1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ Абайдың орыс достары туралы не білесің,олардан қандай тағылым алды?



бет4/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал
АБАЙ 25 ӨЛЕҢ
5-СҰРАҚ Абайдың орыс достары туралы не білесің,олардан қандай тағылым алды?
Орыстың саяси жер ауып келген интелегенттері Абайдың достары-Е.П.Михаэлис,А.А Леонтьев,П.Д Лобановский , С.С Гросс,н.И Долгополов , Коншин. Абай Михаэлиспен 70-жылдардың басында Семейдің қоғамдық кітапханасында танысады. «Құнанбаевпен танысқан және оның керемет қабілеттілігін байқаған Михаэлис оның тәжірибесіне баса назар аударды. Бірнеше жыл қатарында Абай Евгений Петровичпен тығыз байланыс жасап тұрды. Жыл сайын Абай Семей қаласында қонақ болып, кешкі уақытын Михаэлиспен әңгімелесіп өткізетін», - деп жазды Семейдің белгілі өлкетанушы зерттеушісі Б. Герасимов. Абайдың саяси жер аударылған, өз заманының жоғары білімді, озық ойлы адамдарының бірі - Михаэлиспен достасып, жақын араласуы ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына игі әсер етіп, орыстың революциялы-демократ ағартушыларының идеясын терең түсінуге ықпал жасады. Михаэлис ақынды Ресейндің ішкі өміріндегі жаңалықтармен, орыс әдебиетінің озат ойлы өкілдерінің шығармалары- мен таныстырды және Ғылыми-зерттеулерді, әйгілі ғалымдар Г. Спенсер, Чарлз Дарвин т. б. еңбектерін оқып-үйренуге кеңес берді. Саяси жер аударылған революциялы-демократтар Абайға үлкен әсер еткенімен - ақынның өз айтуы бойынша жаңа ізденіп жүрген көзінде көмекші түрде ғана болды. Отаршыл әкімдерден басқа орыс зиялыларын көздестірмеген Абайға Михаэлис Ресей мәдениетінің ең алғашқы хабаршысы, ақынның іздену, қалыптасу кезеңіндегі жол нұсқаушы есепті. Абай ғылым-білімге құмарлығы, кітапқа деген ерекше ықыласы арқылы Е.П.Михаэлистей өмірлік досын тапқаны аян. Ақын Михаэлистей досының кеңесімен енді әдебиеттерді таңдап, талғап оқитын болған. Қ.Мұхамедхановтың сөзімен айтсақ: «Абай Михаэлиспен бірге Статистика комитетінің жұмысына белсене араласады. Әсіресе Семей облыстық өлкетану музейін ашу және қоғамдық кітапхана ашу жұмысын ұйымдастыру мәселесіне ат салысып, іс жүзінде көмек көрсетеді. Михаэлис арқылы Абай С.С.Гросс, А.Л.Леонтьев, Н.И.Долгополовтармен танысады. Олар Абайдың 40-тан асып, кемеліне келген, Шығыс, Батыс әдебиеті мен ойшылдарын жақсы білген, қоғамдық қызметке қызу араласып, толысқан шағында таныс болып, оның біліміне, парасатына тәнті болған. Олар Семейде жазасын өтеп қана қоймай, далалы өлкені зерттеу ісімен кең көлемде айналысып, қазақ тарихын, этнографиясын, құқығын, салт-дәстүрін зерттеу жұмыстарына Абайдың ақыл-кеңесін басшылыққа алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет