1. Ситуациялық есеп



Дата20.12.2021
өлшемі13,88 Kb.
#103727
Байланысты:
2 ситуациялық есеп


1.Ситуациялық есеп.

48 жастағы ер адам қайтыс болды.Аутопсия кезінде бір бүйрегі кішірейгені, ал екіншісі ұлғайғаны анықталды.Бүйректермен қандай потологиялық процес болған? Мұның қандай себептері бар? Қандай асқынулар болуы мүмкін?

Жауабы:

1. Бір бүйректе викарлы гипертрофия мен екіншісінде бүйректің гипофлазиясы. Екінші бүйрек семіген бүйректің қызметін өз мойнына алғандықтан, көлемі ұлғаяды.

2. Себептері – туа біткен гипоплазия, қабыну, нефроз, гломерулонефрит, екінші бүйректі операцияда алып тастау.Гипертрофия – викарлы.

3. Асқынуы -жіті бүйрек жетіспеушілігі.

2.Ситуациялық есеп.

Жас бала менингококкты инфекциямен ауырғаннан кейін басының ұлғаюы байқалды. Вентрикулография кезінде мидың бүйір қарыншаларының ұлғаюы байқалды. Бұл потологиялық процесстің даму механизмі қандай? Бас миының мұндай ауруы қалай аталады? Бүйректегі мұндай процесс қалай аталады? Мұндай ауырудың нәтижесі қандай?

1. Жұқпалы ауру нәтижесінде ликвордың ағуы нашарлап, нәтижесінде қысымдық атрофия дамыған.

2. Бұл ауру – гидроэнцефалия.

3. Бүйректегі мұндай процесс гидронефроз деп аталады.

4. Нәтижесі жағымсыз – үдемелі деменция, ОЖЖ және тағы басқа жүйелердің функцияларының бұзылуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет