№1 СӨЖ: Әлеуметтік өзгерістерді сипаттайтын категорияларға талдау жоспар


Конфликт теориясы: технология, билік және әлеуметтік өзгеріс



бет9/10
Дата25.12.2021
өлшемі414,31 Kb.
#105287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2,4, Силлабус ЛВТ 2020-2021 оқу жылы, Силлабус ЛВТ 2020-2021 оқу жылы, психология сабак11, 1. леуметтану а кіріспе. леуметтанулы иял леуметтанулы орта , 1. леуметтану а кіріспе. леуметтанулы иял леуметтанулы орта , 17-билет, КЕРЕК, ережелерімен танысуы (копия)
Конфликт теориясы: технология, билік және әлеуметтік өзгеріс

Конфликтология теорияшылары өзгерісті жаңа технологияларды қоса алғанда бәсекелес топтардың күресінің нәтижесі деп санайды. Сонымен бірге конфликтология теорияшылары қолында мол билігі бар адамдар технологиялық және әлеуметтік өзгерістерді өз мүддесіне бағыттайды деп түжырымдайды. Қақтығыс және құлдырау сипаты бар процесте әлеуметтік қүрылым өзгереді. Өйткені ықпалды топтар өзгеріс үшін немесе қалыптасқан жағдайды сақтау үшін әрекет етеді. Торстейн Вебленнің (Thorstein Veblen, 1919) айтуынша, қалыптасқан жағдайдан пайда тауып отырғандар оны сақтау үшін бар күшін салады. Заңды мүддені көздеушілер қалыптасқан жағдайды сақтауға немесе өзгертуге тырысады. Әлеуметтік өзгерістен залал көрген топтар мен адамдар қалыптасқан жағдайды сақтағысы келеді. Ал өзгерістен пайда табатындар, керісінше, жаңашылдықты қолдайды

Электр компапиялары электромобильдерді сатуға мүдделі. Бірақ бұл жанармай компанияларының мүддесіне сай келмейді. Колледж студенттері ғаламтордан оқулықты тегін жүктегісі келеді, ал баспаханаларға бұл тиімді емес. Технологияның артықшылықтары сияқты шығындары да тең бөлінбейді. Конфликтология теорияшылары әдетте шығынға әлсіздер ұшырайды дейді. Корпорацияларға көппайда түсіретін ауаны ластаушы фабрикалар кедей-кепшік тұратын аудандарда орналасады

. Олар ешқашан Беверли Хилз немесе Скарсдейл сияқты аудандарда болмайДы. Эволюциялық теориялар сияқты әлеуметтік өзгерістерге қатысты конфликтологиялық көзқарас та тек болжамға ғана сүйенбейді, эмпирикалық зерттеулермен дәлелдейді. Конфликтологиялық көзқарас жөніндегі жалпы түсінік бойынша, қоғамда байлығы, мәртебесі мен билігінің үлесі әркелкі қалыптасқан адамдар жағдайды сақтап қалуға тырысады. Қазіргі қүбылмалы қоғамда бұл түсінік өзгеріп кетуі де мүмкін: қуатты топтар, жеке адамдар мен ұйымдар да қолдауға бейім болып, технологиялық инновацияларға қарсы шығуы ықтимал.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет