1 Тақырыбы: Балабақша және мектеп. Мақсаты



бет7/11
Дата20.06.2018
өлшемі203,67 Kb.
#43859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Күтілетін нәтиже: киіз үйдің жабдықтарын білу.

Білуі тиіс: киіз үй жабдықтарының қалай аталатынын білу.

Түсінігі: киіз үйдің қазақ халқының тұрмысындағы пайдасын білу.

Көрсете білуі: киіз үй жабдықтарын тұрмыста пайдалана білу.

22-оқу іс-әрекеті

Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Көрікті көктем.

Мақсаты:



                  1. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы мағлұмат беру.

                  2. Үлкендер еңбегін бақылау арқылы бағалай білу, бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.

                  3. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білугетәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ұя, жер, егін, гүлзарлар.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Балаларды дөңгелендіре тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын оқиды:

Жаңбыр, жаңбыр жауасың, Жанымызға дауасың. Біз ойнайтын ауланың Тазартасың ауасын.

Балалар педагогпен бірге өлеңді қайталайды.

Ізденістер. Ұйымдастыру

1. Педагог көктем мезгіліндегі маусымдық құбылыстар, жануарлардың өміріндегі өзгерістер, өсімдіктердің өсуі туралы түсіндіреді. Түсіндіру барысында көрнекіліктерді пайдаланады.

  • Көктем мезгілінің айларын атаңдар.

  • Көктемнің алғашқы айы - наурыз. Бұл айда күн жылынып, қар еріп, жылғалардан су ағады. Сай-сала суға толады.

Сәуір айында жер беті көгеріп, ағаштар бүршік атып, айнала құлпырып кетеді. Жаңбыр жиі жауады. Мамыр айында дала жасыл желек жамылады. Мамыр айын «Ән айы» деп атайды. Өйткені құстар балапан басады, тоғай, гүлзарлардың ішінде, көл жағасында құстардың сайраған дауыстарын естисің.

Сондықтан көктем - жылдың ең тамаша мезгілі.

Жер жыртады, егін, бау-бақша салады. Гүлзарларды гүл егуге дайындау, ағаштардың түптерін қопсыту, кұстарға ұя жасау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Ең алғаш дәнмен коректенетін құстар ұшып келеді. Мысалы, ұзақ, шұбар шымшық,таңшымшық, қараторғай сияқты құстар. Ал жәндіктермен коректенетін кұстар - қарлығаш, ұзын қанат қарлығаш, көкек , бұлбұл сияқты құстар сәуірдің аяғы, мамыр айларында ұшып келеді.

Балалар тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Өздері білетін

тақпақтарын

қайталайды.


51



  1. Сергіту сәтін өткізу.

Қанат жаям жалма-жан, Талпынғандай ұшуға. Иіліп келіп қол созам Аяғымның ұшына.

  1. Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізу: а) Б. Қозыкеевтің «Көктем» өлеңін дауыстап оқиды.

  2. «Бүл қай кезде болады?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді көрсетеді, сол бойынша әңгіме өткізеді.

Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.

Сурет бойыншажыл мезгілдерінанықтайды.

Өлеңнің мазмұнына

қарай көктемдеболатын

өзгерістердіәңгімелейді.

Қорытынды

лау. Өзін-өзі бағалау

Тапсырмалар:

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата. Көктем айларын ата.Сабақта алған білімдері Сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

Балалар белсенділікпен жауап береді.

Күтілетін нәтиже: көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары
туралы түсінігі болуы.

Білуі тиіс: көктем мезгілінің ерекшеліктерін білу.


Түсінігі: адамдардың көктемгі пайдалы іс-әрекеттерін білу.
Көрсете білуі: суретті ретімен орналастыру.

23-оқу іс-әрекеті

Қоршаған дүниемен таныстыру.
Тақырыбы: Ана - біздің гүліміз.

Мақсаты: 1. Отбасындағы ананың рөлі туралы түсінік беру.



                    1. Балалардың өздеріне аналары жайлы әңгімелету арқылы отба-
                      сы мүшелерінің арасындағы сыйластық туралы түсіндіру.


                    2. Ананы қадірлеуге тәрбиелеу.
                      Сөздік жұмыс: құттықтау, тілек.

Іс-әрекет

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

бөлімдері




іс-әрекеті

Ынталандыру.

Балаларды шаттық шеңберіне

Әр бала анасы

Сезімді ояту

тұрғызып, аналары туралы жылы

туралы қысқаша




сөздер айтқызады.

айтады.







Мысалы:







Менің анам Күн







сияқты жып-жылы.







Менің анам - ең







әдемі адам.

Ізденістер.

1. Ана туралы ән тыңдату. Әннің

Әннің мазмұны

Ұйымдастыру

кімге арналғаны туралы сұралады.

туралы әңгімелейді.




2. Педагогтің түсіндіруі:







- Кез келген адамның әдептілігі







мен жан дүниенің сұлулығы, ең







алдымен балаға ақ сүтін беріп,

Мұқият тыңдайды.




әлпештеп өсірген ана жүрегінің







жылуынан басталады. Бала







бойындағы ең жақсы қасиеттер







бізге алдымен анадан тарайды.







Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы







алақаны, жан жылуымен аялауы







бізді әлдилеп жұбатады.







Өз баласын бағып қағуда, ол ана







өзін-өзі ұмытып барлық күш







жігерін сарқа жұмсайды, бұдан







оның жаны байи, нәрлене түседі.







Ананы барынша құрметтеп,







сыйлау - әрбір баланың парызы.







3. Ана туралы мақал-мәтелдің

Мақалдың




мағынасын ашу.

мағынасын қалай







түсінгенін айтады.




Ананың сүті - бал, баланың







тілі - бал.

Сөздердің мағынасын







қалай түсінгендерін




4. Дәптердегі ана туралы өлең

айтады, тыңдайды.




оқылады. Өлең мәтініндегі

Аналарына арнап




кейбір сөздерге сөздік жұмысын

сурет салады. Бір




жүргізеді.

бала гүлдің суретін,







бір бала анасының




5. Дәптерге аналарына арнатып

суретін салуы




құттықтау хат дайындатады.

мүмкін. Оқып-жаза




Құттықтау хатқа не салу

алатын балалар




керектігіне кеңес береді.

тілектерін жазады.


Қорытындылау.

1. Анашы.м, жүрегім, гүлім,

1. Сөйлемдер

Өзін-өзі бағалау

бақытым сөздерін қатыстырып,

құрастырады:




сөйлемдер құрастырту.

Анашым - ақ




2. Пікір алмастыру.

гүлім. Анам менің -







кеудемдегі жүрегім.







Анашым - бақытым.







2. Ана туралы







пікірлерін ортаға







салады.

Күтілетін нәтиже: ананың аялы алақанын, жан жылуын сезіне
білуі.

Білуі тиіс: Халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінігі болуы.

Түсінігі: отбасындағы ананың рөлі туралы білу.

Көрсете білуі: Ойын жеткізіп айту.



24-оқу іс-әрекеті

Экология негіздері.

Тақырыбы: Көктемгі еңбек.

Мақсаты: 1. Үлкендердің еңбектері туралы балалардың түсініктерін әрі қарай дамыту.



  1. Ауылшаруашылық өнімдерінің түрлері, оларды өндіретін адамдардың еңбектері жайлы мағлұматтар беру.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: егінші, малшы, диқан, шопан, жылқышы және т.б.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту.

Шеңбер бойы дөңгелене тұрып, бір-бірінің алақандарын алып, жақсылық, ізгі тілектер айтқыздырады.

Бір-біріне тілектер жолдайды.

Ізденістер. Ұйымдастыру

1. Педагогтің түсіндіруі: - Адам баласы еңбек арқылы дамып жетіледі. Еңбек ету арқылы көптеген белестерді бағындыра алады. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбектің көптеген түрі бар, соның бірі - көктемгі еңбек. (Балаларды ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің суреттерімен таныстыру).

Суреттерді зер сала қарап көреді, түсінеді.




Бағыттаушы Сұрақтар қою :

  1. Суретте не бейнеленген?

  2. Адамдар немен айналысып жүр?

  3. Олар машинаның қай түрімен жұмыс жасап жатыр?

  4. Не жинап жүр? т.б.

Сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады.




Әртүрлі іс-әрекеттегі адамдардың әрқайсысының өздерінің мамандықтары бар екенін айтып түсіндіру.

Мысалы: егінші, диқан, шопан, жылқышы, т.б.

Еңбекшілердің жұмыстарымен танысады.




Ауылшаруашылық өнімдерімен тек қана ауыл емес қаланы да қамтамасыз ететінін айтып өту. Мысалы: ет, сүт, астық, жеміс-жидектер, көкөністер, т.б. Табиғатты қорғау бағытындағы еңбек түрлеріне, ауланы тазалау, арықты аршу, ағаш түптерін әктеу және т.б. айта аламыз.

Күнделікті азықтардың қайдан келетінін ұғады.




2. Сергіту жаттығуын өткізу.

Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.

Өлең жолдарын айтып, қимыл қозғалысын жасайды.


55



Тапсырма:

Енбек туралы мақалды қайталау. Дала, бақша, бөлме гүлдерін атау. Суретте берілген гүлдерді атап, олардың қай жерде өсетінін айту.

Әліппе-дәптермен жұмыс жасайды. Тапсырмаларды дұрыс орындауға әрекет жасайды

Қорытындылау

Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің қызметінің қажеттілігін, ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің қала жұртшылығын нанмен,көкөністермен, жеміс-жндектермен қамтамасыз ететінін ұғындыру. Көктемгі еңбек түрлері жөнінде түсінік калыптастыру.

«Еңбек түбі - зейнет» деген мақалдың мағынасын түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет