1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-БИЛЕТ:Абайтанудың алғашқы кезеңіндегі (1889-1934 жж.) баспасөз беттеріндегі зерттеулерге шолу жаса



бет8/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал
АБАЙ 25 ӨЛЕҢ
11-БИЛЕТ:Абайтанудың алғашқы кезеңіндегі (1889-1934 жж.) баспасөз беттеріндегі зерттеулерге шолу жаса
Абай қайтыс болысымен-ақ оның ақын шәкірттері Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын жариялауға кірісіп кетті.Ә.Бөкейханов пен Кәкітай Ысқақұлы ең алғаш рет Абайдың өмірбаяны мен ақындық өнердегі басты ерекшеліктері, орыс және осы арқылы европалық әдебиетпен қарым-қатынасы алғаш рет сараланып, ақындық кітапханасының жайы біршама анықталғаны бар.«Қазақ» газеті Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай қазақ елінің ұлы ақыны Абайдың өмірі мен ақындық өнерін таныту мақсатында еретерек қамданып, арнайы мақалалар циклін жариялауды қолға алды. Газеттің редакторы Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласының жариялануы абайтану тарихына елеулі рухани құбылыс ретінде қабылданды.«Қазақ» газетінде жарияланған М.Дулатовтың, Н.Төреқұловтың мақалалары шықты. Семей қаласында 1918 жылы жарық көре бастаған «Абай» журналында «Екеу» деген бүркеншік атпен Абай өмірі мен шығармашылығы жайында зерттеулік мақалалар жазған Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов сол кездегі абайтану тарихында ерекше дараланып шықты.Екеудің «Абай» журналында басылым көрген «Абайдың ақындық өнері мен һәм қызметі» және «Абайдан соңғы ақындар» деп аталатын мақалаларында Абайдың қарасөздері мен аудармашылық өнеріне әдебиет ғылымы тұрғысынан терең талдаулар жасаған. Абай мұрасын танытуда, бағалауда үлес қосқан : Бөкейханов, Зейнелғабиден ибн Әміре әл-Жауһари әл-Омскауи, Кәкітай Ысқақов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Самат Әбішұлы.Абай шығармаларын баспа арқылы насихаттаушылардың бірі – Зейнелғабиден. Ол Абайдың бір топ өлеңдер топтамасын Кәкітайдан бұрын жариялап, Абай жөнінде арнайы пікір көтеріп, ақын мұрасымен туысқан татар халқын таныстыруға әрекет етті. Оның «Насихат – Қазақия» деген еңбегі Кәкітай бастырған Абай шығармаларының алғашқы жинағынан бұрынырақ жариялайды.1908 жылы «Уақыт» газетінің 388 – санында жарияланған «Абай Құнанбаев» деген мақаланы біз Зейнелғабидендікі деп ойлаймыз.Зейнелғабиден «Насихат-Қазақиясында» Пушкин атының тарихқа мәңгі жазылуының басты себебі, ақындық өнері, құдіретінде деп қараса, бұл мақаласында Абайдың қазақ даласына даңқы жайылып танылуы, ақынның байлығына немесе билігіне байланысты емес, керісінше оның «тілі, оқушыларын оятатын өлеңдері оны бүкіл атырапқа өзін мәшһүр еткен» ақындық өнерінде дейд.Кәкітайдың Абай мұрасын танытудағы басты еңбегі де Абай шығармаларының тұңғыш жинағын құрастырып жариялауы мен ақын өмірі туралы алғаш рет мәлімет беруінде жатыр. Абайдың дүниеге қөзқарасының қалыптасуына Е.П. Михаэлистің әсері басым болды деген Кәкітай пікірі абайтанау саласында көпке дейін орын алып келді. Сұлтанмахмұт Т. – Абай дәстүрін творчестволықпен дамыта түсушілердің көрнектісі әрі ақын мұрасының әлеуметтік тамырын тереңірек танығандардың бірі. Абайтану 1926-1940 жылдар Кеңестік заманда Абайдың өлең жинақтары қатарынан екі рет басылым көрісімен-ақ ағымдағы баспасөздерде сын мақалалар жарыса жарияланып жатты. Алғаш жарияланған тырнақ алды сын мақала Сәбит Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер» («Еңбекші Қазақ», 01.03.1923) деп аталатын мақаладан басталды. Осы мақаланың артынша – ақ Ташкент қаласынан шығатын «Ақжол» газетінің алты санында үзбей жарияланған Ф.Сағдидің «Абай» деп аталатын мақалалар циклі, І. Жансүгіровтің Жетісу губерниясындағы «Тілші» газетінде (08.05.1923) жарық көрген «Абай кітабы» мақаласы, Ташкент қаласында шығатын «Шолпан» журналында «Қоңыр» деген бүркеншек атпен жарияланған МұхтаР Әуезовтың ғылыми теориялық жағынан қарағанда деңгейі биік мақаласы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (1923, 345, 45) деген атпен басылым көрді.Абайтану тарихында С.Мұқановтың Абай жөнінде жазылған тұңғыш «Қара тақтаға жазылып жүрмендер, шешендер» деген мақаласынан бастап ұлы ақын мұрасын танып бағалау, таныту жолындағы ой-пікірлер бір-біріне қарама-қарсы екі бағытта дами бастады қиянатты, яғни Абай шығармаларының бұрмалануын арнайы атап өтті.Ы. Мұстамбайұлының айтыс ретінде «Жаңа әдебиет» журналының екі санына қатар жарияланған «Абай» деген көлемді мақаласы – сол дәуірдегі әдеби сындардың ішінен өзінің көлемі мен мәні, көтерген мәселесі жағынан әрі зерттеушілік бағытымен ерекшеленетін еңбек. Мұнда автор бірнеше елеулі пікірлер көтере отырып, көп жағдайда дұрыс шешімге келген.Қазақстандағы қоғамдық ойда жалпы мұра мәселесіне 20-ші жылдар ішінде тура және жанама түрде жауап беруге алғаш рет ұмтылғандар С.Мұқанов, С.Сейфуллин, Ғ.Сағди, І.Жансүгіров, Б.Кенжебаев, С.Смағұлов т.б. араласты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет