1 СӨж тақырыбы: Инклюзивті білім беру моделі



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі45,18 Kb.
#88206
  1   2   3   4
Байланысты:
№1 СӨЖ
10БЖБ13.05, 10БЖБ13.05, 10сыныпТЖБ4-т, №1 СӨЖ, Математика 1сынып 1Абөлім Сандар және цифрлар Ондықтармен санау ТАНЫСТЫРЫЛЫМ, matematika, Математика 1 сынып 1 А бөлім Сандар туралы ұғым Мен қандай сан жасырдым «Он-оннан қосып сана» САБАҚ ЖОСПАРЫ, 2-күн. Бағалауға арналған тапсырма, 5000 7000 English words, 2 5262628598929429415, Есту және көру рецепторлары қызметтерінің механизмі, Гиподинамия. Cымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу шаралары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
КАФЕДРА «ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА»

1 СӨЖ


Тақырыбы: Инклюзивті білім беру моделі.


Орындаған:Бектасова Балнұр Мұратқызы
ТП-18-2к1
Қабылдаған: Сұлтанова Камила


Инклюзивті білім беру моделі.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, «...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады» - деген болатын. Бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру – білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады.


Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, әртүрлі психикалық-физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың көбеюіне әкеліп, соқтырып отыр.
Инклюзивтік білім беруді дамытудағы басты бағыт − дамудағы ауытқуларға ерте араласу − жеткіліксіз дамуда. Бүлдіршін жастағы балаларды түзету-педагогикалық көмекпен қамтудың төмендігі дамуында ауытқуы бар балаларды оңалтудың тиімділігіне кері әсерін тигізіп отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды сүйемелдеу бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін (ППТК) ашу қажеттілігі 54 бірлікті құрайды. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды түзету көмегімен қамтуы жеткіліксіз (10-нан 40 %-ға дейін).
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты − бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау. Жоғарыда көрсетілген мәселелер мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруде әдістемелік ұсынымды әзірлеуге түрткі болды.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет