негіздермен, амин қышқылдары мен липидтермен белгілі.
Гиалоплазмадағы бірқатар нәруыздар микротүтікшелер сияқты
құрылымдар жиналатын суббірліктер ретінде қызмет етеді.
Цитоплазманың негізгі заты жасуша ішіндегі барлық құрылымдарды
біріктіретін және олардың бір-бірімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін
жасушаның шынайы ішкі ортасын құрайды. Матрица бойынша біріктіруші,
тіректік қызметінің орындалуы 2-3 нм фибриллалардан түзілген және бүкіл
цитоплазмаға енетін микротрабикулярлы тордың болуымен байланысты
болуы мүмкін.
Қосындылар - цитоплазманың тұрақты емес компоненттері, олар
қоректік заттар (май, гликоген), жасушадан шығарылатын өнімдер
(секреция түйіршіктері) балласты заттарымен (кейбір пигменттер)
қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: