1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ.Абайдың психологиялық көзқарастары



бет39/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Әмренов Финал

50-СҰРАҚ.Абайдың психологиялық көзқарастары
Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның кептеген өлеңдері мен қарасөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлерді табу қиын емес. Ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де көрініс тапқан Абай тұжырымдарының ауқымы мен тереңдігі оның әлем психологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Оның психологиялық көзқарасы, нақтырақ айтсақ, Аристотель, Әл-Фараби және К. Д. Ушинскийдің кез қарастарымен астарласып жатады. Олардың таным процесіне байланысты материалистік түсініктері жүйелі емес, аллаға сену мен жанның мәңгілігі туралы ұғымдармен араласып отырады.Абай түсінігінде адам өзін қоршаған дүниені сөзім мүшелері арқылы танып, сол таным деректерін санада қорытып: «кезбенен керіп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабарлады». Абайдың бұл тұжырымдары материалистік философия ой-пікірмен толық үндес келеді. Ақын ғақлияларында қоршаған әлемді тану үшін адамға қажет қасиеттерді атай келіп: «алдымен - «не кердің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып...» алу; екінші - «... бір нәрсені естіп, керіп білдің, қош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бірғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, тебеннен хабарласып білмей, тыншытпайды» деп көрсетеді. Абай сөзім мүшелерінің шындықты танудағы қызметін дұрыс түсіндіреді. Ақын: «Дүние бірқалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бірқалыпта тұрмақты берген жоқ», - деп табиғат қана емес, адамның да үнемі өзгеріп отыратындығына ерекше көңіл аударады. Абай адам мен жан-жануарлардың мінез-құлқыдағы айырмашылықтарды: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деп ажыратып берді. Адамның ең басты артықшылығы оның қоғам пайдасы үшін белсенді әрекет жасай алатындығында, «қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап; неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар?», - деп түсіндіреді Абай.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет