Сабақ Мақсаты: металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру арқылы олардың тотықсыздандырғыштық қасиеттерін анықтау



Дата07.02.2022
өлшемі14,96 Kb.
#95054
түріСабақ
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word


Металдардың жалпы сипаттамасы. № 4 көрсетілім: металдардың кристалдық торының модельдері. 2-сабақ
Мақсаты:
металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру арқылы олардың тотықсыздандырғыштық қасиеттерін анықтау.

Жаңа сабақ:


Оң иондар мен металл атомдары және бос электрондардан тұратын металл торларын металдық кристалл торы деп атайды.
Оларды металдық байланысы бар заттар түзеді. Металл торының түйіндерінде атомдар мен иондар (катиондар) орналасқан (атомдар немесе иондар, оларға атомдар оңай айналады, сыртқы электрондарын жалпы пайдалану үшін береді).
(1 сурет қосымшада тіркелген)Мұндай кристалдық торлар металдар мен құймалар сияқты қарапайым заттарға тән.

Металдардың балқу температурасы әр түрлі болуы мүмкін (–37°С-тан).


Бірақ барлық металдарға тән металл жылтырлығы, иілгіштігі, электр тогы мен жылуөткізгіштігі сияқты физикалық қасиеттер тән.
Металдардың әдеттегі кристалды торының мысалдары суретте көрсетілген:
(2 сурет қосымшада тіркелген)
Химиялық қасиеттері бойынша барлық металдар тотықсыздандырғыш болып келеді.
Олар валенттік электрондардан салыстырмалы түрде оңай бас тартады, оң зарядталған иондарға өтеді (+1, +2, +3), яғни олар тотығады.
Жай заттармен
Оттегімен әрекеттесіп негіздік және амфотерлі оксидтер түзеді:
4Li + O2 → 2Li2O (литий оксиді)
4Al + 3O2 → 2Al2O3
Литийден басқа сілтілік металдар пероксидтер түзеді:
2Na + O2 → Na2O2 (натрий пероксиді)
Галогендермен:
Cu + Cl2 → CuCl2.
Сутегімен:
2Na + H2 → 2NaH.
Күкіртпен: Zn + S → ZnS.
Азотпен: 3Mg + N2 → Mg3N2.
Көміртекпен: 4Al + 3C → Al3C4.
Фосформен: 3Ca + 2P → Ca3P2
Күрделі заттармен
Сумен:
Сілтілік және сілтілік жер металдары сілті және сутегін түзеді:
2Na + 2H2O → 2NaOH + H2
Ba + 2H2O → Ba(OH)2 + H2
Кейбір металдар су буымен жоғары температурада оксид пен сутегі түзе отырып әрекеттеседі:
3Fe + 4H2O → Fe3O4 + 4H2
Zn + H2O → ZnO + H2
Қышқылдармен:
Металдардың белсенділік қатарындағы сутегіне дейін орналасқан металдар реакцияға түседі:
Fe + 2HCl → FeCl2 + H2
2Al + 3H2SO4 (сұй) → Al2(SO4)3 + 3H2
Сілтілермен:
Тек амфотерлі металдар әрекеттеседі:
2Al + 2KOH + 6H2O → 2K[Al(OH)4] + 3H2 ↑
Тұздармен:
Белсенді металдар белсенділігі төмен металдарды ығыстырады:
3Na + AlCl3 → 3NaCl + Al
Бейнероликті 17 минутіне дейін қараңыз(яғни, металдардың химиялық қасиеттеріне дейін)


Келесі тапсырмаларды орындаңыздар
1.Металл кристалдарында болатын байланыс түрі:
a)иондық
b)металдық
c)ковалентті полярсыз
d)ковалентті полярлы
2.Металдардың жылу өткізгіштігі неге байланысты болады?
Дұрыс жауап саны: 2
a)Жылжымалы электрондар арқылы металдың қалған бөлігіне жылу беруіне
b)Иондардың электрондармен тербелісіне
c)Атом – ион қабаттарының бір-біріне қатысты кристалдардағы сырғанауына
d)Жарық сәулелерінің шағылысуына
e)Кристалл торларында жылжымалы электрондардың болуына
3.Дұрыс тұжырымды көрсет.

a)тек 1 дұрыс
b)екі тұжырым да дұрыс
c)екі тұжырым да қате
4.Қалыпты жағдайда оттегімен оңай әрекеттеседі:
Дұрыс жауап саны: 3
a)Na b)Au c)Li d)Ca e)Fe f)Zn
5.Сумен әрекеттесіп, гидроксидтер (сілтілер) түзетін металдарды көрсет.
Дұрыс жауап саны: 3
a)Ca b)Li c)Hg d)Fe e)K f)Zn
6.Металдың қасиеттері мен оның факторы арасындағы сәйкестікті орнат.
a)электрөткізгіштік 1.кристалдағы атом-ион қабаттарының сырғанауы
b)жылуөткізгіштік 2.жарық сәулелерінің шағылысы
c)металдық жылтыры 3.кристалдық тор түйіндерінде оң иондардың болуы
d)иілгіштік 4.кристалдық торда жылжымалы электрондардың болуы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет