Аспаптық зерттеулер
Эхокардиография
Эхокардиография ӨГ диагностикасында маңызды зерттеу болып табылады, себебі бағдарланған диагноздан басқа шақыртылатын алғашқы бұзылыстарды айқындауға мүмкіндік береді (шунттілеумен ЖТК, жүректің сол жақ бөліктерінің бұзылысы, мүмкін болатын кардиалды асқынулар).
Допплер-эхокардиографикалық әдіспен диагнозды қою критерийлері
(3-кесте)
3-кесте
ӨГ допплер-эхокардиографикалық диагнозы [1]
ЭхоКГ белгілері:
|
ӨГ жоқ
|
ӨГ мүмкін
|
ӨГ ықтимал
|
Трикуспидалды регургитацияның жылдамдығы
|
≤2,8м/с
|
≤2,8м/с
|
2,9 – 3,4м/с
|
>3,4м/с
|
ӨАОҚ
|
≤36мм.сн.бғ
|
≤36мм. сн.бғ
|
37-50мм. сн.бғ
|
>50мм. сн.бғ
|
Қосымша ӨГ ЭхоКГ белгілер **
|
жоқ
|
бар
|
жоқ / бар
|
жоқ / бар
|
Ұсыныстар тобы
|
I
|
IIa
|
IIa
|
I
|
Дәлелділік деңгейі
|
B
|
C
|
C
|
B
|
Ескерту:
1.допплер эхокардиографияның жүктеме сынамалары ӨГ скринингі үшін ұсынылмайды (III ұсыныстар тобы, дәлелділік деңгейі С).
2. ӨГ белгілері: жүректің оң жақ бөліктерінің, қақпақша мен өкпелік артерияның өзегінің дилатациясы, аномальды қозғалыс және қарыншааралық шымылдықтың қызметі, оң жақ қарынша қалыңдығының үлкеюі, өкпе артериясының қақпақшасындағы регуртация жылдамдығының көбеюі, ПЖ-дан ӨА-ға лақтырыс акцелерациясы уақытының қысқаруы.
3. ОҚСҚ = 4v2+ ОЖҚ
4. ОЖҚ – төменгі жайылма тамырының параметрлер немесе яремді тамырдың ұлғаю көлемі бойынша есептеледі.
Жүректің оң жақ бөліктерін катетерлеу және вазореактивті тестер
Жүректің оң жақ бөліктерінің тонометриямен және вазореактивті тестіні өткізумен катетерлеу ӨАГ диагнозын қою үшін міндетті зерттеу болып табылады.
Жүректің сол жақ бөліктерінің ауруларын диагностикалау үшін КАГ-ті өткізу қажет.
Жүректің оң жақ бөліктерін катетерлеу кезінде нақтылауға қажетті ең төмен көлемі:
- Өкпе артериясындағы қысым (систоликалық, диастоликалық және орташа);
- Оң жақ қарыншадағы, оң жақ жүрекшедегі қысым;
- Жүректің лақтырысы;
- төменгі және жоғары жайылма тамырдағы, өкпе артериясындағы, жүректің оң жақ бөліктерінде және жүйелі қанайналымында оттегінің сатурациясы;
- ӨТҚ;
- ӨКЗҚ;
- Патологиялық шунттардың бар/жоқ болуы
- Вазореактивті тестке реакция
Вазореактивтілікке тесттің нәтижесі, егер ӨАСҚ > 10 мм сн.бғ. төмендейді немесе < 40 мм сн.бғ. абсолютті шамаға жеткен кезде (жағымды жедел реакциясымен науқастар), жағымды болады.
Вазореактивті тестіні өткізу үшін препараттардың қолдануы 4-кестеге сәйкес қолданылады.
4-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |