1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысу негіздері мен формалары



бет15/17
Дата08.11.2022
өлшемі154 Kb.
#156942
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Азаматтык проц 1 рубежка

Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысу негіздері мен формалары.
Заң бойынша прокурордың азаматтық іс жүргізуге 2 формасы қарастырылған :
1) Прокурордың сотқа талап қою арқылы қатысуы.
ҚР АІЖК – нің 55-бабы 3 бөлігіне сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы , егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады
Прокурордың талаптары- заң бұзушылыққа қарсы күрестің тиімді де маңызды құралдарының бірі.
2) Іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
Прокурор өзіне жүктелген міндетттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын , бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатыса алады.
Азаматтық іс жүргізуге өзге тұлғалардың, қоғамдық немесе мемлекеттік мүддені қорғап қатысатын мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жеке азаматтардың қатысу мақсаттары мен негіздері. ҚР АІЖК –сі бойынша мемлекеттік органдар және жергілікті өзін өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар сотқа өздерінің еме,с басқа тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін қатысады. Аталған органдар мен тұлғалардың процеске қатысу мақсаты келесіде:

  • басқа тұлғалардың ( азаматтар мен ұйымдардың ) субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін;

  • қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін,

Заңмен көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін өз бстамашылығы бойынша, іске қатысушы тұлғалардың бастамашылығы бойынша, сондай- ақ соттың бастамышылығы бойынша процеске қатыса алады.
Азаматтық процеске қатысушы мемлекетттік органдар мен жергілікті өзін -өзі басқару органдары:

  • білім департаменті;

  • денсаулық сақтау департаменті;

  • тұрғын үй- коммуналдық орган;

  • қаржы органы;

  • қорғаншылық және қамқоршылық орган және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет