Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі: Негізгі және қосымша диагностикалық әдістерді қолданудың негіздемелері кестелерде көрсетілген (2, 3-қосымшалар).
11.1 Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін динамикалық бақылау үшін негізгі (міндетті) диагностикалық қаралулар: 1. 6 параметр бойынша қанның жалпы талдауы (жартыжылдықта 1 рет)
2. ЭКГ (тоқсанда бір рет )
3. ЭхоКГ( әр 3-6 ай сайын)
4. Кеуде қуыс мүшелерінің екі кескінде (тік, сол жақ бүйір) рентгенографиясы (клиникалық көрсетілімдер бойынша жылына 1 рет)
11.2 Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін динамикалық бақылау үшін қосымша диагностикалық қаралулар:
1. Кеуде қуысы мен көкірекаралық МРТ-сы
2. Аяқ-қол перифериялық тамырларының дуплексті сканерлеу
3. pro – BNP деңгейіне қанның талдауы (әр 3-6 ай сайын)
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальды тізімі: 1. 6 параметр бойынша қанның жалпы талдауы
2. Кардиолипинді антигенімен преципитация микрореакциясы
3. АИТВ-ға, В, С гепатиттеріне ИФА
4. ЭКГ
5. ЭхоКГ
6. Кеуде қуысы ағзаларының екі кескінде (тік, сол жақ бүйір) рентгенографиясы.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық қаралулар (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаторлы деңгейде жүргізілмеген диагностикалық қаралулар жүргізіледі):
1. 6 параметр бойынша қанның жалпы талдауы
2. pro – BNP деңгейіне қанның талдауы
3. ЭКГ
4. ЭхоКГ
5. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы (өңештің контрастілеумен тік және бүйір жақты кескіні).
6. Жүрістің алты минуттік тесті
7. Ангиопульмонографиямен жүректің оң жақ бөліктерін катетерлеу
8. Спирография
9. КТ ангиопульмонография