1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата21.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#198253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

Плазмалық жарғақша
жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды 
заттардан түзілген.
Жасуша плазмалық жарғақша, цитоплазма, ядро және 
органоидтардан тұрады. 
Цитоплазма
- жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сұйықтық. 
Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін 
жасушаның қажетті бөлімі. 


Ядро 
- жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша, 
үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер (қан 
жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды. 
Хромосома
- тұқымқуалау қасиетін сақтайтын жіл, таяқша тәрізді түзіліс. 
Адамның дене жасушаларында хромосомалардың саны тұрақты - 46, жыныс 
жасушаларында 23. Хромосоманың бөліктерін - «ген» дейді. Гендер 
хромосоманың ұзындығына қарай түзу сызық бойымен орналасқан. Олар 
тұқымқуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. 
Ядрошықтар 
- кейбір жасушаларда пішіні мен құрылымын өзгертіп тұратын 
тығыз түзіліс (денешік). Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде 
ядрошық жойылып, басқа кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық нуклеин 
қышқылының синтезіне қатысады. 
4-сұрақ 
Прокариот жасушаларының құрылымдық ерекшелігі. 
Прокроит жасушаларында мембрана құрылымы болады олар 
микрооргонизмдердің энергетикалық процестерінде қатысады. Мысалы көк – 
жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофил болады және олар 
фотосинтез процесін жүзеге асырады. 
Кей бір микрооргонизмдерде мембрана құрылымдары аэроботты тыныс алу 
процестеріне қатысады

Прокариоттарға
 бактериялар 
мен 
көк жасыл 
балдырлар(цианобактериялар
) жатады. Бактериялар микроскопиялық 
организмдер, яғни, біржасушалы. Көптеген бактериялар талшығымен 
қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет