Қатты дененің қозғалыстарының түрлері: 1.Ілгерілмелі, жылжымалы
2.Айналмалы
3.Күрделі
Қатты дененің айналмалы қозғалысы бұрылу бұрышымен t (уақыт) бойынша толығымен анықталады.
Айналмалы қозғалыстағы қатты дененің кинематикалық сипаттамасы 1.Дененің бұрыштық жылдамдығы
2.Дененің бұрыштық үдеуі
Анықтама: уақыт аралығына қатынасы t дененің орташа бұрыштық жылдамдығы деп аталады. =орт
Анықтама: уақыт аралығына қатынасындағы t0 ұмтылғандағы шек t уақыт моментіндегі дененің бұрыштық жылдамдығы деп аталады.
Дененің бұрыштық жылдамдығының бағыты: бұрылу бұрышының өзгеру заңдылығына тәуелді-\ өзгеріс әкеледі. Мысалы: = бағыттары қарама – қарсы болуы мүмкін.
Техникада, атап айтқанда электроқозғағыштарда, бұрыштық жылдамдық қозғағыштың якорының айналымы бойынша беріледі. Сондағы якордың бұрыштық жылдамдығы мен айналым саны арасындағы тәуелділік келесі түрде қарастырылады.
; n-айналым саны
Қатты дене нүктелерінің үдеулері: дененің бұрыштық жылдамдығының өсімшесі келесі түрде жазылады. уақыт арасында дененің бұрыштық жылдамдығының өсімшесі
орт ; қатты дененің орташа бұрыштық үдеуі ; () берілген уақыт моментіндегі дененің бұрыштық үдеуі деп аталады.
Дененің бұрыштық жылдамдығы мен бұрыштық үдеуінің сипаттамасы:
1.Модулі
2.Бағыты
Дененің бұрыштық үдеуінің бағыты сол дененің бұрыштық жылдамдығының өзгері заңдылығына байланысты анықталады, яғни дененің бұрыштық жылдамдығы мен үдеуінің модулін есептеуде олардың нәтижесі бірдей таңбалы болса бағыттары бағыттас, ал егер біреуі оң таңбалы, ал екіншісі теріс таңбалы болса бағыттары қарама-қарсы болады.
12.Қатты дененің жазық-параллель (жазық) қозғалысы және оның ілгерілемелі және айналу қозғалыстрға жіктелуі. Жазық-параллель қозғалыстың теңдеулері.
Қатты дененің жазық параллель қозғалысы деп бұл дененің барлық нүктелері белгілі бір қозғалмайтын жазықтыққа параллель жазықтықта қозғалатын қозғалысты айтамыз. Яғни, теоремаға сүйенетін болсақ: жазық қозғалыста дене нүктелері бірдей траекторияларды кескіндейді.Жазықтық-параллель қозғалыстың мысалы цилиндрдің көлденең жазықтық бойымен қозғалысы болып табылады.