4) жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға; 5) жазаның дұрыс тағайындалмауына не сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуіне; 6) талап қоюды қараусыз қалдыру жағдайларынан басқа, азаматтық талап қоюды дұрыс шешпеуге, мүлікті тәркілеу туралы мәселені дұрыс шешпеуге; 7) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыны заңсыз немесе негізсіз түрде шығаруға; 8) осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда қайшылықтарды жою туралы ұсыну енгізілген сот актілері не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты кассациялық алқасы судьясының жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шығарған қаулысы бойынша қайшылықтарға әкеп соққан, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар не қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы негіздер болып табылады. 2. Осы Кодекстің 484-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер: 1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің қауіпсіздігін қозғаған не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болған; 2) үкім арқылы адам өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған; 3) қабылданған сот актісі соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолданудағы біркелкілікті бұзған жағдайлар болып табылады. 3. Заңды күшіне енген, өлім жазасы туралы үкімдер өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда кассациялық тәртіппен қайтадан қайта қаралады.