1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ: Абайдың «Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ», - деген сөзіндегі туыстық қатынасын тарқатып бер



бет3/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал

3-СҰРАҚ: Абайдың «Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ», - деген сөзіндегі туыстық қатынасын тарқатып бер.
«Сегіз аяқ» өлеңіндегі күрмеуі шешілмеген жұмбақ тұсына келейік.Ол мәселе – «Сегіз аяқ» өлеңінде Абай:«...Атадан алтау,Анадан төртеу,Жалғыздық көрер жерім жоқ. Ал, ақиқатында, Абай жеті ағайынды болған. Олар: Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден – Құдайберді (1829-1866), екінші әйелі Ұлжаннан-Ол Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық екен. Інісі қайтыс болған соң Құнанбай келінін алған. – Тәңірберді (1834-1906), Абай (1845-1904), Ысқақ (1847-1901), Оспан (1852-1892), үшінші әйелі Айғыздан – Халиолла (1849-1870), Смағұл (1852-1932) дүниеге келген.Құнанбайдың төртінші әйелі-Нұрғанымнан бала болмаған.. Яғни, барлығын қосқанда – жетеу.Абайдың «Анадан төртеу» деп тұрғаны – анасы Ұлжаннан туған төрт ұл: Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан. Ал «атадан алтау» дегені кімдер? Әкесі Құнанбайдан туған балалары жетеу екенін көріп отырмыз.
4-СҰРАҚ:Абайдың өз отбасы туралы не білесің?
Абай 1860 жылы 15 жасында әкесінің құдаласуымен Ділдәға (1843-1924) қосылады. Ділдә Жүсіпқызының төркіні Әйбике-Шаншар елінің ақсүйегі Алшынбай Тіленшіұлының ұрпағы. Әкесі Ақшоқыдан жер бөліп беріп, онда Абай сегіз бөлмелі қыстау салдырады. Ділдәдан Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан туған. Екінші әйелі Әйгерім. (шын есімі – Шүкіман) Әнін естіп, ұнатып алған. (1856-1919) Абай Әйгерімге 1875 жылы үйленген. Әйгерімнен Турағұл, Мекайіл, Ізкәйіл, Кенже туған. Абайдың он баласы болған. Тұңғыш баласы Ақылбай Абайұлы (1861-1904) - Ділдәдан туған тұңғыш баласы. Ол Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның қолында өседі. Он жасқа толған кезінде Ақылбайды Ғабитхан деген татар молдаға оқуға береді, онда 4-5 жыл оқу оқиды. Ақылбай 1904 жылы Семей қаласында қайтыс болады, оның бейіті бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, өз қыстауы – Тышқан бұлағының басында.Күлбадан Абайқызы (1862-1932) – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы. Күлбадан Дүтбай Уандықұлының інісі Дүйсекеге тұрмысқа шыққан. Дүйсеке өлген соң Күлбадан әмеңгерлік жолмен Дүтбай алған. 1932 жылы қайтыс болған.Әкімбай (Хәкімбай) Абайұлы (1866-73) – Абайдың Ділдәдан туған баласы. 1873 жылы 7 жасында қайтыс болған.Әбдірахман (Әбіш) Өскенбаев (1869-1895) – Абайдың Ділдәдан туған баласыАбайдың зор үміт артқан баласы 1895 жылы 15 қарашада Ташкентте қайтыс болады да, сүйегі елге әкелініп, Ақшоқыға жерленеді.Мағауия Абайұлы (1870-1904) – Абайдың Ділдәдан туған кенже ұлы.. Мағауия орыс мектебінде екі жарым жылдай оқып, науқасқа шалдыққан соң, дәрігердің кеңесі бойынша оқуын тоқтатып, ауылға қайтады.Мағауия 1904 жылы 12 мамырда қайтыс болады. Зираты Ақшоқы қыстауында.Райхан Абайқызы (1871-1896) – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы. Найман еліндегі Серікбай байдың ұлы Құдайбергенге тұрмысқа шыққан. 1896 жылы қайтыс болған.Турағұл (Тұраш) Абайұлы (1876-1934) – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы. Ол жас шағынан әкесі Абайдың қолында болып, тәлім-тәрбиесін көп көріп өседі. Турағұлдың жастық, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінен сақталып, бізге жеткені екі-үш өлеңі. Ағасы Әбдірахман науқастанып жатқанда 1895 жылы жазған екі өлеңі бар.1927-1928 жылдары Турағұл тағы да тұтқынға алынады. Түрмеден шыққан соң конфискеленіп, Шымкентке жер аударылады. Сол жақта 1934 жылы 6 наурыз күні қызы Мәкеннің қолында 59 жасында қайтыс болады. Сүйегі Шымкенттегі қорғасын заводының астында қалды.Мекайыл (Мекеш) Абайұлы(1884-1931) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы 1931 жылы бай баласы ретінде ұсталған. Оның Құзайыр, Әлішер деген балалары Ұлы Отан соғысына қатысып қаза тапты.Ізкәйіл (Зікеш) (1895-1929) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Арапша оқып, білім алған. 1917 жылы Ойқұдықта тұңғыш рет қойылған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында Абыздың ролін ойнады.Кенже Абайқызы (1901-1932) – Абайдың Әйгерімнен туған кенже қызы. Кенже 1914 жылы Мұсабайдың інісі Әубәкірге ұзатылады. Әубәкір қайтыс болғанан кейін, , 1932 жылы Турағұлдың қолына көшіп келіп, сонда қайтыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет