Дарвиннен кейінгі кезең биология ғылымының дамуын карқынды деп сипаттауға болады. Бұл кезеңдерде эволюциялық морфология, физиология, палеонтология, генетика, экология сияқты биология салалары қалыптасты. Эволюция ілімі қазіргі ғылыми көзқарастың қалыптасуына, жалпы мәдениеттің дамуына түбегейлі әсер етті. Эволюция процесін жан-жақты дәлелдеу үшін оның генетикалық және экологиялық негіздерін, оның жалпы заңдылықтарын тереңнен зерттеу жолымен эволюциялық биология толықтырылған ғылым болып қалыптасты.

Эволюциялық биологияның дамуын 4 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең (1859-1900 жылдар) бұл кезде Дарвиннің басты еңбектері көптеген тілдерге аударылып жалпы баршалық қабылданған ілімге айналды. Англияда дарвинизмнің жақтаушы күрескері Гексли болды. Ол эволюцияның біртіндеп жузеге асатынының жақтаушысы болды. Гексли "Адамның табиғаттағы орыны" деген лекциясында адамдардың жоғарғы сатыдағы маймылдармен туыстығының эмбриологиялық, морфологиялық, палеонтологиялық дәлелдерін келтірді. Көрнекті ағылшын ботаниктері Гукер мен Уотсон өздерінің флористік зерттеулерінде дарвинизмнің негізгі қағидаларын қолданды.