Даудың пәніне дербес талап қоятын үшінші тұлғалар. Даудын пәніне дербес талап қоятын үшінші тұлғалар- бұл талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Іс бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті ұйғарым шығаруымен белгіленеді.
Үшінші тұлғаның талап қоюшыдан бір ғана айырмашылығы бар- бұл процеске кіру кезеңі.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар сипаттамасы:
процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық міндеттерін атқарады;
үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен толық көлемде немесе жарым – жартылай толық сәйкес келу керек, сондықтан талап қоюшының талап қоюшының талабын қанағаттандырса әлбетте, үшінші тұлғаның талап арызын қабылдаудан бас тартады.
іске қатысу ықылас көбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады.
Даудың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар. Даудың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар- бұл бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар.( ҚР АІЖК 53 б.)
Олардың сипаттамасы:
егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы сотттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады;
олар сондай ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін;
дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту , сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойынына алады (ҚР АІЖК 47б)
Даудың пәніне дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске келесі жағдайларда кірісе алады:
өз бастамасы бойынша;
тараптардың өтініші бойынша ;
іске қатысушыбасқа тұлғалардың ( прокурордың, мемлекетттік және өзін -өзі басқару органдардың) өтініші бойынша.
соттың бастамасы бойынша;
Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданға дейін кірісе алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді