1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ.Абайдың қоғамдық қызметі:болыстық,статистикалық комитеті,қамқоршылар комитеті,Қарамола төтенше сьезі,Сенатқа хат



бет2/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал
АБАЙ 25 ӨЛЕҢ
2-СҰРАҚ.Абайдың қоғамдық қызметі:болыстық,статистикалық комитеті,қамқоршылар комитеті,Қарамола төтенше сьезі,Сенатқа хат
БОЛЫСТЫҚ ҚЫЗМЕТІ:
Абайдың ел алғаш болыстыққа сайлануы 1866 жылдан басталуына ағасы Құдайбердінің ерте қайтыс болуының әсері мол. Себебі 1865 жылы шілде айындағы кезектен тыс болыстық сайлауда Күшік Тобықты болысына болыстыққа Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сайланады. Ал оған кандидат болып Абай белгіленген болатын. Өкінішке орай 1866 жылы сәуір айында Құдайберді қайтыс болады. Кандидат болып сайланған Абайға осы қызмет жүктеліп, осы кезде Күшік Тобықты елінде қызметке кіріседі. Бұл туралы Бейсенбай Байғалиев «Абай өмірбаяны архив деректерінде» еңбегінде Абайдың болыс ретінде 1866 жылдың 11 маусымында, 13 шілдеде, 29 қарашада Рапорттарға қол қойғандығы айтылады. Шынында да Абай Омбы қаласына қазақ балаларын орысша оқыту үшін арнайы ашылған мектепке көпшілік ортасынан Баймұса Тәңірбердин деген баланы жіберу туралы Рапортқа қол қояды. Бұл дерек ғылыми айналымға енген. Абай 1872-1874 жылдары Күшік Тобықты болысына екінші рет болыс болады. 1876-1878 жылдары – Абайдың Қоңыр - Көкше еліне болыс болып сайланады. Абайдың бұл жолы болыс болуының ерекше себебі болады. Естеліктерде айтылғандай Қоңыр Көкше болысы басында он бір старшын ел кірген екен. Оның төрт старшыны Көкше, екі старшыны Жөкең, төрт старшыны Мамай, бір старшыны Мырза рулары еді. Кейіннен оған бір старшын Жігітек, бір старшын Бөкенші қосылып он үш старшын болады. Әр рудан қосылған болыстық ішінде түрлі талас-тартыстар да шығып, ұрлық, барымта көбейіп, бір-бірінің үстінен арыз-шағымдар да көп болып, елдің берекесі кете бастапты. Енді оларға болыс сайламақ болғанда талас-тартыстың көп болатынын сезгендіктен «сырттан болыс қою керек, яғни ояз бен жандаралдың өз ұйғаруымен қойылсын» деген шешімге келеді. Және де елді дұрыс жолға салатын әділ мықты адам болсын деседі. Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов естелігінде айтылғандай: «Сол Коңыркөкше болысына ояз бен жандаралдың лайықты деп тапқан адамы Абай болады. Сайлаусыз «назначение» ұйғаруымен болыстыққа Абай сайланады.Коңыр Көкшедегі болыстық кезеңі Абай өмір жолында ерекше орын қалдырғаны айқын. Ел басқару ісінің ауыртпашылығы пен әурешілікті көп көреді. Тек Қоңыр - Көкше болыстығының ішіндегі ғана емес жалпы ел арасындағы сан алуан оқиғалар Абайға үлкен әсерін тигізеді. Елінің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын, мал және егін шаруашылығы жайын, тұрмыс-тіршілігін үнемі назарына алып отырды. Өлеңдері мен қара сөздеріндегі халық тұрмысының мән-шайына баруда осы ел тіршілігімен біте қайнасуында жатқандықтан да болар. Абайдың туған халқы үшін жанталасып еңбек етуі өз елінің басқа мақсат көздеген жекелеген адамдарына жақпай да жатады. Әділдік пен адалдықты темірқазық етіп ұстанып, өмірлік қағидасына айналдырған Абайдың ел басқарудағы ісіне жаптым жала, жақтым күйе дейтіндей жағдайлар да осы жылдары белең алады. Үзікбай Бөрібаевтың атынан жазылған арыз бойынша Абайдың болыстық қызметін тексеру жұмыстары да жүргізіледі. Әйтсе де тексеріс нәтижесінде Абайдың болыстық қызметін асыра пайдаланбағаны, ешкімге зорлық-зомбылық, қысым жасамағаны, пара алмағаны дәлелденіп, оның үстінен жазылған арыздың жалған екені тергеуші тарапынан дәлелденеді. Әйтсе де оған Бөрібаев келіспей қайта шағымданып, Семейдегі уезд начальнигіне, әскери-губернаторға арыз жазады. Жалпы ұзаққа созылған осы тексеріс барысында 600 дей адамнан сұрақ-жауап алынып, арызда көрсетілген жайлар жан-жақты қарастырылады. Арызға Абайдың халықаралық дәрежедегі ұлттардың береке-бірлігін, елдің тыныштығын ойлап, әрі тәртіпке шақырып, үндеуге қол қоюы себебі де болғандай.Қорыта айтқанда А.Құнанбаевтың ұзақ жылдар бойы ел басқару ісімен айналысады.Болыстық қызметтерді атқару Абай өмір жолындағы елеулі бір кезеңдерден тұрғандығын архив құжаттары мен естеліктерден көре аламыз. Абайдың болыстық қызметті таңдауының да өзіндік себебі бар. М.О.Әуезов сөзімен айтсақ: «1897 жылға шейін Абай ел сөзі мен ел жұмысынан шыға алмай қойғанда, көбінесе әділ билікпен тыныштық орнатып, тым болмаса дау-шарды тоқтатармын деген үмітте болған».
Ақын өзі де:
Болды да партия,
Ел іші жарылды.
Әуремін мен тыя
Дауың мен шарыңды.
Әділдік пен ақиқат негізгі ұстанымы болған Абайдың туған халқының жағымсыз, кереғар кейбір мінездерін, ұнамсыз қылықтарын тек әдеби мұрасы, өлең әлемі, ақыл-ойымен ғана емес, ел басқару арқылы түзу жолға салуды мақсат тұтқандығы айқын.Түзетпек едім заманды,Өзімді тым-ақ зор тұтып,-деуінің себебі де осында. «Болыс болдым мінекей, бар малымды шығындап» деп болыстық жолды ащы әзілмен сынға алатыны да бар.
СТАТИСТИКАЛЫҚ КОМИТЕТ:Зерттеушілер комитетті құру¬шы¬лардың бірі орыс оқымыстысы Е.Михаэлис екенін жазады. Тіпті Абайды комитетке мүшелікке тарт¬қан да осы Е.Михаэлис көріне¬ді. Бұл жайында Шығыс Қазақстан облыс¬тық Абай атындағы әмбебап кітап¬ханасының анықтамалығында былай делінген: «Евгений Михаэлис – облыстық Статистикалық комитетті құрушылардың бірі болды және оның хатшысы қызметін атқарды. ...Семейде 1869 жылдан бастап ұзақ уақыт тұрып, қызмет істеді. Оның Ертіс өңірі қазақта¬ры¬ның өмірі жайлы зерттеу еңбектерін жазатыны да, оның ұсынысымен Абайдың облыстық Статистикалық комитетке құрметті мүше болатыны да осы жылдар. Ал кейін комитеттің тапсыруымен Абай қазіргі «Қара сөздерінің» ішіндегі ең бір ерекшесі «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» зерттеу еңбегін жазады». Соған қарағанда, Абайдың «Қара сөздерін» жаза бастауы оның ко¬митет мүшелігіне қабылданған ша¬ғымен тікелей байланысты секілді.Абай Статистикалық комитетке қандай үлес қосты? Семей облысын¬да және Семей қаласында санақ жүргізген адамның бірі Абай бола¬тын. Бұл жайлы публист, профессор Кәкен Хамзин: «Абай мен Михаэлистің тізе қоса жұмыс атқарған жері – Семей облыстық Статистикалық комитеті. Облыстық әкімшілік шенеунігі әрі Статистикалық комитет мүшесі ретінде Е.Михаэлис бас болып 1876 жылы бүкіл Семей облысы бойынша мал мен жанның, алынған өнімнің санағы өткізіледі. 1882 жылы 15 наурызда Семей қаласының өзінде бір күндік санақ жүреді. Облыстық санақ жұмысына ел басында болған Ибрагим Құнанбаев, хорунжий Арын Қазан¬ғапов, Ысқақ Құнанбаев, Чернояр поселкесінің атаманы Потанин мықты бейіл береді. Сол кезде Қоңыркөкше болысының қызметінде жүрген Абайдың кирилицамен өз қолы қойылған статистикалық құжат бар», – деп жазады.Статистикалық комитет Семей өңірінің тарихы мен географиясы, этнографиясы, қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне қатысты да тың деректер жинады. Комитет мүшелерінің бәрі дерлік осындай тың тақырыптарды індете зерттеп, ол еңбектерін ай сайын шығатын Семей облысының «Памятная книжка» үнпарағына жариялап отырды. Абай да осы «Памятная книжкаға» арнап бірқатар мақала дайындады.1887 жылы Семейде Бастауыш білім беру қоғамы құрылды. Абай осы қоғамның да мүшесі болды. Ста¬тистикалық комитетке қарап келген кітапхана мен музей 1893 жылдың 1 тамызынан бастап осы Бастауыш білім беру қоғамының меншігіне өтті.
