1. Статистикалық бақылаудың түрлері



Дата06.12.2022
өлшемі69,35 Kb.
#161543
Байланысты:
(МӨЖ Mamed Zh. (копия) (копия)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті


МӨЖ
Тақырыбы: Статистикалық бақылау
Орындаған: Мамед Жарқынай
Тобы:МФОК 212
Тексерген: Касымова Г.К.
Алматы, 2022

Жоспары:
Кіріспе
1. Статистикалық бақылаудың түрлері.
2. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.
3. Статистикалық бақылау кезіндегі жіберілетін қате және оны тексеру тәсілі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Статистика тәжірибесінде жүргізілетін әр түрлі зерттеу жұмыстары өздерінің істелінетін сатыларына және жүйелілігіне қарай үш кезеңге бөлінеді:
- статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;
- статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді өздеріне тән нышандарына қарай бір жүйеге келтіріп, жинақтау және оларды өңдеу, топтау;
- жинақталған мәліметтерді талдау, қорытындылау және зерттеу нәтижелерін тұжырымдау;
Біз бұдан статистикалық бақылау статистикалық зерттеудің бастапқы кезеңі екенін көріп отырмыз. Шындығында да, статистикалық бақылаудың нәтижесінде қоғамдық құбылыстар мен процестер және зерзаттар ( объектілер ) жайында жиналған бастапқы мәліметтер статистикалық зерттеудің екінші және үшінші кезеңдерінің негізін қалаушы болып табылады. Сондықтан, статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер жоғары сапалы, нақты шындықты көрсететін және әдістемесі дұрыс болуы керек. Демек, әр түрлі фактілерді есепке алу және бастапқы мәліметтерді жинау ғылыми ұйымдастырылған жүйеде жүргізілуі тиіс.
Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады. 

Статистикалық бақылаудың түрлері


Статистикалық зерттеу тәжірибесінде бақылау бағдарламасы жасалғаннан кейін шешуші жұмыстарының бірі – бақылаудың түрін анықтау. Зерттеліп отырған объекттің жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына қарай статистикалық бақылау жаппай және жартылай бақылау болып екіге бөлінеді.
Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен тіркеуге алынады. Жаппай бақылау бастапқы деректерді жинаудың негізгі көзі болып саналады.
Жартылай бақылау кезінде зерттелетін жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады. Жартылай бақылау мәліметтері жаппай жиынтық қорытындысы ретінде қолдануға болады. Зерттеліп отырған жиынтық бірліктерін толық қамту мүмкіндігі болмағанда және шығын құны мен жұмыс көлемін көбейтпеу үшін осы тәсіл қолданылады. 
Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке ауқымды және жиынтықтың негізгі бөлігі деген үш түрге бөлінеді. Егер, жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын-ала іріктеліп алынған бөліктері негізінде ғылыми жүйеде зерттелетін болса, онда оны ішінара бақылау деп атайды. Ол жартылай бақылаудың ішіндегі ең көп қолданылатын жетілдірілген тұрі.
Ал жеке қоғамдық құбылыстың, объектінің кейбіреулері ғана белгілі бір мақсатта егжей-тегжейлі, жан-жақты зерттелетін, айқын жазу арқылы көрсетілген болса, жеке ауқымды бақылау болады. Ол бүгінгі кіннің жетістіктерін насихаттаушы оның кемшіліктерінің бетін ашуға мүмкіндік беретін зерттеу тәсілі болып саналады.
Жиынтықтың негізгі бөлігі статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай жалпы жиынтықтың ең негізгі бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан бірліктері болып саналатын құрамын зерттейді.
Статистикалық бақылау уақыт мерзіміне қарай бөлінеді:
- үзліссіз (ағымдағы) бақылау - үздіксіз, тұрақты түрде, белгілі бір уақыт мерзімінде жүргізіледі. Тіркеудің осы түрі тәжірибеде жиі қолданылады;
- үзілісті (мерзімдік) бақылау деп – белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады. Ол уақыт мерзіміне қарай кезеңдік, мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер, зерттеу жұмыстары бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, оны кезеңдүк немесе мерзімдік, ал зерттеу жұмыстары бір-ақ рет жүргізілсе оны бір жолғы бақылау деп атайды.
Статистикалық бақылаудың тәсілдері
Керекті мәліметтерді қандай жолмен жинаудың тәсілін анықтау статистикалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың ішіндегі ең күрделі мәселе болып табылады.
Бақылаудың үш негізгі тәсілі бар:
1. Тікелей бақылау деп - бақылау объектісінің бірліктерін бақылау жүргізуші тікелей өлшеу, санау арқылы есепке алып, тіркеуді айтады. Бұл тәсіл статистикалық зерттеудің жетілген түріболып саналадыжәне одан алынған мәліметтер нақты, толық болып келеді.
2. Құжаттар арқылы бақылау деп - қажетті мәліметтерді есеп беру формаларының негізінде жинауды айтады. Ондағы көрсеткіштер халық шаруашылығы салаларында болып жатқан жалпы өзгерістерді толығымен суреттейді.
3. Сұрақ-жауап арқылы бақылау деп - сұралушы адамдардың айтқандары бойынша бланкілерді, анкеталарды, кестелерді және т.б. формаларды толтыруды айтады.
Сұрақ-жауап арқылы мәліметтерді жинаудың мынадай жолдары бар:
- экспедициялық тәсіл- арнайы дайындықтан өткен адам сұралушы адаммен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы бланктерді толтырады және оларды статистикалық мекемеге өткізеді;
- корреспонденттік тәсіл- бақылау кезінде бланктер белгілі ұйымдарға немесе жеке адамдарға корреспонденттік байланыс жолдары арқылы жіберіледі. Кейіннен толтырылған бланкілер келісімді мезгілде статистика мекемелеріне қайтарылады;
- өзіндік тіркеу- сұралушы адам сұрақтарға жауап беріп, бланкты өзі толтырады, ал тіркеуші толтырылған бланктерді тексеріп, тиісті мекемелерге тапсырады. Мұнда жіберілген бланкілердің санына қарағанда, қайтарылғандарының саны біршама аз. Себебі, кейбір сұралушылар сұрақтардың жауабын дұрыс толтырмай, басқаша жауап беруі мүмкін. Бұл тәсілдің ерекшелігі – сұралушы адамның аты-жөні, мекен-жайы көрсетілмейді. 
Қазіргі талапқа сай электронды есептегіш машиналар мен компьютерлер жүйесінің кеңінен енкіне байланысты статистикалық бақылау жүргізу, оны топтау мен қорытындылау жұмыстары жоғары дәрежеге көтерілді. Осыған орай мәліметтердың автоматтадырылған қоймасы пайда болды және көрсеткіштердің сапасы жоғарылады.
Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін қате және оны тексеру тәсілдері.
Статистикалық бақылаудың негізгі міндеті- неғұрлым дәл және тура статистикалық ақпараттар алу. Статистикалық ақпараттардың дәлдігі деп бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер мәнінің оның нақты мәніне сәйкес келу деңгейін айтады. Зерттелетін құбылыстың бақылау нәтижесінде алынған мәні мен нақты мәнінің сәйкессіздігін статистикалық бақылаудың қатесі деп атайды. Статистикалық бақылау қатесінің екі түрі болады: 
 тіркеу қатесі;
 репрезентативті қате.
Репрезентативті қате деп - бақылауға алынған жиынтық бөлігіндегі зерттелетін белгі мәнінің негізгі жиынтықтағы белгі мәнінен ауытқуын айтады.
Репрезентативті қате жартылай бақылауға жатады және тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана жіберіледі.
Тіркеу қатесі бақылау нәтижесінде мәліметтер дұрыс анықталмағанда, дұрыс жазылмағанда болады. Қате әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы салдарынан туындайды. Тіркеу қатесі кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілетін қате болып бөлінеді.
Кездейсоқ жіберілген қате тіркеушінің жұмысқа атүсті қарауының нәтижесінен болады.Ол әр түрлі себептердің әсерінен артық-кемді қателікке ұрынуы ықтимал.
Жүйелі түрде жіберілетін қате деп - бақылау кезінде көрсеткіштерді белгілі бір себептерге байланысты көбейтіп немесе кемітіп жазуды айтады. Бұл есеп жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпті және оның нәтижесі жалпы жиынтыққа кері әсерін тигізеді. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана, әдейі жіберілген және абайсызда, байқаусызда жіберілген болып екіге бөлінеді.
Статистикалық бақылауды жүргізгеннен кейін, мәліметтер ішінде қателерді жібермеу үщін, барлық жиынтықтар тексеруден өткізіледі. Және ол қисынды түрде тексеру, логикалық және есептеу арқылы тексеру, арифметикалықмболып екі түрге бөлінеді.
Қисынды түрде тексеру – статистикалық бағдарламада көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауапиардың өзара байланыстығын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені тексеру.
Есептеу арқылы тексеруде жалпы жиынтық көрсеткіштеріндегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану арқылы түзетулер енгізіледі. Оның өзі тақырыпты, жинақты және жаппай деген үш түрге бөлінеді.
Тақырыпты тексеруге жеке кәсіпорындардың белгілі бір формасы ғана алынады. Жинақты тексеру кезінде кәсіпорынның барлық есеп беру формалары түгелдей тексеріледі. Ал жаппай тексеруде барлық есеп беретін кәсіпорындарының белгілі бір есеп беру формасы немесе көрсеткіші толығымен тексеріледі.
Ұлттық статистика агенттігі мен оның жергілікті органдарының алдарына қойған негізгі мақсаттары есеп беру формаларындағы мәліметтердің дұрыстығын және сапасының жоғары болуын қадағалап отыру.

Қорытынды


Статистикалық бақылау –қоғамдық құбылыстар туралы мәліметтерді жоспарлы және ғылыми ұйымдастырылған түрде жинау.
Статистикалық бақылауға мәліметтердің толық болуы,дұрыс әрі дәл, құнды, уақыт өлшемі бойынша салыстырмалы болуы сияқты талаптар қойылады.
Статистикалық органдар кәсіпорындардың, ұйымдардың,мекемелердің қызметтерін статистикалық бақылауға алады.Олар кәсіпорындардың статистикалық органдарға есеп беру және арнайы ұйымдастырылған формасы түрінде жүргізіледі.
Статистикалық бақылау зерттелетін жиынтықтағы бірліктерді қамту дәрежесіне байланысты екі түрге бөлінеді: жаппай және жартылай.Ал тіркеуге алу уақытына байланысты ағымдағы,мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді.
Статистикалық мәліметтерді алудың мынадай тәсілдері бар:тікелей бақылау, құжаттық және сұрақ –жауап.
Кез келен статистикалық зерттеу жұмысы оның мақсаты мен нақты міндеттерін тұжырымдардан басталуы қажет. Содан кейін бақылау объектісін, бақылау бірліктерін анықтайды, бақылау бағдарламасын әзірдейді, бақылаудың түрін, тәсілін таңдайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Ы. Әміреұлы. «Статистиканың жалпы теориясы». Алматы, 1998 жыл.
2. Ө. Кесікбайұлы, М. Өскенбайұлы. «Статистиканың жалпы теориясы». Алматы, 1998 жыл.
3. Қ.Қ. Белгібаева, С.М. Мұханбетова. «Қаржы және банк статистикасы бойынша есептер жинағы». Алматы, «Экономика»,1999 жыл.
4. Қазақстан халқының экономикалық белсенділігі. Сатистикалық жинақ 1991 - 2005ж 
5. //Труд в Казахстане, №8, 2006 ж. 11 бет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет