1 Судьяның іс-әрекеті дұрыспа? Судья іс әрекеті дұрыс, Қр аіжк 38 бабында


-бап. Борышкердің мүлкін өткізу кезектілігі



бет65/178
Дата24.08.2020
өлшемі219,71 Kb.
#76805
түріҚұрамы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   178
Байланысты:
Құқықтану гос жауаптары (1)
Практикалық сабақ 1 сапа менед
72-бап. Борышкердің мүлкін өткізу кезектілігі

1. Жеке тұлғаның мүлкiне өндiрiп алуды қолдану кезiнде осы мүлiктi өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) бірінші кезекте – бірінші кезектегі қажетті заттар болып табылмайтын мүлік, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;

2) екінші кезекте – көлік құралдары, жылжымайтын мүлік (тұрғынжайдан басқа);

3) үшінші кезекте – тұрғынжай.

2. Заңды тұлғаның мүлкіне өндіріп алуды қолданған кезде осы мүлікті өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) бірінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымалы мүлік, оның ішінде дайын өнім (тауарлар), бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;

2) екінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымайтын мүлік;

3) үшінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей пайдаланылатын мүлік: өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілері, шикізат, материалдар, станоктар, жабдықтар және басқа да негізгі құралдар.

3. Осы баптың ережелері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның мүлкін өткізу кезінде оның жеке мүлкі мен кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын мүлкі бойынша да қолданылады.

4. Өндіріп алуды қолданудың нысанасы – борышкер кепіл немесе міндеттемені қамтамасыз ету ретінде берген мүлік болған, не тыйым салынған мүлікті кезектілік тәртібімен өткізу атқарушылық құжат талаптарының толық орындалуына әкелмейтін немесе осы Заңда белгіленген орындау мерзімдерін ұлғайтатын жағдайда, мүлікті өткізу кезектілігі өзгертілуі мүмкін. Сот орындаушысы аталған мән-жайды борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетеді, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген.
2. Москва-Қарағанды жолаушылар поезі вагонның екі арасындағы жабық алаңында (тамбурда) Ресей азаматы А.Н.Литвинов мәйіті, поезд Көкшетауға келген соң табылды. А.Н.Литвиновтың кеудесіне 4 жерден пышақ салынған. Көрші вагонда келе жатқан дәрігер А.С.Кенжеғұлов мәйітті қарап А.Н.Литвиновтың өлімі 4 сағат бұрын болғандығын анықтайды. Ол уақытта поезд Қопған қаласында тоқтап тұрғандығы анықталды.
1. Осы жағдаймен байланысты кім қылмыстық істі қозғайды және алдын ала тергеу жүгізгенді қай мемлекеттің ҚІЖК і қолданылады?

2. Басқа мемлекеттердің алдын ала тергеу органдарымен әрекеттестік қандай заңмен реттеледі.
1.Қылмыстық істі оқиға орын алған жердің ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаментінің желілік полиция бөлімі қозғайды. Алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет