7-сұрақ
Нуклеин қышқылдарының құрылысы, қызметі, жіктелуі. ДНҚ
құрылысы.
1.Нуклеин қышқылдары жасушаның ең маңызды макромолекулаларының
бірі болып саналады. Нуклеин қышқылының (ДНҚ ) молекуласын 1868 жылы
Швейцариялық ғылым Ф.Мишер ашқан.
Қызметі:
нуклеин қышқылы - организмдерге гендік ақпаратты бір буыннан
екінші ұрпаққа көшіруге мүмкіндік беретін молекулалар.
Жіктелуі :
нуклеин қышқылдарының екі түрі бар: дезоксирибонуклеин
қышқылы (
ДНҚ
) және рибонуклеин қышқылы (
РНҚ
).
Құрылысы:
нуклеин
қышқылдары- полимерлер, олардың мономерлері болып
нуклеотидтер саналады. Нуклеотидтер өз кезегінде 3 бөліктен құралған :
азоттық негіздер, қант рибоза
немесе деезоксирибоза , фосфор қалдығы.
2.ДНҚ молекуласы
қос ширатпалы болып келеді.
Қос ширатпаның бір
оралымында 10 жұп нуклеотидтер кездеседі, ал оралымның ұзындығы 3,4 нм
тең.
Сонымен қатар, А-Т арасында 2 сутектік байланыс болса,
Г-Ц арасында
3 сутектік байланыс болады.
ДНҚ
дезоксирибозадан, азоттық негіздерден, 1
фосфаттан құрылған ( оларды -д АМФ, д ГМФ, д ЦМФ, д ТМФ деп атайды).
Функциялары:
1.
Тұқым қуалау ақпаратын сақтау;
2. Тұқым қуалаушылық ақпаратын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу;
3. Ақуыз биосинтезі процессінде тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру.
ДНҚ-ның алғашқы,
екінші реттік, үшінші реттік құрылыстары белгілі.
Бірінші реттік құрылысы
- бір жіпшеде нуклеотидтердің тізбектеліп
орналасуы болып табылады. ДНҚ алғашқы құрылысы фосфодиэфирлік
байланыспен байланысқан, яғни бір жіпшедегі нуклеотидтер бір-бірімен
фосфаттық топ және қанттың гидроксил тобы арқылы байланысқан.
Достарыңызбен бөлісу: