19-СҰРАҚ.Сәбит Мұқановтың абайтануға қосқан үлесі: еңбектеріне талдау жаса Абайдың әдеби мұрасын тану мәселесінің көптеген қаламгерлер еңбектерінде, сыни ойларында әр қилы деңгейде көрінгені де белгілі.Осы кезеңде Мұқанов еңбектерінде Абай мұрасы әр түрлі деңгейде көрініп, ақынды «байдың Абайы - біздің Абай емес» дегенді айтты («Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер» атты мақаласында). Бірақ жазушының Абайға өнер иесі ретінде қарап, үлгі еткен тұстары мол болды. Талдау: Ол «Абай - халық ақыны» атты көлемді мақаласында (1939) өзінің Абай туралы бұрынғы ойларының теріс екенін мойындап, көрісінше ақын шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін әділ бағалау арқылы ағартушы-демократ, ұлттық поэзияның үздігі дәрежесінде таныды. Талдау: С.Мұқановтың Абай жөнінде зерттеулер жасағанын «Жарқын жұлдыздар» (1964) монографиясы дәлелдейді.Абай - зор кісі. Ол - зор ақын да, зор ойшыл да, зор қоғамшыл да, зор күресшіл де. Оның осы бейнелерін түгел қамту, әрине, оңай міндет емес. Сондықтан Абайды толық зерттеу, толық ұғу бір жылдың, я бір ұрпақтың міндеті ғана емес, көп жылдардың, көп ұрпақтардың міндеті. Қазақ поэзиясының ұлттық табиғатынан туатын екі заң бар: «Бірінші - төрт буыннан артық буыны бар сөзді қазақ поэзиясы қабылдаған емес. Төрт буыннан артық буыны бар сөз қазақ поэзиясына кірсе, ондай сөз поэзияның ырғақтық заңын тасталқанғып бұзып, поэзияны прозаға айналдырып жібереді. Екінші – қазақтың «сөз буыны» дегені, мәселең, орыстың сөз буыны емес. Қазақ сөзінде бес әріпті буын түгіл, «жұрт, «құрт», «сырт» сияқты төрт әріпті сөздер сирек көздеседі. Қазақ сөзінің басым көпшілігі үш әріпті буындардан құралады, Қазақ поэзиясы буынында үш өріптен артық әрпі бар сөзді талғап қабылдайды» деген теориялық ойлар Сәбиттің терең зерттеуші екендігін көрсетіп, әдебиеттануға зор үлес болып қосылады. Осы ойын әрі тарамдата келіп, «Абайға шейін қазақ өлеңдерінде үш түрлі түр болатын», - деп, «жыр» мен «қара өлеңге» тоқтайды да, үшінші түр деп атағанына терең талдау жасамайды. Қалай болғанда, Абайдың ақындық шеберлігін, қазақ өлең жүйесіне жасаған реформалары мен жаңалықтарын ашып берді.Осы үшеуінен басқа өлең түрі Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясында жоқ. Абай осы үш түрдің үшеуін де өзінің шығармаларында үнемі қолданады. Бірақ қазақ поэзиясындағы өлең құрылысындағы бұл үлгілерді Абай бұрынғы дәстүрлі күйінде ғана қабылдамай, ол үлгілерді өңдейді, өнерлендіреді» деп білді. «Жарқын жұлдыздар» монографиясыңда ақын өскен орта, ата-тегі, өмір көзеңдері, дүниеге, сөз енері- не көзқарасы туралы зерттеу жүргізіп, тиянақты тұжырымдар айтты. Жазушы сөзімен айтсақ: «Абайды - ататегінде, өз өмірінде, ақындық таланты мен шеберлігін де, оқу-білім де, жалпы адамдық, өз ұлтының пікірлерін де, өміріндегі, шығармаларындағы күшті я әлсіз жақтарын да түгел қамту » көзделді. Талдау: Сәбит Мұқанов «Абай Құнанбаев» дейтін монографиялық еңбегінде даналық қорытындыларға, қанатты, ғибратты ойларға мейлінше бай қарасөздеріне зейін аударады. Қарасөздеріндегі көркемдік шеберліктің бірсыры ақынның дарынды шешендердің мұрасын жетік Һәм терең үйреніп білгендігінен деп түйіндейді. Сәбит Мұқанов Абай поэзиясының бейнелілік–суреттілік жүйесіне, ақындық тілі мен құрылысына талдау жасайды. Осы еңбегінде: «Ұлттық тіл - сол ұлттың тіршілігінің айнасы да, құралы да. Әрбір ұлттың тілі - сол ұлттың барлық мүшесіне түсінікті бола білсе ғана тіршілігінің айнасы мен құралы болады», -деп жазды. Шынында да, Абай поэзиясы – қазақ өмірінің айнасы. Демек, ол ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқап айдаланған, соның ну орманына еркін шүйгіген ерен дарын. С.Мұқанов ұлы ақын туындатқан шендестірулерге, ауыстыруларға, теңеулерге, әсірелеулерге ой сәулесін түсіреді. Олардың қазақ халқының шаруа кәсібімен, тұрмыс-салтымен, аңшылық, малшылық дәстүрлерімен төркіндес, тамырлас екендігін баяндаған, Абайдың қазақ өлеңіне енгізген өзгөріс-жаңалықтарына тоқталған. Фольклорлық поэзияға жыр үлгісі мен қара өлең шумағы тән болса, ал қазақтың жазба поэзиясына Абай жиырмаға жуық түр қосты деп пайымдайды. Абай жыр үлгісімен «Өзгеге, кеңлім, тоярсың...», «Болыс болдым мінеки...», «Жаздыгүн шілде болғанда...» сияқты өлеңдерін шығарған. Мұнда «бірқалыпты үйлес жиі қолданылғандығын» ескертеді зерттеуші. Ақын енгізген жаңалықтарды анықтау үстінде, оның өлеңдерінің буындық, тармақтық, ұйқастық, шумақтық, ырғақтық құрылысының ерекшеліктерін есепке алды. Абайдың қазақ өлеңіне кіргізген ұшан-теңіз өзгерістерін осылайша жіктеді: «Асылы «осы жаңалықтарында Абай қазақ поэзиясына тән занды (өлеңге терт буыннан артық буыны бар сөз қоспау, қазақ сөзінің буын құрылысын сақтау)бұзбайды, қатты сақтайды». С.Мұқанов Абайдың композиторлық шеберлігіне де назар аударды. Ол музыка зерттеуші А. В.Затаевичке Абайдың «Татьянаның Онегинге жазған хатын» өзі орындап, нотаға түсірткен. Ақындық жолда Мұқанов Ұлы Абай шығармаларын зерттеу устінде өзі де одан көп мағлұмат алды. С.Мұқановқа «Аққан жұлдыз» романы үшін Абай атындағы Мемлекетік сыйлық берілді.