1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-БИЛЕТ.Абайдың ән мен күй өнері туралы пайымдаулары



бет31/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал

40-БИЛЕТ.Абайдың ән мен күй өнері туралы пайымдаулары
Абай тұлғасының маңызды, бірақ аз зерттелген жағы - оның таңқаларлық музыкалдылығы. Ол туралы оның замандастары, жақын туыстары, шәкірттері ақындық және музыкалық шабытының тууының куәгерлері мәлімдейді. Абайдың музыкалық дарындылығын оның поэзиясы дәлелдейді. Өйткені, ресей академигі Борис Асафьев айтқандай, поэт немесе жазушы музыка туралы еш нәрсе айтпаса да, оның өлеңін оқу кезінің өзі музыкалық болуы мүмкін.
Халқымыздың дәстүрлі өнерінде Абай өзіндік музыкалық шеберлігімен, ерекше әуен сұлулығымен, оның нәзік сезімталдығымен, әндерінің тақырыптық, жанрлық байлығымен, ырғақтық және өлшемдік орамдылығымен жаңашыл композитор болып кеңінен танылды.
Абай ән және күй өнеріне,өзінің өлеңдері арқылы баға беріп кеткен:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең, менше сүй.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззәті бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.
Әннің де естісі бар, есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңме
Өмір сәуле көрсетер судай тынық.
Салған ән көлеңкесі сол көңілдің.
Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге,
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық
41-БИЛЕТ.Абайдың аудармашылық шеберлігі: орыс, шығыс мәтіндері негізінде
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» – бұл Абай жасаған аударма.Өлең түпнұсқада төрт шумақ та, Абайдың аудармасында бес шумақ.Бесінші шумақты Абай жанынан қосқан. Және де осы шумақты қосып қана қоймай, Абай жалпы идеяны өзгертіп, өлеңді мүлде басқа, биік деңгейге шығарған. Я видел березку: сломилась она...
Верхушкой к земле наклонилась она...
Но листья не блекли на тонких ветвях,
Пока не спряталось солнце в горах.
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Түпнұсқада қайың жапырағы қурағанын ғана айтады. Алдағы шумақтарда да табиғаттағы қайғыға душар болған жанды-жансыз жаратылыстар көп ұзамай өліп, тыншитынын айтады. Автор соларға қызығатынын білдіру үшін оқырманды солай дайындайды. Ал Абай сол қасіреттерден баянсыздық іздейді. Осы шумақта жапырақтың сарғайып бара жатқанын айтып, оған өзі жаны ашитынын көрсетеді. Абайдың дүниетанымында жапырақтың көп ұзамай өліп қалатыны өз алдына бір қасірет.Автор қайыңның өлетінін айтады, ал Абайда қайыңның өліп бара жатқаны ғана бар.Я бабочку видел с разбитым крыломБедняжка под солнечным грелась лучом,Стараясь и слабость, и смерть превозмочь,Пока не настала холодная ночь.Мен көрдім сынық қанат көбелекті,О да білер өмірді іздемекті.Күн шуаққа жылынар қалт-құлт етіп,Одан ғибарат алар жан бір бөлек-ті.Бұл жерде түпнұсқа авторы көбелекке аяныш білдіреді. Бірақ түн келгенде тыныш тапқанына қызығады. Оның қызығатынын біз соңғы шумақтан білеміз. Бірінші шумақтағыдай, бұнда да соңғы екі жол соған дайындық.Ал Абай өлгенше күн шуақта жылынған сынық қанат көбелектен ғибрат алу керек деп, өзін және басқа адамдарды өліп бара жатқан жаратылыспен тағы да байланыстырады. Абайдың түсінігінде дүние бір тұтас, ештеңе ештеңеден бөлек емес, бәрінің бір-бірінде ақысы бар. Кездейсоқ ештеңе жоқ, әр нәрседе ғибрат бар.Және бірінші шумақтағыдай бұл жерде де автор көбелектің суық түн келгенше ғана жанталасатынын, яғни одан соң өлетінін айтса, Абайда өлім туралы сөз жоқ.Стрелка видел я, как он лань подстрелил:Животное пало в крови и без сил,Со смертью бороться она не могла,И жить перестала, как солнце зашло.Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік,Кеудесіне мылтықтың оғы тиіп,Қалжырап, қансыраған, қабақ түскен,Кімге батар ол байғұс тартқан күйік?Киік күн батқанға дейін ғана қиналды ғой дейді. Ал Абайдың ойынша оның күйігі басқаларға да батуы керек. Киіктің қасіретін ол өзі сезеді, басқалардың сезбейтінін өз алдына бөлек қасірет деп қайғырады.Алдағы екі шумақта автор өлімді меңзесе, бұл жерде ашық айтады.Ал Абай үшін оның күйігі ғана маңызды. Өлім туралы айтпайды.Ах, мне изменила подружка моя,И солнце померкло давно для меня.Но смерть и покой я напрасно зовуИ с сердцем разбитым живу да живу.Мен көрдім ғашық жардан уәдесіздік, Өмірдің қызығынан күдер үздік. Жылы жүрек суыды, жара түсті, Шықпаған шыбын жанмен күн өткіздік.Автор сөзін аһ ұрып бастайды. Ішіндегі запыранын бірден төгіп, эмоциясын жайып салады. Өйткені оның о бастан айтқысы кеп отырған сөзі – осы. Бұл тап-таза махаббат лирикасы. Өлгім келеді, бірақ өле алмаймын, ғашығым тастап кеткен қасіретпен әлі тірі жүрмін дейді. Өлімді аңсайды, бір жағы сол күйден ләззат алып, романтикамен айтады.Ал Абай бұған біршама салқын қанды қарайды. Жылы жүрек суыды, жара түсті деп күйін айтады да, шықпаған шыбын жанмен күн өткіздік деп тағдырға бағынышты адам ретінде, мойынсұнады. Абай үшін өлімге асығу керек емес, Абай өлімнен қорықпайды да. Абай өлімге дейінгі жағдайдан ғибрат алады, соған қайғырады, айналып кеп мойынсұнады.Сөйтеді де түпнұсқада жоқ ауырлығы зіл батпан шумақты тастай салады.Мен көрдім дүние деген иттің көтін,Жеп жүр ғой біреуінің біреуі етін. Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда, Көбінің сырты бүтін, іші түтін.Автор ғашығым тастап кетпесе өмір керемет болар еді-ау дегендей сарынмен сөйлесе, Абай мәселенің өзегіне бір-ақ ұмтылады. Мәселе жарда да емес, мәселе махаббатта да емес, мәселе өмірдің баянсыздығында дейді. Жақсы көріп соңына түсетіндей нәрсе емес, адамдар ізгі емес, өзің де періште емессің, сондықтан бұл өмірде ойлы адамға қызық жоқ дейді. Бір мезгіл алданып, сыртыңмен елітерсің, бірақ жұрттан жасырған қайғың бәрібір ішіңде жатыр ғой дейді.Автордың бар айтары ғашығым-ай деп аһ ұру болса, Абайдың айтпағы дүниенің баянсыздығы. Бірақ Абай аһ ұрмайды, шамадан тыс түңіліп, тілдемейді де, барды бар, жоқты жоқ деп қана айтады.Ал енді, Абайдың өлімді айтпай, әр шумақта өлімге дейінгі аянышты хәлді ғана айтып отырғанында тағы бір сыр бар. Әр адам дүниеге келген соң, өлімге қарай бет алады. Бірақ ол көрешегін көрмей көрге бәрібір кіре алмайды. Құлаған қайың, сынық қанат көбелек, жаралы киік, жылы жүрегі суыған ғашық жігіт пен кез келген тірі адамның жағдайы бір дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет