17-СҰРАҚ.Зәки Ахметовтің абайтануға қосқан үлесі: еңбектеріне талдау жаса 1951 жылдан бері абайтану ғылымына салмақты үлес қосқан академик Зәки Ахметовтің еңбегі зор. Келешек жас ұрпаққа академик Зәки Ахметовті Абай тағлымының дарынды мұрагері ретінде танытып, артында қалдырған ғылыми мол мұрасын зерттеуді қажет деп білеміз.Академик С.Қасқабасовтың сөзіне ден қойсақ: «Сонау 1951 жылы жазылған «Лермонтов и Абай» атты еңбегінен басталған Абайға деген құштарлық 1995 жылы «Абайдың ақындық әлемі» атты монографияны дүниеге әкелді. Сол жылы жарық көрген «Абай» энциклопедиясына да басты-басты мақалаларды Зәки Ахметов жазды. Абай тағлымын бойына сіңіріп, санасында мәңгі тербетіп, жанына қуат еткен З.Ахметов ғылыми-шығармашылық жолында ақын мұрасы жайлы іргелі зерттеу еңбектер жазып, түйінді пікірлер айтып, теориялық негіз қалыптастырды. Сол еңбектердің ішінде абайтану ғылымына зор үлес қосқан «Лермонтов и Абай» (1951), «Абайдың ақындық әлемі» (1995), «Поэзия шыңы – даналық» (2002) атты монографиялық еңбектері, көптеген ұжымдық кітаптары мен сандаған мақалаларын атауға болады.З.Ахметовтің «Поэзия шыңы – даналық» атты еңбегіне жүгінетініміз анық [3]. Себебі бұл еңбекте автор Абайды керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері, сонымен бірге ойшыл ақын ретінде оқырманға танытып, Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы екенін дәлелдеп, ғылыми теориялық талдауларды ұсынады.
18-СҰРАҚ.Ғарифолла Есімнің абайтанудағы орны: еңбектеріне талдау жаса Есімов 20 ғасырдың 80-жылдары әдеби сынға белсене араласып, республикалық мерзімді басылымдарда:Оның “Хакім Абай” кітабында ол герменевтикалық тәсілді қолдана отырып, Абай шығармаларын талдады, оқырман ұғымына ауыр өлең мәтіндеріне түсініктемелер жасады."Хакім Абай" кітабы ұлы ақынның даналық дүниетанымын саралауға арналған. Абайдың данышпандық ойлары белгілі бір жүйеге түсіріле таратылмағандықтан, автор ақынның жекелеген ғибратты ой түйіндеріне түсінік беретін герменевтикалық тәсілді қолданған. Кітапта Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі философиялық тұжырымдары нақтылы ұғымдар түрінде қарастырады. Ғарифолла Есім 30 жылдай ғұмырын Абайдың хакімдігіне арнап, өмірлік жолы етіп алған демекпіз. Хакімнің «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» дегеніне ден қойған жан. Өзі де, сол ақыл мен жүректі бір етуі үшін күш-қайратын аямай, ойшылдың «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» дегенін терең ой етіп, жұмбақ адам әлеміне ену үшін қажырлы еңбек етті. Өйтпесең жұмбақ сыры ашылмайтынын білді. Жар жағасын жағалай келе, 1994 жылы «Хакім Абай дүниетанымындағы Алла мен Адам болмысы» тақырыбында докторлық диссертациясын, 1995 жылы «Хакім Абай (даналық дүниетанымы)» еңбегін дүниеге әкелді. Ел ықыласпен қабыл етті. Өзі рақым жасап, қанағат тұтты.«Ғұлама-наме» трилогиясының бірінші кітабында Ғарифолла Есім хакім Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі «Шарасыздық», «Ғибадат», «Шын иман», Кербез», «Естелік», «Жалығу», «Қазақшылдық», «Өлшеусіз ұлы ақыл», «Ой кеселдері», «Сұрау», «Ғұмыр өзі – хақиқат», «Билік пен байлық», «Жан мен тән» сынды пәлсапалық тұжырымға толы нақтылы ұғымдарды герменевтикалық тәсілмен қарастырады.«Ғұлама-наме» трилогиясының екінші кітабы – данышпан Шәкәрімге арналған. Абайдың даналығына тәнті болған ғалым Шәкәрімнің данышпандығын айналып өте алмасын баса айтып, оның ар біліміне ден қойғанын айтады.Сөз соңында айтарымыз, хакім жүрегіне терең бойлаған кісі – Ғарифолла Есім, қазақ елінің бастаушысы мен баяндауышын, оның анықтауышын да бір сөйлем етіп, істің себебін іздеушісі болған қазақтың бүгінгі хакімі.