1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі:діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде.
Абайдың өмірбаяны Мұхтар мақаласында өзгелердікіне қарағанда, толығырақ жазылған. Мұхтар Абайдың арғы атасы Ырғызбай, онан бергі Өскенбай, өз әкесі-Құанабай — осылардың өмірінен де едәуір мағлұмат береді. Абайдың өмірін осылай әріден бастап, ата заманымен байланыстыра, бергі балалық, жігіттік, онан соңғы ел адамы -Тобықтының биі болған заманынан да көп мағлұмат береді. Абай өмірі туралы ілгері-соңды жазылған мақалалардың ішіндегі көлемдісі, тарихи мағлұмат, фактілердің көбі де осы Мұхтар мақаласы. Мұхтар мақаласы, әсіресе, Абайдың ата тегін, өскен ортасын, алған тәрбиесін, Абайдың ел ісінде билік құрып, ел ақсақалы, болыс, би болған жөнінде тарихшылдарға көп қызықты, керекті материал береді.Құнанбайдың өмір сүрген уақытында алғашқы араздық, жаулық кейін ұзақ замандарға созылып кетсе де, Құнанбай тұсындағы алыстың бір буыны Жігітектің жеңілуімен бітеді. Құнанбай Жігітектің он жеті адамын Сібірге айдатады.Жігітек-(Бөжей Ералыұлы,Тобықтының Жігітек атасынан шыққан беделді кісі)Бұл кезде Абай ержетіп, ел меңгеруге кіріскен еді. Әкесінің Жігітекпен алысқан, Тоқпамбет үстіндегі, Мұсақұл үстіндегі төбелестерінде баларақ болса да, ер жете бастаған сайын, әкесі мұны ел сөзіне, ел ісіне жұмсай бастайды. Осы Құнанбай ісінің көп уақиға, көп тартыстары және барлық сол заманның мінездері ақын Абайдың бала күнінен бастап нық байланыса өскен ортасы еді. Абай елді меңгеріп алған кезде, Құнанбай біртіндеп кеп ел сөзінен шыққан.Екі-үш жылдай қырдан гөрі тәуірірек үлгі беретін қал ада болғанда, ақын болатын баланың алған жалғыз ғана нәрлі азығы: Шығыс ақындарын тану, солардың сөздерін ынтасы ауып сүйіп, көксеу болады. Осындай дүние есігін енді ғана ашқалы жаңа ғана саңылау көріп келе жатқан уақытта, Абай, аздаған біліммен үлкен кісінің өміріне кіріседі.Оқу, білім, кітап тәрбиесі сияқты нәрселер осы қалғаннан көп уақытқа шейін бұйырмаған ас сияқты болып, Абайдан алыста қалады. 13 жасқа толғанда әкесі Құнанбай ел билеу жұмысына өзіне серік қылмақ болып, жаңа міндетке арнап, сол жолға баули бастайды. «Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығыңдап... Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сияз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап, Сыртқыларға сыр бермей, Кұр күлемін жымыңдап...» Абайдың өскен ортасы болыстардың ел билеген кезі еді. Қаладағы оқудан шығыс ақындарын сүюді, ақындықты сүюді ала келген Абайға, ендігі тәрбиеші ұстаз қазақтың халық қазынасы болады. Осылайша ел даналығын танып, соны ерте қамту, жас талапкерге жаңа зор мектеп
болады. Бұл жөніндегі азық білімді ол әкесінен алмайды, халықтан шыққан шешен ділмәр, ақын, ескі әңгімешіден, көпшіліктен алады. Ең алғашқы өлең жәйін баяндаған жырында Абай Шортанбайды, Дулат, Бұқар жырауды ауызға алса, солардың өзін бала күнінен естіп, танып, жаттап, тіпті тамашалап өскенін сезуге болады. Әрине, осындай ақындық мұраларымен қатар мысал, мақал, аңыз, дастан, айтыс, жарыс сияқты өзге де неше алуан сан қазынаны әжеден, анадан, қонақ жолаушылардан көп есітеді. Ол әңгімелердің, жырлардың көбіндегі ел зары, ел сыны, жуанның зорлығы, қыздың мұңы сияқтыны да көп естіп өседі. Осындай мұраларды сүю Абайдың негіз іргесін қатал, суық билер ортасында ғана қалдырмай, халық мұрасына бейім етіп жүреді.Ақынға тікелей ықпал еткен, үлгі көрсеткен замандас аға буын ақындар, би-шешендер мен сол Абайдан үлгі алған ішінде ақыны бар, әншісі мен күйшісі бар өнерлі жастардан тұратын әдеби қауымды негізге ала отырып, М.Әуезов Абайдың айналасын, ақындық ортасын ақынның өзі алған нәрі және өзгеге берген нәрі деп екі салаға жіктейді.Өзі алған нәрі дегенде, сөз иелерінің ішінде ақындардың орны айрықша. Атап айтқанда, Абай жасынан Бұхар жырау, Шортанбай жырларына қанып өссе, өзі жүзбе-жүз кездескен Дулат, Сабырбай, Жанақ, Шөже, Балта, Байкөкше, Қуандық қыз, Бодау жырау, Мұрынбай жырау, Біржан сал сынды әдебиет өкілдерінің қай-қайсысынан да оның ақындық өсу жолын бөліп қарауға болмайды. Осы орайда академик С.Қирабаевтың пікірі орынды айтылған: «Абайдың ақындық жолы, ортасы күрделі болғаны белгілі, оның ақындылығы да сол ортада, өз дәуірінің шындығына орай қалыптасты. Сондықтан, ақынның өзі туып өскен ортаның әдебиеттік үлгілерінен, қазақтың шешендік өнерінен (атақты би болғанын еске алыңыз!), аты белгілі (өзі атайтын Бұқар, Дулат, Шортанбай) ақындар өнегесінен тыс тууы мүмкін емес.Қашанда басқалардан оқ бойы озық тұратын Абайдың шыққан тегіне, өскен ортасына, ақындық жолда өзіне рухани азық, жолсерік болған әдеби айналасына жете мән беруіміздің түпкі мақсаты – белгілі бір дәрежеде өз ортасынан, айналасынан рухани нәр алып жетілген, кейіннен кемерінен асып, қазақтың қара өлеңімен әлем әдебиетінің биігіне шыққан ақын Абаймен қатар айналасына көзі ашық, көкірегі ояу өнерлі жастарды жиып әдеби мектеп қалыптастырған ұстаз Абайдың кемеңгерлік болмысын тани түсу болып табылмақ.