1 Тақырыбы: Балабақша және мектеп. Мақсаты



бет1/11
Дата20.06.2018
өлшемі203,67 Kb.
#43859
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қоршаған дүниемен таныстыру

1

Тақырыбы: Балабақша және мектеп.

Мақсаты:

  1. Балаларға балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме екендігін түсіндіру және балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің жұмыстарымен таныстыру.

  2. Сурет бойынша әңгімелеу арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.




Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалар

дың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді. Балабақша туралы білетін өлең, тақпақтарын айтқызады.

Сұрақтарға жауап береді. Мысалы, «Мынау - балабақша», «Аспаз ас дайындайды».

  1. Мектеп ауласында өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын ажыратып айту арқылы табиғатты сүюге баулу.

Сөздік жұмыс: меңгеруші, әдіскер, дәрігер, тәрбиеші, аспаз.

Балаларды балабақшаның мекенжайымен таныстырып, ондағы бөлмелерді аралатады. Әр бөлменің (спортзал, ән залы, асхана, дәрігер, кір жуатын орын, т.б.) қалай аталуы жөнінде түсінік беріледі. Балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің (меңгеруші, әдіскер, тәрбиеші, мейір бике, аспаз, кір жуушы, күтушінің) жұмыстары туралы әңгімелеу.



Ғ. Өкеевтің «Балабақша үйіміз»

өлеңін оқып беру. Балаларды балабақша ауласымен және балабақша айналасында орналасқан ғимараттар, мысалы, аурухана, дәріхана, дүкен, кітапхана, кинотеатрлармен таныстыру. «Мектеп» (авторы - М. Мақатаев), «Балабақша үйіміз» өлеңдерін (авторы - Ғ.Өкеев) дауыстап оқиды. Мазмұндарын түсіндіреді. Мектеп, мектепке адам не үшін баратыны, мұғалімнің кызметі туралы мағлұмат беріледі.

Әліппе-дәптермен жұмыс. Мектеп пен балабақша туралы әңгімелейді. Екі мекемені салыстырады. Қызметкерлерімен таныстырады.

Балалар тыңдайды.

Өз балабақшалары туралы әңгімелейді.

Сурет бойыншаәңгіме құрастырады.

Балабақша мен мектепте кімдер жұмыс

Қорытындылау: Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.

Өзін-өзі бағалау: Балабақшада кімдер жұмыс істейді? Олардың жұмыстары туралы әңгімеле.

Балабақша бөлмелері қалай аталады?

Аулада тазалықты сақтау үшін не істеу керек?

Гүлзарларда өсіп тұрған өсімдіктерге қандай қамқорлық жасау керек?

Балабақша айналасында қандай ғимараттар бар?

Күтілетін нәтиже: балабақша және оның ауласы туралы түсінік қалыптастыру.

Білуі тиіс: балабақшада жұмыс істейтін адамдардың еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсетуі тиіс.

Түсінігі: балабақша және мектеп тәрбие мен білім беретін мекеме екендігін тұсіну.

Көрсете білуі: сұрақтарға жауап беру, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу.
2 -сабақ

Қоршаған дүниемен таныстыру

Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат.

Мақсаты:1.Жанды табиғат,оның тіршілік ортасы және жансыз

табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру.


      1. Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

      2. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: табиғат, жасыл әлем, тау, тас, су, тұман, кұм, жаңбыр, жел.




Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Ынталандыру. Сезімді ояту.

Шаттық шеңберіне тұрғызып, бір- біріне тілектер айтқызу.

Балалар бір-біріне күлімдеп қарап, жұмсақ ойыншық жүректі ұсынып жақсы тілектер білдіреді.




ізденістер.

Ұйымдастыру

1. Педагогтің әңгімесі: - Біздер балалар қызықты да, қыр - сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз. Айналаға қарасаң, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз, олар: неше түрлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ, жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Оларға жер мен су, ағаштар мен жануарлар, күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз.

Балалар жансыз және жанды табиғатты суреттен атап көрсетіп, ол жөнінде түсінгендерін айтады.

Балалар үлестірмелі суреттермен жұмыс жасайды.









Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да, киім де қажет емес, олар - тау-тас, ауа, ғаламшар, яғни жансыз табиғат. Ал енді бір бөлігі тыныс алады, өседі, коректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды табиғат қатарына жатады. Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануар жатады.

Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көріністерінің суреттерін көрсету арқылы балаларға жансыз және жанды табиғат арасындағы байланыс түсіндіріледі. Е.Өтетілеуұлының «Бар ма, жоқ па?» деген өлеңін оқып беру. Табиғаттағы құбылыстарды күнтізбе арқылы белгілеу: жаңбырдың, кардың жауып тұрғанын, желдің соғып тұрғанын табиғат күнтізбесіндегі шартты белгілермен көрсетіп, түсіндіру.Сергіту сәтін өткізу.

Көлдің беті кілегей,

Жер сап-сары бірегей. Тырау-тырау тырналар Түстікке бетті бұрды олар.

Қара суық жел есті, Күннің көзі көмескі.Әліппе-дәптермен жұмыс. Жансыз және жанды табиғаттың айырмашылығын айту. Суреттегі жасырынған жануарларды тауып, бояп, аттарын атау.


Өлең жолдарын пайдаланып, сергіту жаттығуын орындайды.

Әліппе-дәптердегі

тапсырманы

орындайды.



Қорытындылау.Өзін-өзі бағалау

Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Жансыз табиғатқа нелер жатады?

  2. Жанды табиғатқа нелер жатады?

  3. Олардың айырмашылығы неде?

Балалар сұрақтарға толық жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Жауаптарының дұрыстығын дәлелдейді.

Күтілетін нәтиже: жансыз және жанды табиғаттың байланысын ұғындыру.

Білуі тиіс: жансыз және жанды табиғатқа нелер жататынын білу.

Түсінігі: ауа температурасының ауытқуына байланысты табиғат құбылыстарының өзгеруін түсіну.

Көрсете білуі: жансыз табиғат пен жанды табиғатты бір-бірінен ажыратып көрсету.

Тақырыбы: «Отбасы»

Мақсаты:

        1. Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу.

        2. Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым - қатынас жасауға үйрету.

        3. Ұйымшылдыққа және үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: әке, ана, ата, әже, аға, іні, әпке, сіңлі.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Е. Өтетілеуұлының «Біздің

Өлең сөздерін бірге

Сезімді

шаңырақ» өлеңін оқу.

қайталайды. Отбасы

Ояту




мүшелерін атайды.




Атамнан басталар,







Әжемнен қосталар







Отбасым мыналар:







Ен жақын адамдар -







Әкем және анам бар,







Бір туған анам бар,







Бір туған апам бар.







Бәрін жақсы көремін,







Еркелеймін, еремін.




          1. Балаларға ата-анасын, ересектерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіреді.

          2. Е. Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңі оқылады. «Отбасы дегеніміз - әкесі, анасы, олардың балалары мен ата, әжесі» деген бала ұғымына сай анықтамаға түсінік береді. Отбасы мүшелерін бір-біріне деген сыйластық, бауырмалдық біріктіретіндігін, олардың бір үйде тұратындығы, бірге ұй шаруасымен айналысатындығын, бос уақыттарын бірге өткізетіндігін әңгімелейді. Сондай-ақ отбасындағы мерекелер мен сақталатын дәстүрлер, отбасындағы ересектердің мамандықтары туралы айтылады.

          3. Сергіту сәтін өткізу.

Орнымыздан тұрайық

Қарлығаш болып ұшайық.

Бір отырып, бір тұрып

Жақсы сергіп қалайық.



          1. Суретпен жұмыс.

          2. Тапсырмалар: 1. Өзің туралы айтып бер. 2. Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата.

3. Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті туралы әңгіме құрастыру.

Балалар тыңдайды. Өз отбасындағы сыйластық туралы әңгімелейді.

Тәрбиешінің айтқандарын тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Өлең мазмұнына қарай қимыл - қозғалыс жаттығуын жасайды.

Өлең мазмұнына қарай сұрақтарға жауап береді.

Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді.

Дидактикалық ойынды

ынтамен ойнайды.



          1. «Бізде былай, ал сіздерде ше?» дидактикалық ойыны

Қорытындылау._Өзін-өзі_бағалау'> Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар:



            1. Өз отбасыңда кімдермен тұрасың?

            2. Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады?

            3. Әкең мен анаң саған риза болып қуану үшін не істеуің керек?

Балалар отбасындағы өздері атқаратын іс-әрекеттерін әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже: отбасы мүшелеріне кімдер кіретінін білу.

Білуі тиіс: отбасы мүшелерін: ата - әжесі, ата-анасын, бауырларын құрметтеу керектігін, есейгеннен кейін ата-анасына қамқорлық жасап, көмек көрсету өзінің парызы екенін білу.

Түсінігі: бірлескен еңбек іс-әрекеті ата-ана мен балаларды

жақындастыратынын түсіну.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгіме құрастыра алады.
4-сабақ

Экология негіздері.

Тақырыбы: Экологиялық белгілер.

Мақсаты: 1. Туған өлкенің табиғатын бағалай білу туралы халық болжамдары жөнінде түсінік беру.

              1. Экологиялық белгілермен таныстыру, оларды естеріне сақтату.

              2. Табиғатты қорғауға баулу.

Сөздік жұмыс: жас өндір, қайнар көзі, т.б.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіңдер ме, балалар?.



Өлең жолдарын

қайталап,

сәлемдеседі.


Ізденістер. Ұйымдастыру

  1. Балалармен бірге балабақша ауласына мақсатты серуен ұйымдастыру.

  2. Табиғатқа байланысты халық болжамдарын оқып беріп, ұш дауыста қайталату тәсілін қолданып жаттату.

Серуенге шығады. Халық

болжамдарын қайталап айту арқылы есте сақтау қабілетін дамытады.






3. Жылдың әрбір мезгіліне сәйкес,табиғат құбылыстарындағы

өзгерістерді байкау арқылы өміргекелген халықтық болжамдар туралытүсінік беру.



Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлыболады.

Қыс аязды болса, жаз ыстық болады.

Тұман түссе, күн жылынады.

Аспанда жұлдыз көп болса, күн

суытады.

Жаз жауынды, күз жылы болса,

қыс ұзақ болады.

Қайыңнан аққан шырын көп болса,

жаз жаңбырлы болады.

Түтін аспанға тік көтерілсе, аяз

болады.

4. Сергіту жаттығуын өткізу.

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

5. Әліппе-дәптермен жұмыс:

1. Экологиялық белгілермен

таныстыру.

2. Сурет бойынша балалардың

әрекеттеріне пікірлерін білдірту.

3. Тыйым сөздерді оқып, мағынасын

түсіндіру.

4. Суретшінің қатесін тапқызу.



Қыс мезгілініңкарлы болуынбақылату.
Халықболжамыныңмағынасынтүсіндіру.
Өлең мазмұнынасәйкес қимылдаржасайды.
Суреткеқарап әңгімеқұрастырады.
Табиғатқұбылыстарынбақылап көреді.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау

«Халық айтса, қалт айтпайды» деген

мақалды қайталату, мағынасын

түсіндіру.


Халық

болжамдарын

қайталап,

мағынасын

түсінеді.




Күтілетін нәтиже: халық болжамдарын қайталату арқылы табиғаттың ғажайып сырын түсіне білу, сөздік қорларын дамыту.

Білуі тиіс: туған өлкенің табиғатын қорғау туралы халық болжамдарын білу.

Түсінігі: табиғи құбылыстардың бір-біріне әсерін, байланысын түсіну.

Көрсете білуі: халық болжамдарын өз тәжірибелерінде бақылау жасау арқылы көз жеткізу.

5-сабақ

Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер.

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру.Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.



Сөздік жұмыс: Мемлекеттік рәміздер, герб, гимн, ту.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Сәлем саған Жер-ана! Сәлем саған нұрлы күн! Аман-есен болайық, Бейбітшілікті қалайық.

Бәрі бірге қайталап амандасады.

Ізденістер. Ұйымдастыру

Қазақстанның рәміздері туралы әңгіме жүргізу:

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көгілдір түсі ашық бейбіт аспанды және халықтардың бірлігін бейнелейді. Ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілік пен байлықты бейнелесе, ал аспанда қалықтаған қыран құс ерлікті бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербіндегі көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан. Шаңырақ пен уықтар республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді. Әр мемлекеттің гимні болады, ол салтанатты жағдайларда орындалады.

Отан туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.



Балалар

түсінгендерін

қайталайды.

Балалар суреттен рәміздерді көрсетеді.






Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

3. Дәптермен жұмыс

Мемлекеттік рәміздердің мән - мағынасын әңгімелеп беру.

Б. Үсенбаев «Менің туым» және С. Қалиұлының «Елтаңбасы елімнің» деген өлеңдері оқылып, мағынасы ашылады.

Елордамыз - Астана қаласы жайлы әңгімелеу.



Әліппе- дәптердегі тапсырманы орындайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар мен тапсырма:

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы елбасының аты-жөнін ата.

Гимн қандай жағдайларда орындалады?

Мемлекеттік гербті қайдан көруге болады?

Біздің еліміздің туының түсі қандай?


Сұрақтарға жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет