1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Азаматтық сот өндірісінің қызметтік қағидалары



бет7/17
Дата08.11.2022
өлшемі154 Kb.
#156942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Азаматтык проц 1 рубежка

Азаматтық сот өндірісінің қызметтік қағидалары. Заңдылық. Бұл қағида кез келген құқық саласы үшін міндетті.
Қағиданың мазмұны АІЖК-нің 6-бабында қарастырылағн:
1) сот азаматтық істі қарау кезінде Конституция мен заңдарды нақты сақтауы тиіс;
2) сот азаматтық істі шешу кезінде мемлекеттік органның актісінің заңдарға қайшы келетіндігін анықтаса, онда заңды күші жоғ,ары нормативтік актіні қолданады.
Сонымен заңдылық материалдық және процессуалдық құқық нормаларын дұрыс қолдану дегенді білдіреді.
Мәнісі ең алдымен азаматтық істер бойынша соттармен қабылданатын соттық актілердің заңдылығын, сот пен іске қатысушылар процессуалдық әрекеттерді процессуалдық формаға байланысты жүзеге асыруы тиіс дегенді білдіреді.
Диспозитивтілік. Бұл қағида азаматтық іс жүргізудің қозғалу механизмін білдіреді, оның пайда болуы, дамуы, тоқтатылуы. Мәнісі материалдық мүдделі тұлғалардың белсенділігіне байланысты болады, олар өз құқықтарына билік ете алады, соның нәтижесінде процессуалдық қатынастардың дамуына әсер етеді. Сөйтіп, диспозитивтілік қағидасы бойынша процесстң жүрісі және тоқтатылуы даулы материалдық құқыққатынастарының субъектілерінің еркіне байланысты болады.
Сайысушылық. АІЖК-нің 15-бабында бекітілген. Дауласу нәтижесінде шындық туындайды демекші, азаматтық іс жүргізуде істі қарау мен шешу дауласушы тараптардың сайысуы арқылы жүргізілуі тиіс. ол үшін екі негіз болуы қажет:
1) дауласушы тараптардың қарама-қайшы материалдық-құқықтық мүдделері болуы тиіс;
2) тараптар тең құқылы болуы қажет.
Әрбір тарап істі жеңуге, соттың талабын қанағаттандыруға немесе талапты қанағаттандырмай тастауына тырысады, сондықтан да өз талабын дәлелдеуге, негіздеуге міндетті.
Тараптардың процессуалдық тең құқылы болуы. Бұл қағида материалдық құқыққатынастары субъектілерінің тең құқылығына негізделген және тараптардың процессуалдық құқықтары мен міндеттерінің теңдігіне негізделеді (АІЖК-нің 15-бабының 1-бөлімі).тараптарға тең құқықтар мен міндеттер белгіленген соң ғана олар сайыса алады.
Сот талқысының ауызша және тікелей жүргізілуі. Сот талқысының ауызша жүргізілуі АІЖК-нің 177-бабының 2-бөлімінде бекітілген: «Істі талқылау ауызша жүргізіледі». Сотта түсінік беру, жарыссөзге қатысу, өтініш білдіру, кеңес беру, қорытынды беру т.б. ауызша жүргізіледі.
Ал осы бапта бектітлген ережелерге сәйкес сот істі қарау кезінде дәлелдемелерді тікелей қабылдап, зерттеуге міндетті: тараптардың, куәлардың түсініктерін тыңдауға, іс материалдарымен танысуға, дәлелдемелерді қарауға және т.б. процессуалдық әрекеттердің барлығы соттың тікелей араласауымен өткізіледі. Тек айрықша жағдайларда ғана бұл қағида орындалмауы мүмкін: дәлелдемені сот тапсырмасы немесе дәлелдемені қамтамасыз ету арқылы жинаумен байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет