1 суракка жауап



Дата07.05.2020
өлшемі23,2 Kb.
#66564
Байланысты:
ИП


1 - суракка жауап.

«Кәсіпкерлік» терминін ең алғаш ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Ол осы терминге мына ойды сыйғызды, яғни, нарықтық қатынастарға байланысты табысқа қол жеткізу, өндірісті дұрыс ұйымдастырудағы адам белсенділігімен байланыстырды.

«Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзінөзі ұйымдастыру және өзінөзі жаңарту процесі.

Ал кәсіпкер – бұл табысты алу мақсатымен қауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістікшаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз кезегінде кәсіпкерлік табыс – бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табыс)және үстеме пайдасы».

Кәсіпкерлік – адамдармен олар құрған бірлестіктерді белсеңді, дербес шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті шығармашылық күшжігерді жүзеге асыруға, экономикалық ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағытбағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестік, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлықпен жаңашылдық танытуға, ғылымитехникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.

Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар болып табылады:

- Мемлекеттин азаматтары;

- Шетел мемлекеттерінің азаматтары;

- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы, біріккен серіктестер, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, қожалықтар, әр түрлі бірлестіктер, корпорациялар т.б.).

Кәсіпкерлік – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсеңділігі және іскерлігі. Белсеңділік және іскерлік – адамның адамның еркін өмір сүру түрі. Белсеңділік, іскерлік адамдардың мінезқұлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсеңді,іскер болар екен? Өздерініз ойланызшы: холерик пе, сангвиник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе? Сан есебінен алғанда белсеңділік өте азғантай энергетикалық шығыннан шамадан тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін бару мүмкін. Мысалы, Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсеңділік (ішкі себептермен пайда болған, сартқы әсерлерден болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсеңділік (қайғықасірет шегу), сонымен бірге еркін белсеңділік. Адамдардың белсеңділігі әр түрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи, аудандық т.б. болып бөлінеді.

XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы,1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы ОстИндия сауда компаниясы, XVII ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бірбірімен баламалап, теңестіріп, қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкерлік – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.

Касипкерлик кызметтин негизги субьектиси болып-касипкер танылады.Сонымен катар тутынушылар,мекмлекет,жалдамалы жумысшы жане бизнестеги сериктестер болып табылады.

Касипкерик кызметтин субьектиси ол- тауар,оним,кызмет жане т.б, ягни кимнин де болсын кажетилигин канагаттандыратын жане рынокка тутыну,колдану,сатып алу ушин усынылады.

2-суракка жауап.

инновация – бұл тек қана жаңашылдық емес, ол кәсіпкерлікпен тығыз байланысты өндірістің жаңа функциясы. Инновация – инновациялық қызметтің, инновациялық үрдістің нәтижесі, оның барысында әртүрлі қызметтер жүзеге асырылады, мысалы: ғылыми – техникалық зерттеулер, өндіріс, маркетинг және менеджмент. Өнертабыстардың әлеуметтік немесе экономикалық құндылығы болмайды, егерде олар инновацияларға айналмаса. Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады: өнімділік; үрдістік. Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады. Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту. Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибеде ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады». Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

Сонымен, экономикалық талдау үшін «инновация» категориясының төрт маңызды аспектісі маңызды:

инновация – кәсіпкердің инновациялық қызметі арқылы инновациялық өнім түрінде нақты өмірге жүзеге асырылған интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде;

инновация –бұл нарықтық тепе – теңдікті бұзатын бәсекелік күш;

инновация пайдалы тиімді қамтамасыз ететін жаңа немесе жетілдірілген өнім немесе үрдіс ретінде;

инновация экономикалық өсу факторы ретінде.

Инновация бұл – экономикалық категория. Категория бойынша инновация жаңа енгізудің жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін, қатынасын көрсетеді.

Категорияның маңызы оның функцияларында көрінеді. Экономикалық категорияның функциясы оның ішкі құбылысын нақты түрде енгізеді. Инновацияның функциялары оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді. Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, «ақша-инновация» айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады.

Осыларды қарастыра отырып, инновацияның үш функциясын көрсетуге болады:


- өндірістік;

- инвестициялық;

- ынталандырушы;

Өндірістік функция мынаны білдіреді: яғни, инновация кең өрістің маңызды қайнар көзі болып табылатынын көрсетеді.

Нарықта сатылған инновациялардан түсетін ақшалай түсім қаржылық ресурстардың қайнар көзі және де инновациялық үрдістің эффектілік мөлшеріндегі қызметін жасайтын қызметкерлік пайданы құрайды.Қызметкерлік пайда сауда-өндірістік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық істердің көлемін кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары «Шаруашылық субьект ақша ағымының жоспарында» көрсетіледі.Осылайша, инновациядан пайда көру және оны қаржылық ресурстардың қайнар көзі ретінде қолдану өндірістік функцияның инновациясын құрайды.Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен пайда әрбір бағытта қолдануы мүмкін, соның ішінде капиталдың қызметінде.Капитал пайда көру үшін алынатын ақша болып табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың қаржыландыруы немесе белгілі бір инновацияның жаңа түрлері үшін қолданылатын инновация пайдасы инновацияның иевестициялық функциясын құрайды.Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің алатын пайдасы кез-келген коммерциялық шаруашылық субьект мақсатының функциясына тікелей сәйкес келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге, маркетингтік істерді жүргізуді ынталандыруға , қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін қолдануға (реинжиниринг, брэнд-стратегия, бенчмаркинг және т.б.) қызуғышылық тудырады. Жоғарыда айтылғандар ынталандырушы функцияның құрамын құрайды.

3-суракка жауап.

Инновациялық кәсіпкерлік қызметтің мақсаты:

- Жаңа идеяларды қолдану

- Бастама көтеру және оларды бақылау

- Инновациялық өнімді нарыққа шығаруға

Инновациялық кәсіпкерліктің міндеттері:

- Индустриялды ин-лық стратегияны жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің ин-лық түрлерін қаржыландыру.

- Мемлекет және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдау.

- И-лық тәуекелділік денгейін төмендетудің бағалау жүйесін құру.

- Кәсіпіпкерліктің инн-лық түрлерін жетілдіру үшін инфрақұрылымды қалыптастыруда мемлкет рөлін анықтау.
Инновациялық қызметтің басқа шаруашылық қызметтерден айырмашылығы жаңа өнімді жасау мен жүзеге асыруға бағытталғандығы. Ал, егер де жаңа өнім болмаса бұл жай кәсіпкерлік қызмет түрінде болады.

Инновациялық кәсіпкерлікте негізінен екі мақсат болады: бірінішісі - инновациялық болып табылатын тауар немесе қызметті жасау, соңғысы - инновацияны таратудан жоғарғы таза пайда алу. Инновациялық қызмет субъектілерінің соңғы мақсатқа жетуі жүзеге асырылған қызметінен пайда табу және шаруашылық қызмет аясының дамуына нақты ғылыми-техникалық салым салу. Сонымен инновациялық қызмет кәсіпкерлік қызмет бола отырып, жоғары тәуекел, капиталсыйымдылық, инновацияны жасау және жүзеге асыруға бағытталу секілді арнайы сипаттайтын белгілерге ие.

Инновациялық касіпкерлікке мынадай міндеттер:

қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;

экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;

инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру;

өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;

жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;

бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;

инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;

инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;

игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерiн жатқызды. Бұдан инновациялық қызметке тек жаңаны енгізумен байланысты емес, өндірісте қолданылатын ғылыми нәтижелерді өңдеуге байланысты, инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту, т.б. жатады деген қорытынды жасауымызға негіз болады.

4-суракка жауап

Кәсіпкерлік қызметті әр түрлі міндеттемелері мен белгілері бойынша сыныптауға болады, бірақ теория мен практикада келесі белгілері бойынша классификациясы қалыптасқан: меншік формасы бойынша, заңдылығы, аймақ көлемі, түрлі аймақтарға таралуы, құрушылар қүрамы, айналым көлемі, персонал саны, табыстылық деңгейі мен осу қарқыны, жаңалықтарды пайдалану деңгейі және т.б.

Меншік формасына келетін болсақ нарықтық экономикада кәсіпкерлік негізінен 2 форма:

-мемлекеттік;

-жеке меншік формаларында дамып келеді. Жеке меншік:

-индивидуалды;

-коллективті формаларда көрініс табады.

Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік:

-заңды;


-заңсыз;

-алдамшы кәсіпкерлік болып бөлінеді.

Алдамшы кәсіпкерлікке анықтама беріп кетсек бұл кәсіпкерлік түрі азаматтарға, үйымдарға, мемлекетке залалын тигізетін, кәсіпкерлік және банктік қызметпен айналысу мақсаты жоқ, мақсаты: несие алу, салықтан босатылу, басқа да мүліктік пайда алуды және заңсыз қызмет түрін жасыру үшін қүрылған коммерциялық үйым.

Қызметінің түрлі аймақтарға таралуы бойынша:

-жергілікті;

-үлттық;


-халықаралық;

-әлемдік;

-аймақтық болып бөлінеді.

Қүрылтайшылар қүрамы бойынша:

-әйелдер;

-жасөспірімдер кәсіпкерлігі болып бөлінеді.

Көптеген елдерде әйелдер және жасөспірімдер кәсіпкерлігінің дамуына қолдау көрсетумен айналысатын ассоциациялар қызмет етуде. Мысалы, Ресейде Ресей кәсіпкер әйелдер ассоциациясы құрылған.

Даму қарқыны мен табыстылық деңгейі және түсімділігі бойынша кәсіпкерлік ұйымдарды:

-қарқынды өспелі;

-даму қарқыны бәсең;

-жоғары табысты;

-рентабелділігі төмен ұйымдар деп жіктейміз.

Өзінің қызметінде инновацияларды, жаңалықтарды, жаңа технологияларды, жаңа тауарларды өндіру мүмкіншіліктерін әрдайым іздестіру, жүмыстарды атқару, қызмет көрсету, жаңа өткізу нарықтарын жаулау, өндіріс факторларын жаңадан комбинирлеу негізінде жаңа сүраныс пен үсыныстың қалыптасуы прогрессивті маркетингтің инновациялық менеджментін қолдануда кәсіпкерлік қызмет шығармашылық-іздестірушілік, өнімді белгілі әдістер мен белгілі еңбек өнімдерін ұдайы өндіруге бағытталған және т.б. болады.

Өз ісінің құрылтайшылар көлеміне байланысты:

-жеке кәсіпкерлік

-колективті кәсіпкер болып бөлінеді

Жалпы персоналдық тізімі, жарғылық капиталдағы басқа да субъектілер үлесі бойынша: шағын кәсіпкерлік. Егер кәсіпкерлер ұйымды құруда Қазақстандық құрылтайшылармен бірге шетелдік құрылтайшылар болса, ондай кәсіпкерлік «біріккен» деп аталады.Құру механизміне, құрылтайшылар санына, қызмет ету және басқару процесіне байланысты: жай және күрделі кәсіпкерлік үйымдар деп аталады.Коммерциялық кәсіпкерліктің қызмет алаңы болып тауарлы биржалар және сауда үйымдар деп аталады .Тауарлы биржа-бүл сатып алушымен үлгілермен ертеректе жасалған тауардың минималды партияларын алдын ала тексермейтін көтерме тауарлы нарықтың көп түрлілігі. Тауарлы биржада коммерциялық делдалдар мен олардың қызметкерлері бірлесіп келісілген ережелер бойынша сауда операцияларын жүргізу үшін өз еріктерімен бірлеседі.Бүл биржаның мақсаты- еркін бәсекелестіктің басқару механизмін қүру және оның көмегімен сүраныс пен ұсыныстың өзгеруі есебінен нақты нарықтық бағаларды анықтау. Тауарлы биржа- стандарттармен сатылатынжалпы алмастырушы тауарлардың түрақты қызмет атқарып отыратын көтерме нарықтың едәуір жетілген формасы.

5 суракка жауап.Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ерекше жаңашыл процесс, жаңа нәрсенің пайда болуы, оның негізінде үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеу мен инновацияға негізделу.Инновациялық кәсіпкерлікті жандандыруда венчурлік, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдірудің негізгі бағыттары болып табылады. Қазақстанның дамуының басты бағыттары – ең жақсы өмір стандарттарын ұсынатын, адамдардың өзіндік таланттары мен қабілеттерін жүзеге асыра алуға мүмкіндік беретін қоғам құру. Яғни инновациялық типті экономика құру. Ең алдымен инновация деген терминге тоқталып кететін болсақ, инновация бұл – жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және қоғамдық пайдасы бар ғылыми-техникалық нәтиже. Инновациялық кәсіпкерлік қызмет субъектілері деп ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды, өнертапқыштарды, технологтарды, конструкторларды және экономиканың түрлі аймақтарына жаңашылдық жасап, оны енгізетін шығармашыл тұлғаларды жатқызамыз.Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі.Теориялық талдау негізінде ин-ны түсіндіру бойынша бірнеше көзқарастар.1)- Ин-я жаңа идеяларды және үрдістер ретінде қарастырылып,оны қолдану арқылы сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық экономикалық үрдіс.2)- Ин-я тек жаңа енгізулер емес бұл өндірістің жаңа қызметі. Бұл өнім өндіру технологиясын өзгерту немесе ұйымдастырушылық қаржылық салаларда жаңалықтар енгізу бойынша қарастырылады.3)- Ин-я тұтыну тауарының жаңа түрлерін жаңа өндірістік және тасымал құралдарын нарықта пайдалану және өнеркәсіпті ұйымдастыруды қолдану.

6 суракка жауап

Тәуекел –испан сөзінің шығу тегінен,riso – испанша «шың құз» дегенді білдіреді.

Қазіргі уақытта тәуекел түсінігіне нақты анықтама жоқ. Кейбір анықтамалардан : тәуекел – нәтижені болжауда болатын екі ұшты деңгейлі;шығын ықтималдығы;ықтимал шығынның шамасы; кірістің бөлшегін жоғалту ықтималдығы; күтілген уақыттағы құбылысқа қолайсыз нәтиженің қауіптілігі.

Тәуекел үнемі белгісіздікпен байланысты,алайда олардың арасындай айырмашылық бар,ол белгісіздіктің болашақ жағдайы туралы ақпараттың жеткіліксіздігін білдіреді,ал тәуекел – жағдайды ықтималдылық нәтижелерінен әрқайсысының ықтималдығын болады.Қазіргі кезде қандай да болмасын шаруашылық қызмет басқару шешімдерін қабылдаумен іске асырады. Мұндай шешімдер тәуекелмен байланысты,яғни бұл көптеге белгісіз,анықсыздық факторлардың бар болуы ол кәсіпкердің әрекетіне әсер етеді.Кәсіпкер басқарушылық шешім қабылдау үшін алдымен тәуекел аймақтарын кбелгілеп алу қажет.Тәуекел аймақтары деп ортақ шығынның кейбір аймақтары аталады,ол шекті шығын тәуекелдің құрылған деңгейінің мәнділігінен асырылмайды.

Тәуекелдің жіберілетін,дағдарыс,апаттық аймақтары болып бөлінеді:

-Жіберілетін тәуекел аймақтарында-шығындар күткен кірістен асырылмайды және кәсіпкерді алынбаған кіріс үрейлендіреді.

-Дағдарыс тәуекел аймағы-шығынның күтілген кірістің шамасынан жоғары және өндірілген өнімнің сатудан түскен түсімнің қауіптілігімен сипатталады,өйткені іске салынған бүкіл қаржыны қайтаруға және жоғарлатуға әкеледі.

-Апаттық тәуекел аймағы – шығын аймағы,ол кәсіпкердің мүлік жағдайына тең шамасына жетеді.

Тәуекелдң басқару жүйесінде – маңызды ескерту шараларын және тәуекел минимилазациясын дұрыс таңдауының нәтижелігін белгілейді.

Инновациялық кәсіпкерліктегі «Тәуекелді» азайту әдістері:

1.Коммерциялық тәуекел – қаржылық қызмет көрсеткіштерінің қатынасын дұрыс анықтап,кәсіпкерліктің инновациялық рентабельділігін жоғарлыту тәсілі.

2.Ресурстарды тиімсіз бөлу тәуекелі – ресурстарды бөлудегі басымдылықты нақты анықтау.

3.Бәсекелес қызметі-кәсіпкерлік қызметін білу мақсатында,салаларға маркетингтік талдау және стратегиялық есем жүргізу.

4.Жұмысшылар жетіспушілігі – әлеуметтік-экономикалық бағдарлама құру,тиімді психикалық жағдай жасау.

5.Дұрыс таңдалмаған жоба,идея – жобаның барлық оң және теріс жақтарын қадағалап,барлық мүмкін варианттарын есептеу.

Қазіргі уақытта инновациялық кәсіпкрлектегі тәуекелді басқарудың тәжірибесі кәсіпорындарда кең таратылмаған.Бірақ мағыналығы жағынан,кез келген кәсіпорын тұрақты дамуында тәуекелдң басқару жүйесіне ие болу керек.Кәсіпорында тәуекелді басқарудың жүйесін құру жоғарғы кәсіпорындардың инновациялық басшылығымен тәуекелдердің болуы мен олардың рациональды қабылдауының қажеттілігін сезінуісіз мүмкін емес.Және де барлық кәсіпорынның басты мақсаты- шығындарды аз жұмсай отырып,жоғары пайда табуға жетелейді де,инновациялық кәсіпкерліктің дағдарысын болдырмау және бакронтқа ұшыраудан қорғауды қамтамасыз етеді.Тәуекел қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірінің ажырамас элементі ретінде нарық жағдайында қызмет етуші кез-келген ұйымның қызметінің барлық бағыттары мен аясында міндетті түрде ілесіп жүреді. Сұраныс пен ұсыныс деңгейінің тұрақсыздығы, үнемі қатаңданып отыр бәсекелестік, техника мен технологияның даму қарқынын озушылар, валюталық бағамдардың күрт өзгеруі, бақыланбайтын инфляция, заңнамалық базаның тұрақсыздығы, сонымен қатар, жаңашыл экономикаға тән көптеген басқа да қолайсыз факторлар бірде-бір коммерциялық операцияның белгілі кепілденген жетістікпен жүзеге асырылуына жол бермейді. Соның салдарынан кез келген жаңашыл ұйымның қалыпты деңгейде іс-әрекет етуі мен дамуының негізгі және ажырамас шарты болып оның жоғарғы басшылығының қатаң ғылыми негізде тәуекелдерді болжауды және басқаруды жүзеге асыра білу табылады.

7 суракка жауап.

Тәуекелдерді басқарудың іс жүзіндегі міндеті түбегейлі зерттеуді және жүйелендіруді қажет ететін өзарабайланысты теориялық сұрақтардың негізінде құрылады:

- тәуекелдің мәнін және оның кәсіпкерлік қызметте көрінуінің формаларын ашу;

- оның пайда болу көздерін зерттеу;

- тәуекелдерді классификациялау белгілерін таңдау және ғылыми түрде тұжырымдау;

- кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдерді бөлу.

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік:

1. Кәсіпорынның алғашқы қаржылық ақпаратын жинау

2. Кәсіпорынның тәуекелділік ықтималдылығын бағалау

3. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау

4. Кәсіпорынның дағдарыс кезеңін анықтау

5. Қаржылық сауықтыру жөнінде басқару шешімдерін таңдау

Тәуекел басқарумен тікелей байланысты және де қабылданатын басқарушылық шешім-дердің тиімділігі мен дұрыс негізделуінен тікелей тәуелділікте болады. Жоғары тәуекелді сфераны айқындай отырып, оны сандық өлшей және үнемі бақылай отырып тәуекелдерді шектелген дәрежеде басқаруға болады. Бұл тәуекел деңгейін елеулі мөлшерде төмендетуге және оның теріс салдарын минималдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тәуекел бизнесте тек қана теріс роль ойнамайды, оң нәтижелі де болады. Жалпыға белгілі, жүзеге асырылуға дайындалып жатқан инновациялық жобаның тәуекел деңгейі жоғары болған сайын, оған тартылатын инвестицияның рентабельділігінің күтілетін деңгейі де жоғары болады. Тәуекелді іс-әрекетке ақша салу арқылы бизнесмендер өз инвес-тицияларының пайдалылығы мен рентабельділігінің жоғарғы деңгейіне сенім артуына болады. Оған қоса, кәсіпкерлік тәуекелдің теріс салдарын минималдауға ұмтылу жан-жақты терең зерттелген, дұрыс басқарушылық шешімдер қабылдау үшін объективті алғышарттар қалыптастырады.



Басқа елдердің экономикалық жүйелерін зерттеу көрсеткендей, экономикалық саясаттың тактикасы мен стратегиясын дайныдау барысында, нақтылы шешімдер қабылдау кезінде кәсіпкерлік тәуекелді елемеу немес дұрыс бағаламау қоғамның, ғылыми-техникалық про-грестің дамуын міндетті түрде тежейді, экономикалық жүйені тоқырауға алып келеді. В.А.Черновтың айтуынша «тәуекелдің жоқ болуы кезінде шешім қабылдаушы субъект үшін ұйымдастыру, басқару және жоспарлау жүйесін жетілдірудің, кемшіліктер туралы ойлану-дың, қарсы ой-пікірлер айтудың, сынға алудың және жақсы жаққа өзгерудің қажеттілігі жоқ. Өйткені, ол ешқандай да тәуекелге бармайды, ешқандай да жоғалту болмайды. Сондықтан да, ол өзін-өзі басуға, творчестволық ойшыл адамдарды елемеуге және қабылдамауға бейім келеді. Нәтижесінде, осының салдары ретінде, өзін-өзі дамытуды тоқтатады». Тәуекелдің ғылыми категориясының теориялық негізін зерттеу кәсіпкерлік қызметтің нарықтық экономика жағдайында іс-әрекет етуі көптеген тәуекелдердің болуымен сипатта-лады деп қорытындылауға негіз береді. Зерттеу барысында, көрсетілген мәселелер мен болжамданған көзқарастардың күрт өзектілігіне қарамастан, тәуекелді бағалау теориясының әлі де болса айқындалған түрлерінің жоқтығы анықталды. Осыған байланысты мақалада тәуекелдің мәні мен оның көрінісінің түрлері туралы авторлық көзқарас көрсетілген. Тәуекелді сапалы басқару тәуекелдердің кәсіпкерлік қызметтің сол немесе басқа да кезеңдерінде пайда болуның мүмкіншілігін сәйкестендіруге септігін тигізетін олардың пайда болу көздерін зерттеудің қажеттілігін көздейді. Тәуекелдерді жүйелендіру мен сәйкестен-діру, өз кезегінде, тәуекелдерді басқарудың оңтайлы жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.


15 суракка жауап

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет