РЕФЕРАТ
1.Тақырыбы:
Медициналық этика және деонтология ұғымы
Қамтылатын тақырыптар:
Этика – Медециналық этика
Деонтология - Медетциналық деонтология
2. Этика
Этика – адамның іс-әрекеті сферасында өте жиі қолданылатын түсінік. Сондықтан этиканы философияның бір бөлігі ретінде бөліп алу қажет, яғни, философиялық ғылымды- және этиканы оның қосымша түсінігі ретінде. Этика ғылым ретінде (грекше ēthiká от ếthos – дәстүр, мінеқұлық) моральді оқытады. Зерттеу аймағы мағынасын білдіргендіктен бұл терминді алғаш рет Аристотель қолданды. Этика адам қоғамы дамуының әр түрлі этаптарында моральді принцптердің, бағалылықтың түзілу заңдылығын қарастырады.
3. Медициналық этика
Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасына, тән және жан тазалығын қарастырады.Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім).
4. Деонтология- термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.
Этиканың маңызы тәжірибелік қызметтегі, ғы-лыми жұмыстардағы адамдар арасындағы қатынас-тың нормаларын суреттеуде қолданылады. «Кәсіп-тік этика» түсінігі кең қолданылады. Сондықтан мамандық көзқарасына дәстүрлер, идеялар, тәжі-рибелер жиынтығы болады. Дәрігерлік және мей-ірбикелік этика туралы түсінік, ғылыми медици-налық зерттеулер туралы этика планетамыздағы медициналық қызметтің барлық тарихына кіретін принцптерді құрайды. Бұл жерде медицина қыз-меткерлерінің кәсіптік міндеті, кәсіптік компетент-тілік, Деонтология сияқты категорияларға көп орын бөлінеді.
5. Қазіргі кезде медициналық этиканың принцптері биомедициналық этика түсінігінде тұрақталған. Ол медицина қызметкерлерінің жеке тұлғасының әлеуметтік функциясын қорғайды. Қазіргі таңда «биомедициналық этика» үш түрде немесе модельде беріледі:
1. Гиппократ модельі. Бұл модельдің негізгі принцпі – «зиян келтірме». Дәрігер пациенттің әлеуметтік сенімін жеңеді. Медицина атас Гиппократпен тұрақтанған дәрігерлік принцпі (460-377жж.), қазіргі таңда белгілі «Антта» көрсетілген.
2. Парацельс модельлі (1493-1541 жж.) – «Қайырымдылық жасау», орта ғасырларда пайда болған. Оның негізгі мағынасы емдеудің барлық процессін құрайтын дәрігердің пациентпен
контактісі болып табылады.
3. Деонтологилық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 ж құрылған. (авторы Петров). Негізгі принцпі «міндетті орындау».
4. Биоэтика – дәстүрлі медицинаның заманауи түрі, негізгі принцпі «адамның құқығын және мәртебесін сыйлау».
6. Дәрігерлік деонтология
Медициналық деонтология медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды. Бұған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын алу мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады. «Дәрігер шеберлігі» ұғымын техникалық тәсілдер қауызына қамап қоюға болмайды. Бұл – дәрігердін бойына біткен «клиникалық ойлау жүйесі» деп аталатын, интеллектуальді жұмыс түрінде көрінетін творчестволық үрдіс.
ЖШС «АТАМЕКЕН» медицина орталығы
НҰРТАС бөлімі
РЕФЕРАТ
Медициналық этика және деонтология ұғымы
Қабылдаған: Джамалбекова Г.А
Орындаған: Кадырова Ж
Күні: 18.01.2023
Достарыңызбен бөлісу: |