1 Судьяның іс-әрекеті дұрыспа? Судья іс әрекеті дұрыс, Қр аіжк 38 бабында



бет64/178
Дата24.08.2020
өлшемі219,71 Kb.
#76805
түріҚұрамы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   178
Байланысты:
Құқықтану гос жауаптары (1)
Практикалық сабақ 1 сапа менед
68-бап. Борышкердің мүлкін бағалау

1. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салынған және борышкерге мүліктің тиесілі екені анықталған кезден бастап он жұмыс күні ішінде:

бағалаушыны өз бетінше тағайындау;

атқарушылық іс жүргізу тараптарының бірінің ұсынысы бойынша бағалаушыны тағайындау;

атқарушылық іс жүргізу тараптарының біріне борышкердің мүлкін бағалауды жүргізу туралы тапсырма беруі арқылы бағалаушыны тағайындау туралы қаулы шығарады.

Борышкердің тыйым салынған мүлкін бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтің ақысын төлеу атқарушылық іс жүргізу тараптарына жүктеледі және кейіннен борышкердің есебінен өтеледі.

2. Бағалаушыны тағайындау туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмелері атқарушылық іс жүргізу тараптарына оны шығарған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.

3. Бағалаумен келіспеген атқарушылық іс жүргізу тарапы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген бағалау бойынша қорытынды алу үшін сарапшылық кеңеске өтініш жасауы не сот тәртібімен оған шағым жасауы мүмкін. Шағым сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау үшін Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі. Сарапшылық кеңестің теріс қорытындысы не соттың бағалау туралы есепті жарамсыз деп тануы сот орындаушысының жаңа бағалауды тағайындауы үшін негіз болып табылады. Сарапшылық кеңес теріс қорытынды берген жағдайда, бағалау туралы есептің сараптамасы үшін тапсырыс беруші жүргізген төлемді бағалау туралы есепті жасаған бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға өтейді.

4. Жаңа бағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шағым жасаушы тарапқа жүктеледі.

5. Атқарушылық іс жүргізу тараптары мүліктің құны туралы жазбаша келісім жасасқан жағдайда, бағалаушы тыйым салынған мүлікті бағалауды жүргізбейді және бағалаушыны тағайындау туралы қаулы шығарылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет