6-СҰРАҚ.Абайдың шығармашылығына қатысты қандай зерттеулер бар: әдебиеттану , тілтаным,философия. 1956 жылы жарық көрген Х.Сүйіншәлиевтің «Абайдың қара сөздері», Қ.Мұхамедхановтың 1959 жылы жарияланған «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» атты ғылыми монографияларын кеңестік абайтанудың алғашқы ірі жетістігі деп бағалауға болады. С.Қирабаевтың «Идеологиялық қыспақ Мұхтар Әуезовтің Абай туралы зерттеулеріне де белгілі дәрежеде әсер еткені оның әр жылдары жазғандарын салыстыра қарасаң, анық көзге шалынады. Осы жағдайлар қазір ұлттық әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін, Абайдың осы процестегі орнын бүгінгі тәуелсіз елдің мұрат-мақсаттары тұрғысынан байсалды зерттеуді қажет етеді», – деген орынды да ойлы пікірлері бұл сөзімізді растай түседі. М.Әуезовтің өміріндегі осы кезең туралы ұлы жазушының замандасы, көрнекті әдебиеттанушы Ә.Қоңыратбаев мынадай естелік айтады:«…Ұзамай Абайдың юбилейі келіп, онда Сәбит Мұқанов Абай философиясы жөнінде баяндама жасады. Шынымды айтсам, баяндама көңілдегідей болмай шықты. Сөз кезегін алған Мұқаң мінбеге көтеріліп: – Абайдың философиясын зерттеу, әрине, жақсы бастама. Бірақ, оны журналистік шолу емес, теориялық тұрғыда зерттеген дұрыс болар еді. Абайдың әдеби мұрасына келгенде оның ақындығын баса көрсеткеніміз жөн. Пушкиннің философиясын зерттеп, олжа тапқандар орыс халқында көп емес. Олар Пушкинді «ұлы ақын» деп дәріптейді. Біз де осы арнаға түссек қайтеді?», – деді. Бұл арада Әуезовтің Абай философиясынан саналы түрде бас тартып, «құрулы қақпаннан» қашқақтайтын себебін де сезетіндейміз. Демек, зерттеушілердің Абай философиясы жайында айқын принципті ұстанымының болмауы да түсінікті жайт.Абайдың дүниетанымы мен философиялық көзқарастары дегенде ғалымдардың алдымен ауызға алып, тілге тиек етері – оның 38-қара сөзі. Сондықтан біз де ақынның аталған еңбегінің айналасында ой қозғап, пікір білдіргенді жөн көрдік.
7-СҰРАҚ. Абайды қоғамдық қызметке тәрбиелеудегі әкесі Құнабайдың рөлі Шындығына келгенде Құнанбай өз заманының ең ақылды , көреген , қайырымды , батыр адамдарының бірі болған. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда бұл кісінің діндарлығы мен мен ел билеу жөніндегі мықтылығы көп айтылады. Жалпы Абай дүниеге келген кезде Құнанбайдың жасы 41 де болатын.Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Бірақ Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Ол өз баласының ақын, жазушы болғанына түбегейлі қарсылық танытты. Бірақ Абай іштей билік өкілі болуды қаламады, ол ақындық жолдың жолаушысы болуды көздеді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Абай жастайынан әкесі Құнанбайдың әділ әрі қатал тәрбиесін көріп өскен. Бірақ Абайдың әкесіне зор құрметпен қарағаны оның өлеңдерінен де анық көрінеді. Әбдірахман өлгенде жазған өлеңдерінің бірінде ол:
«Арғы атасы қажы еді,
Бейіштен тартқан шәрбатты.
Жарықтықтың өнері,
Айтуға тілді тербетті.
Әділ мырза ел болып
Әлемге жайған өрнекті.
Тәубесін еске түсіріп,
Тентекті жиып жерлепті» – дейді.