С.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет