Процессуалдық іске ортақ қатысу. Процессуалдық іске ортақ қатысу – бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар жағынан бір – біріне мүдделі қайшы келмейтін бірнеше тұлғалардың қатысуы.
ҚР АІЖК-нің 50 – бабында: « Талапты бірнеше талап қоюшының бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкекердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады.» делінген.
Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда олар тең талап қоюшылар деп аталады.
Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер деп аталады.
Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:
1- процессуалдық - құқықтық мағынада;
2- материалдық – құқықтық мағынада.
Іске ортақ қатысуды екі түргебөледі: факультативті, яғни іс жүргізуге іске ортақ қатысушылардың барлығы қатыспай-ақ, біреуінің қатысуымен қарауға болады. Мысалы, жалақы өтеп алу туралы істер бойынша.
Міндетті – іс жүргізуге іске ортақ қатысушылардың барлығы қатысуы міндетті болатын жағдайларда. Мысалы, денсаулыққа келтірілген зиянды, материалдық зиянды өтеу туралы, моральдық зиянды өтеу туралы істер бойынша;
Тиісті емес жауапкердің түсінігі және оны ауыстыру.Тиісті емес тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің нағыз қатысушы емес, яғни даулы құқық қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша жоққа шығарылған талап.
Тиісті емес тарап – азаматтық іс жүргізуде құқық қабілеттілігі бар тұлға..
Тиісті емес жауапкер тиістімен мына жағдайда ауыстырылады:
1) сотпен - өз ықыласы бойынша (ҚР АІЖК 170- бабының 3-бөлімі)
2) талап қоюшының өтініші бойынша (ҚР АІЖК 51- бабының 1-бөлімі.)
Барлық жағдайда диспозитивтік принципке сәйкес тиісті емес жауапкерді тиістімен орын ауыстыруда талап қоюшының келісімі керек ( ҚР АІЖК-нің 51-бабының 2-бөлімі. Тиісті емес тарапты тиістімен орын ауыстырған жағдайда сот ұйғарым шығарады.