ҚАРАМОЛА ТӨТЕНШЕ СЬЕЗІ:1885 жылы Қарамоладағы қабылданған ереже қазақ әдет-ғұрып құқығының құн дауы, жесір дауы, мал дауы, бұларды шешу жолдары, сот жүргізу сияқты және тағы басқа маңызды жақтарын қамтыды. Ережеде билерді дауласқан жақтардың таңдап алатыны, ал олардың санын басшылық шешетіні көрсетілген. Әр жақтан таңдап алынатын билердің саны үштен аспау керектігі, олардың саны жұп болса, шешім шығаруға қиын болатыны айтылған.
Сол съезді басқаруға Семейдің уездік начальнигі шықпақшы болып, бір ай бұрын хабар берілді. Жоғарғы төрт уез елдің әрбір болыс басына съезде отыруға бір-бірден би сайланып келсін деп бұйрық берді.Ел жиналмақ шамасында Зайсан, Өскемен уезінен сайланған 20-40 шақты билер Ақыбет Керей, Рақыш Тәти баласының ауылына келді. Рақыш Семей уезіне қарайтын Керей, Матай, Уақ дейтін аз ауылдарға әмірі жүріп тұрған беделді кісісі болатын. Зайсан, Өскемен билері келген соң Рақыш өзіне қарайтын төрт бес болыс елдің би-болыстарын шақыртып алып, бас қосып осы болашақ съезде өз атағандарын істеуге уәделесті. Бұлардың жауламағы төрт болыс Тобықты болды, оның ішінде көздеген мақсаты - Абайды табан астына бір салайық деп уәделесті.Абай съезге келсе, тағы көнбей кетеді. Сондықтан алдын-ала уезге жамандап жазайық, барлық болыс-билер мөр басайық десті. Бұл үш уез ел баталасып алып, Керекуден келген билерге кісі салды. Біз үш уез ел Абайдың көзін жоғалтпақ болдық, сендер бізге жолдас болып қосылыңдар деді. Кереку билері оларға біздің Тобықты да, оның ішінде Абайда ала-алмай жүрген ақымыз жоқ және Абайдың үстінен өтірік шағым жүргізуге арымыз бармайды деп жауап қайтарды.Абай ұры сүйейді, ел бүлдіргіш партия бастайды деп неше түрлі пәле жауып, 50-60 би-болыс мөр басып, осы съезде Абай болмаса екен деп уезге шағым қағаз жіберді. Бұл хабар ел арасына тез тарап, барлық Тобықты да, Абай да естіді. Тобықтының басты адамдары жиналып, Абайға барып, болып жатқан жұмыс жайын айтып, ақылдасқанда Абай қандай боларын бара көрерміз қорқып қашып жатуға болмайды деп атқа мініп, жолдағы біздің Байқадам Сапақ деген екі тап ауылға көп билер мен Абайлар келіп, бөліне қонысты.Ережеде отбасылық-неке қатынасының аясында туындайтын мәселелер де жан-жақты нақтыланған. Абай өз заманында қазақ қоғамындағы отбасылық неке қатынастарындағы ғасырлар қойнауынан келген небір әділетсіздектермен үнемі күрескен. Оны біз Абайдың ел ішінде айтқан биліктерінен де көреміз.Ережеде қалыңмал төлеу, ерлі-зайыптылардың айырылысуы, әмеңгерлік сияқты мәселелер кең тұрғыда қарастырылған. Қарамола ережесінде де әмеңгерлік институты сақталған. Бірақ заңда оны орындау міндетке жатпайтындығы ашып айтылған. Барлығы әйелдің еркімен санасып барып қана шешіледі делінген. Сол сияқты жесірлердің балаға, мүлкіне деген құқықтарына үлкен көңіл бөлінгенЕреженің соңғы баптарында Қарамола төтенше сиезінің шешімдерінің талқыға салынбайтын, аяқталған құжат екендігі және оны барша лауазым иелері мен билердің нұсқаға алуларының керектігі көрсетілгенҚарамола сиезі және онда қабылданған «Қарамола ережесі» XIX ғасырдың сексенінші жылдарындағы қыр төсіндегі дүбірлі оқиғаның бірі болды. Онда төбе билік жасаған Абайдың кемел шағына жеткен, қырықтағы қамал бұзар кезі еді. Абайдың осы қабылдаған ережені дайындауды басқарып, іске асыруы оның маңызын арттыра түскені күмәнсіз.
СЕНАТҚА ХАТ:
Сенатқа хат - Абайдың Россияның үкіметтік мекемесі - Сенатқа 1900 ж. жазған шағым-пікірі. Абай шығармалары қазақ жеріне ғана емес, әлемнің талай түпкіріне кеңінен мәлім болғанымен, ақынның қолжазбалары, архив деректері ретінде оқырманына түгелдей жетпеген. Осы тұрғыдан алғанда, «Үкімет-сенатқа» деп атап, Абайдың өзі «Ибрагим Құнанбаев» деп қол қойған бұл құжаттың тарихи және ғыл. маңызы зор.Ақынның өміріне қастандық жасаушылар патша өкіметінің Семей қаласындағы әкімдеріне пара беріп, тіл табысып, жазадан құтылып кетеді. Абайдың азаматтық хұқы қорғалмай, іс қысқартылып, архивке өткізіледі. «Мыңмен жалғыз алысып», заманды түзетпек болған ұлы ақын өзінің азаматтық хұқын қорғау, елдегі заңсыздықтарды әшкерелеу мақсатында әділдік іздеп, патшалық Россияның жоғ. үкіметі Сенаттың атына осы хатын жазады. Хатта сол оқиғаға қатысты адамдардың есімдері аталып, іс-әрекеттері баяндалады, нақты деректер мен дәлелдер келтіріледі. Хаттан Абай өмір сүрген заман тынысы, адамдардың қоғамдық орны, өзара қарым-қатынасы, тартысы анық байқалады. ,Ақын сойыл-шоқпардың емес, ой мен ақылдың, даиалықтың адамы. Осы кикілжің, тартыстың барысында, оның адамгершілігі, оқшау даналығы қапысыз көрінеді. Ұлықтың бәсеке, бақталастық қырқыс үстінде содыр-шонжарлар оны қайткенде де мұқатып, сағын сындыру мақсатымен соққыға жығып, дүрелей бастағанда, Уәйіс Сопы ұлы Абайды өз денесімен қалқалап, қорғауы қарапайым халықтың ақынға деген ықылас, сүйіспеншілігінің айқын көрінісі. Сенатқа хатта Абай өз басын арашалаушы мүсәпір пенде емес, ел билеушілердің жөнсіз, сорақы қылықтарын айыптаушы ретінде көрінеді, жергілікті патша әкімдерінің қызметіндегі шалағайлық пен парақорлығын әшкерелейді. Нақты айғақты деректермен мәселені егжей-тегжейлі талдап, сот ісінің тиісті беттерін, айыпкерлер мен куәлардың жауаптарын тілге тиек ете отырып, тергеуші, прокурор, сот шешімдерінің ақаулы, қисық түс тарын сынға алады. Осынау оқиғаның басқасында болған ең басты куә, үкіметтің ең сенімді адамы - ояздан жауап алынбағанын, бұл істі жүргізудегі үлкен мін екенін қадап айтады. Абайдың өзіне қастандық жасаған ел билеушілерін әшкерелеуді және солармен таптық мүддесі бір патша өкіметінің жергілікті әкімдерін сынауды басты мақсат етіп қойғаны анық байқалады. Сенатқа хат құжатынан Абайдың өлең сездің құдіретті өкілі, дарқан дарынды ақын ғана емес, халқының болашағы жолындағы күрескер тұлғасы бой көрсетеді. Хаттың орыс тілінде сауатты, маржандай тізіліп жазылған қолжазбасының көлемі 30 бет. Хаттың қазақ тіліндегі нұсқасы «Білім және еңбек» журналында (1985, № 8) жарияланған, түпнұсқасы Санкт-Петербургтегі мемлекеттік тарихи архивте, көшірмесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталығы архив қорында сақтаулы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет