Күні:
Сынып: 1
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Менің үйім
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Адам – отбасы мүшесі.Отбасындағы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас.Кеңпейілділік таныту.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы:Жаңа білімді түсінеді.
Көбі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, ана тілі сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Шаттық шебері
|
Сабақтың ортасы
8 минут
1 минут
5 минут
3 минут
16 минут
|
Шығармашылыққа тапсырма.
Ғажайып өлеңін оқып беріп, түсінген сезімін суретте бейнелеулерін сұраймын.
Менің отбасым деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру.
Мен әдепті баламын өлеңін бірге айтамыз.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)
Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,
Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).
Жұмбақ шешіп, дамалайық!
Суретті жұмбақ
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)
|
|
|
Сергіту сәті
Оқулық, дәптерлер.
Тренинг
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Оқушыларға бір-бірімен танысу үлгісін көрсетеді. Өзара танысу барысында қандай сұрақтар қоюға болатынын талқалайды.
- Сенің атың кім?
- Сен неше жастасың?
- Саған қандай ойындар ұнайды?
- Сенің сүйікті ойыншығың/затың?
Берілген бөлімді өзіңізге ұнайтын бір затты көрсетіп, оның сізге несімен ұнайтынын, біршама дәлдікпен жан-жақты сипаттаудан бастаңыз.
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|