Соттағы өкілдің өкілеттігі. Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немесе ережелерден туындайды.
Сотта өкілдің өкілдік ету құқығын куәландыратын құжаттар:
заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын куәліктер;
АХАЖ органдарының куәліктері немесе қамқоршылық және қорғаншылық органдарының куәліктері;
клиент пен адвокат арасындағы жасалған келісім -шарт , ордер, сенімхат;
Өкілдің өкілеттіктері (ҚР АІЖК-нің 61-бабы) : сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, таап арызға қол қояды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды , бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамдарға беруді , соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысына шағым беруді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.
Осы аталған іс- әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |